Өркениет тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган)



Дата02.03.2023
өлшемі14,26 Kb.
#170833
Байланысты:
мәдениет
7 мамыр атты презентация, сауалнама, 175073 kaz 20231004

[28.02, 21:38] aksho1pvn: Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады. Әсіресе Мәдениет туралы түсініктің кең қолданылуы 19 ғасырында Мәдениет өрлеу дәуірінде тарихшылар мен этнографтардың еңбектерінде ерекше орын алды. Тіпті сол кезде «Мәдениет тарихы» деген пән де пайда болды.
[28.02, 21:38] aksho1pvn: Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді


[28.02, 21:38] aksho1pvn: Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
[28.02, 21:38] aksho1pvn: мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
[28.02, 21:38] aksho1pvn: Ағартушылық дәуірінде Өркениет әлеуметтік-мәдени дамуды сипаттау үшін қолданылды. 19 ғ-да Шпенглер мен Тойнби еңбектерінде бұл термин өзіндік ерекшелігі бар, жергілікті қауымдастық мағынасында, яғни “тарихи өркениеттер” (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман, Орта ғасыр, т.б.) ретінде қолданылды.
[28.02, 21:38] aksho1pvn: Өркениет (лат. Сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет