1. Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.[1]
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
2. Дәстүрлі қоғам – өз мазмұнында адамзат дамуының индустрияға дейінгі даму кезеңі туралы түсініктерінің жиынтығын құрайтын, дәстүрлі әлеуметтану мен мәдениеттануға тән ұғым. Дәстүрлі қоғам экономикасына натуральды шаруашылықтың үстемдігі тән болып есептеледі. Тауарлы қатынастар мүлдем болмайды немесе әлеуметтік элитаның аз бөлігінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі түрі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады. Ол негізінен эндогамдық касталарға бөлінуден көрінеді. Дегенмен халықтың басым бөлігі үшін әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі түрі жабық, оқшауланған қауым болып табылады. Соңғы жағдай ұжымдық әлеуметтік түсініктердің үстем болуын, тұлғаның жеке бостандығын, сондай-ақ оның құндылығын мойындамауға және дәстүрлі іс-әрекет нормаларын қатаң ұстануға бағытталады. Касталық бөліспен бірге бұл ерекшелік әлеуметтік мобильділік мүмкіндігін мүлдем болдырмайды. Саяси билік жеке топ (каста, рулық қауым, отбасы) шеңберінде монополиянады және көбіне авторитарлық сипатта болады. Дәстүрлі қоғамның негізгі белгісі жазудың болмауы немесе жеке топтардың артышылығы (шенеуліктер, абыздар) ретінде болуы. Көп жағдайда жазу халықтың басым бөлігінің сөйлейтін тілінен басқа тілде дамиды (латын – ортағасырлық Еуропада, араб тілі – Таяу Шығыста, қытай жазуы –Қиыр Шығыста). Сондықтан ұрпақаралық мәдениет тасымалы вербальды, фольклорлы түрде жүзеге асады, ал негізі әлеуметтену институты отбасы мен қауым болып табылады. Оның салдары бір этностың жергілікті және диалектілі әртүрліліктен көрінетін мәдениетінің тым көп нұсқалылығы. Дәстүрлі қоғамдарға қауымдық қоныстар, қанды-туыстық байланыстардың сақталуы, еңбектің негізінен қолөнер және аграрлы түрлері басым этникалық қауымдастықтар жатады. Осындай қоғамдардың пайда болуы адамзат дамуының ең ерте кезеңдеріне, алғашқы қауымдық мәдениетке жатады. Алғашқы қауымдық аңшылардан XVIII ғасыр соңындағы өнеркәсіп төңкерісіне дейінгі кез келген қоғамды дәстүрлі қоғам деп атауға болады. Дәстүрлі қоғам – дәстүрмен реттелетін қоғам. Бұл қоғамда дәстүрлерді сақтау дамудан қарағанда жоғары құндылық болып табылады. Қоғамдық құрылыс қатаң сословиелік иерархиямен (әсіресе Шығыс елдерінде) және тұрақты әлеуметтік құрылымдардың болуымен, дәстүрлерге, ғұраптарға негізделген қоғам өмірін реттеудің ерекше тәсілімен испатталады. Қоғамды ұйымдастырудың осы түрі өмірдің әлеуметтік-мәдени қағидаларын өзгеріссіз түрде сақтауға тырысады. Дәстүрлі қоғам – аграрлық қоғам.
3. ХІХ ғасырдың соңғы онжылдықтарымен ХХ ғаысрдың басы капиталистік даму жолындағы елдердің өндіргіш күштерінің жедел даму кезеңі болды. Өндіргіш күштердің өсуі үшін өндіріс құралдарын машиналарды жасап шығарудың көлемін ұлғайтудың зор маңызы бар еді.1870 жылдан бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа (1914ж) дейін машина жасау көлемі 5,5 есеге өсті.
Энергетика саласында ұлкен өзгеріс болды. Су құбырлары қазандары мен бу трубиналарын пайдалану көмірді тиімдіқолдануға мүмкіндік берді. Электр мен іштен жанатын двигательдер будыығыстырды. Қуатты су электр станциялары салына бастады.
Дамыған мемлекеттер — АҚШ, Германия, Англия, Франция т.б. экономикасында химия, электортехника, автомабиль және ұшақ жасау жедел өркендей бастады.
Өндіргіш күштердің дамуы көлік пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызды. Солтүстік Американы, Азия мен Африканы кесіп өтетін темір жолдар салынды.
ХІХ ғасырдың соңындағы бу флоты желкенді кемелерді ығыстырып шығарды. Әлемдік флот тоннажы ХІХ ғасырдың 70 жылдары 1 млн тоннадай болатын, ал 1913 жылы ол 33 млн тоннаға дейін жетті.
Байланыс құралдарының дамуы континенттер мен алыс аудандарды жақындатуға септігін тигізді. Бұған телефонның, дыбыс жазатын фонографтың, радио және киноның шығарылуы зор үлес қосты.
Сондай-ақ баспа ісінің жетілуінен кітаптар мен газеттердің таралымы көбейді.
Ғылымда көптеген жетістіктеге қол жеткізді. Ол материя құпияларын шешуге таяды. Сондай-ақ атомның бөлінгіштігі мен радиоактивтілік жөнінде жаңа білімдер пайда болды. Дәрігерлік жетістіктегежетті. Географиялық ашулар, Солтүстік және Оңтүстік полюстерге қадам басу адамдардың планета туралы білімдерінің кеңеюіне мүмкіндік берді.
Әбебиет пен өнер саласында да үлкен табыстарға қол жетті. Көптеген елдер мен халықтар арасында тығыз мәдени байланстар орнады.
Алайда ғылым мен техника жаңалықтарын әскери техника мен адамдарды қырып-жоюға арналған құралдарды (пулеметтер, алысқа ататын зеңбіректер, танкілер, сүңгуір қайықтар) дамыту мақсатына пайдалануы олардың жағымсыз жақтары болып табылды.
Капиталисік дамудың жаңа сатысы – қаржы капиталының үстемдік ету кезеңі. Жаңа өндіргіш күштер жоғары деңгейде дамуы өндірісті ұйымдастырудың жаңа кезеңіне көтерілуіне жағдай жасады. 1870 жылдың соңында жас капиталистік мемлекттер АҚШ пен Германияда, жаңа басқа мемлекеттерде капитал мен өндірісті шоғырландырған, бұрын еш жерде болып көрмеген ұйымдар қалыптаса бастады.
Алғашқыда ірі кәсіпорындар мен банктер арасында бәсекені уақытша тоқтату жөнінде келісімдер болды.Капиталистік шаруашылықтың дамуынабайланысты монопалистікбірлестіктер әр түрлі үлгілерде пайда болды.
Көптеген банкирлер кәсіпорындарды иеленсе, ла кейбір өнекәсіп иелері өз банктерін құрды. Өнеркәсіп және банк капиталы бірігіп, ірі күшке айналды. Мұның өзі олардың қосыла келе қаржы капиталын құруына жеткізді.
ХХ ғасырыдың басында қаржы капиталы аз ғана ірі кәсіпкерлердіңқаржы капиталы алпауыттарының қолына шоғырланды.
ХХ ғасырдың басында капитализмнің дамуы толық қалыптасқан жаңа кезеңнің маңызды белгілері мыналар:Өндіріс пен капиталдың шоғырлануы, корпорациялар мен монополиялық үлгідегі фирмалардың пайда болуы: банк капиталының шоғырлануы және банк монополияларының пайда болуы.
1900-1913 жылдардың өзінде ірі капиталистік елдердің шетелге шығаратын капиталдың өз елінің экономикасына жұмсаудан гөрі шетелге шығаруды артық санауды метрополиялардың дамуына кедергі жасады.
1910 жылы Англия, АҚШ, Франция, Германия қаржы алигархиясының қолында барлық акциялардың 80 %-тен астамы шоғырланды. Буржуазия өкіметінің түсуіне қарай капиталистік мемлекеттер өз отарларын ұлғайтуға тырысты.Ірі және халқы тығыз орналасқан отарлар ескі отаршыл мемлекеттер: Англия, Франция, Бельгия, Португалия, Нидерланды және Ресейдің қарамағында болды. Ал жас державалар АҚш пен Германия отарлау саясатына кеш келгендіктен, отарлары аз болды. ХІХ және ХХ ғасырдың тоғысында дүние жүзін бөліске салу үшін империалистік соғыстар басталды. Мысалы, ағылшын-бур соғысы (1889-1902), испан-американ соғысы (1898ж), орыс – жапон соғысы (1904-1905).
Сонымен, қаржы капиталының үстемдік етуі кезіндегі империалистік саясаттың негізгі белгілері мыналар: 1) капиталды шетелге шығару; 2) дүниежүзін экономикалық бөлісу; 3) дүниежүзін аумақтық бөлісудің аяқталуы және оны қайта бөлісу үшін күрес.
4.
Постиндустриалды өркениет. ХХ ғасырдың екінші жартысында индустриалды қоғамның негізі(машина құрастыру өндірісі, экономикалық және саяси биліктің орталықтануы және шоғырлануының артуы, адамның экономикалық, техникалық және леуметтік -саяси жүйенің бір бөлшегіне айналуы) өткен дәуірдің мұрасы болып қалатыны айқын болды.
Постиндустриальды өркениеттің ерекшеліктеріне:
ақпараттың, білімнің, өзін – өзі дамыту рөлінің бірден артуы;
бүкіләлемдік біртұтас көпарналы ақпараттық жүйені қалыптасуы;
өндірістің, қызмет көрсетудің, білімнің индивудиализациялануы;
қалдықсыз, экологиялық «жасыл технологияға» көшу;
таптық айырмашылықтың жойылуы, орта таптың салмағының артуы, негізгі әлеуметтік жанжал тудыратын «бай – кедей» Көзқарасынан « білім алған, нашар білімді»көзқарасқа ауысуы жатады.
5. Ежелгі Мысыр — әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.
Ніл өзенінің екі жағалауында орналасқан бұл ел б.з.б. 3200-ші жылы біртұтас мемлекет болып бірікті. Ніл өзені әр жылда тасып, жағалаудағы егістік жерлерді шайып кетіп отырған, тасу мезгілі аяқталған соң тұрғындардың жерін қайта өлшеп, бөлу керек болады, ұзақ жылғы жер өлшеу тәжірибесінің арқасында геометрия ғылымы пайда болған (геометрия – грекше «гео — жер, метро — өлшеу» деген мағына береді).
Ежелгi Мысырдың тарихы мынадай кезеңдерге бөлiнедi:
Династияға дейiнгi кезең (б.з.б. 3000 жылға дейiн), Ежелгi патшалық (б.з.д. 2900-2270 жж.) – I-VI династиялардың басқарған кезеңi. Бұл – IV династия тұсында билiк құрған Хеопс (Хуфу), Хефрен (Хафр) және Микерин (Менкаур) патшалардың пирамидалары салынған уақыт. Бұл уақытта мысыр дiнi мысырлықтардың өмiрiнде елеулi орын алатын. Осы кезеңде династияға дейiнгi және одан ертерек кезеңдермен салыстырғанда ешқандай өзгерiстер бола қойған жоқ.
Алғашқы өтпелi кезең (б.з.б. 2270-2100 жж.) Ежелгi патшалық құлдырағаннан кейiн басталады. Бұл феодализмнiң алғашқы баспалдақтарына өту кезеңi болды. Осы кезеңде IV династия және 30-ға жуық патша ауысты.
Орта патшалық (2100-1700 жж.). Оны Гераклеополь патшаларын құлатып, елдi қайта бiрiктiрген фиван билеушiлерi құрған. Бұл кезеңде ХI-ХIII династиялар патшалық құрды, мәдениет өркендедi, Амемхет атты 4 патша және Cиострис атты 3 патша билiк басында болды, сәулет өнерiнiң көптеген үздiк туындыларының өмiрге келуi де осы дәуiрмен тұспа-тұс келдi.
Екiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1700-1555 жж.) – бұл ХIV-ХVI династиялардың билiк құрған кезi. Бұл кезеңде гикс көшпелi тайпалары Мысыр аумағына баса-көктеп кiрiп, өз қол астында бiр ғасырға жуық ұстайды.
Жаңа патшалық (б.з.б. 1555-1090 жж.) ХVIII-XX династиялар патшаларының дәуiрi. III Тутмостың жеңiске жетуi Алдыңғы Азиямен байланыс орнатуға мүмкiндiк бердi. III Аменофис (Аменхотеп) Вавилон және Ассирия патшаларымен байланыс орнатты. Оның iзбасары IV Аменофис (Аменхотеп) дiн жолындағы ұлы реформатор болды: бұрынғы Амон құдайдың орнына, күнге – Атонға табынуды енгiздi, сөйтiп, өзiн Эхнатон деп атай бастады. Ол құм далада жаңа астананың негiзiн қалады.
Өзiнiң саяси өркендеуiнiң ең биiк дәрежесiне Мысыр ХIХ династия патшаларының тұсында жеттi. Ұлы атанған II Рамсес 36 жыл патшалық құрды. Ол өлгеннен кейiн анархия дәуiрi басталды. 21 жыл билiк жүргiзген III Рамсес елде бейбiтшiлiк, тыныштық және тәртiп орнатады.
Үшiншi өтпелi кезең (б.з.б. 1090-712 жж.) – бұл табыстар мен сәтсiздiктер, өркендеу мен құлдырау дәуiрi. XXIV династия тұсында бүкiл Мысыр эфиоптардың билiгiнде болды.
Б.з.б. 712-525 жылдарда XXV династия тұсында Мысырды ассириялықтар басып алды. XXVI династия Мысырды Эфиопиясыз тағы да бiрiктiре алды. Осы династияның соңғы патшаларының бiрi – III Псаметих парсы патшасы Камбизден жеңiлiс тауып, Мысыр парсы провинциясына айналды. Осымен б.з.б. 525 жылы Ежелгi Мысыр тарихы мен Мысыр өркениетi тарихы аяқталады.
6. Үндістан — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - Жұрты 1 210 193 422 адам – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.
Үндістан, Үндістан Республикасы — Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3,3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде). Астанасы — Дели (Нью Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 400 млн. оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы — моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т.б. құрайды.
Біз қытай жазуының иероглифтік жүйесі б.э.дейінгі ІІ мың жылдықта қалыптасқанын бұрынырақта айтып өттік, содан бергі уақытта мұндағы жазу дәстүрінде ежелгі шығыстың көптеген өзге елдеріндегі сияқты үзіліс болған жоқ: Ғасырлар өткен сайын бұл жүйе барған сайын күрделене берді. Алдыңғы Азия мен Египеттегі сияқты алфавит шығаруға мұнда ешқандай талпыныс болмады, керісінше, иероглифтер саны барған сайын өсе түсті. Егер олардың саны Шан (Инь) кезеңінде 2000-нан аспаған болса, Хань династиясы кезінде 18000-ға дейін жетті. Осы аса көп иероглифтер ішінен қажетті белгілерді іздеп табуға жол көрсететін арнаулы анықтама кітаптарын құрастыру қажет болды.
Жазу ұшін негізгі материал ретінде ағаш тақтайшалар, кейінірек жібек маталар пайдаланылды, ал б.э. І ғасырында қағаз ойлап табылды, ол ағаштан және ескі торлардан жасалды. Текстер тік бағаналар түрінде және солдан оңға қарай жазылды. Көшірмешілер бояуға (кейінірек тушьқа) матырылған ұшы ұшталған таяқшалармен (кейінірек қыл қаламдармен) жазды.
Қытай әдебиетінде діни дәстүрлер өте күшті сезіледі. Әсіресе бабалар рухына сыйынуға үлкен мән берілді. Табиғат құбылыстары мен әр түрлі өнертапқыштардың өз құдайлары бар деп саналды. Матриархат сатысында барлық тіршілік иесінің жарылқаушысы Нюйва деп танылды, әлем мен адамдарды жаратқан, аспанның жыртық-тесігін таспен бітеп бекіткен – сол деп есептелді. Кейінірек табиғаттың және бабалар рухының пантеоны жасалады, оның басшысы аспанды бейнелейтін Шан Ди болып танылды.Керемет ғажайып күшке ие батырлар жайлы көптеген аңыздар туды. Бұл аңыздар эпикалық циклдерге біріктіріледі. Әсіпресе аламдарды отты табуға үйреткен Суй Жен (ол грек алыбы Прометей сияқты) жайлы аңызды ерекше айтуға болады.
Б.э.дейінгі І мың жылдықтың орта шенінде Қытайда әр түрлі философиялық мектептер пайда болады. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы, уақытша жеңіліске ұшырағанына қарамастан жаңа эраға дейін өз позицияларын сақтап қалғаны конфуцийшілер мектебі болды. Оның негізін салған философ Кун-цзы (Коефуций) еді, ол б.э.дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрді. Оның ілімі патриархалдық дәстүрлерді қолдады және әлеуметтік негіздер мызғымайды деген көзқарасқа сүйенді. Ол қожайын қожайын болып, оның қол астындағылар сол қол астындағы күйінде, әке әке болып, бала бала болып қалуға тиіс деп санады. Жасы кішілердің үлкендерге, халықтың әміршілерге, бағынуы мәңгілікке мызғымайтын заң деп түсін-дірді. Тәрбиелеу жүйесі діни принциптермен (ата-бабаларды құрметтеумен) тығыз байланысты болған табиғи праволарды оқытып үйретуге негізделді. Қандай да болмасын түбірлі өзгерістер — зиянды деп саналды.
Конфуциялық ілім әсіресе шонжарлар арасында кең тарады, өйткені ол қарадан шыққанына қарамастан байлық пен билікке қол соғушы жаңа адамдардың алға шығуына жаулықпен қарады.
Конфуциялық іліммен екінші философиялық ағым даосизмтайталасып отыр-ды, оның ең көрнекті өкілі Конфуцийдің жасы үлкен замандасы Лао-цзы еді. Оның ілімінен аңғал-материалистік бағытты және тіпті диалектиканың бастамасын бай-қауға болады.
Даосистердің пікірінше: әлемдегі барлық заттар материалдық бөлшектерден пайда болған және ешкімнің де саналы әрекетіне тәуелді болмай, өзінің қатаң заңдылықтары («дао»— жол деген сөз) бойынша дамиды. Әлемдегі өзгерістердің бәрі заттар мен тіршілік иелерінің белгілі қасиеттеріне және мәңгіден келе жатқан әр нәрсенің өзінің қарама-қарсы сыйпатына ауысатыны жөніндегі заңдылыққа байланысты болып отырады деп түсіндірілді. Бір нәрсені қыссаң, ол қайта кеңиді; бір нәрсені босатсаң, ол қайта бекиді.
Лао-цзыды жақтаушыдардың таптардың үйлесім табуын насихаттаған конфуцийшілерден айырмасы сол, дәулеттілер өкіметінің зорлық-зомбылығын қатты сынап отырды. Алайда бұлар күреске шақырмады, қайта жауыздыққа қарсы тұрмауға және әрекетсіздікке үндеді, бұл—оларға тән детерменизм ілімінен алдын ала белгіленіп қойылған даму жолына сенушілікпен байланысты еді. Кейінірек даосизм қатты өзгеріске ұшырады және мистикалық түрге енді, оның материалдық негізі барынша көлегейленіп, бүркеліп отырды.Б.э. I ғасырында Қытайда этикасының бірқатар көзқарастары даосизммен үйлесіп келетін (мәселен, ешқандай әрекет жасамай, әр нәрсенің артын бағуға шақырды) буддизм тарай бастады, ол мұнда Үндістаннан келді.
Жүйелі материалистік бағыт ұстаған — Ян Чжоу (б.э.дейінгі V — IV ғасырлар) ілімі болды. Ежелгі қытай материалистерінің көзқарастары «Сын тұрғысынан пайымдау» атты трактатта толық көрініс тапты, оны құрастырған — аса көрнекті ойшыл Ван Чун (б.э. 27—97 жылдары) еді, Бұл трактатта аспанды тірі және саналы тіршілік иесі, адамдардың арғы ата-анасы санаған конфуциялық ілімге қатты соққы беріледі. Ван Чун аспанды материалды зат және оның ақылы мен еркі жоқ деп санайды. Білуге деген қабілет адамга ғана тән. Адам іштен туғанда ешнәрсені де біліп, түсініп тумайды. Көзбен көрген, құлақпен естіген және өзге де сезім органдарымен қабылдағанды ғана танып білуге болады. Табиғаттың творчестволық қызметі саналы емес және ол материяның механикалық жолмен қоюлануының және сұйылуының жемісі болып табылады. Саналы әрекет — адамға ғана тән.
Ван Чун адамның жаны өлмейді деген түсінікті батыл түрде жоққа шығарды. Жанды организммен ажырамас бірлікте болады және адам өлген соң тәннің қызметі тоқталуымен бірге ол да жойылады деп санады.Қытайда дәл ғылымдар мен жаратылыс тану ғылымдарыжоғары дәрежеге жет-ті.Суарылмалы егіншілік және құрылыстар салу ісі дәл есептей білуді қажет етті. Математикалық ақыл-ойдың жеткен жетістіктерін б.э. I ғасырында пайда болған трактаттан байқаймыз, одан біз теріс сандар операциясы жүзеге асырылғанынкөре аламыз.
Шан (Инь) кезінің өзінде-ақ жұлдызды аспанға бақылаулар жасалып, календарь ретке келтірілген еді. Чжань Го кезеңінде (б. э. дейінгі IV—IIIғасырлар) календарь жүйесі дәл анықтала және жетілдіріле түсті. Жылдың ұзақтығы ежелгі кездер үшін ең мүмкін болған дәлдікпен есептеп шығарылды (жылда 365, 25 тәулік бар деп табылды) және календарлық жылды астрономиялық жылмен теңестіру үшін 19 жылдан тұратын цикл ішінде жеті високос жыл (қосымша айларымен)болады деп белгіленді.
Ежелгі Қытайдың ғылымитворчествосы Хань кездерінде ең гүлденген шегіне жетті. Жұлдызды аспанның картасы жасалды (Темірқазық жұлдызының айналасына топтасқан 28 шоқ жұлдыздар көрсетілді), күн дақтары зерттелді т. б. Бұл дәуірдің аса ірі ғалымы Чжан Хэн (б.э. 78—139 жылдар) ең ежелгі сейсмографты жасап шығарды. Формакология, агрономия жөніндегі т.б. трактаттар да осы Хань дәуіріне жатады.Ежелгі Қытайдың бейнелеу өнерінен бірқатар ерекше сипаттарды байқауға болады. Қытай архитекторлары көп ярусты үйлердің ерекше түрлерін жасады.
Неғұрлым ерте дәуірдің мүсіндері мен живописінен күшті шарттылық байқалады. Хань кезеңінде елеулі түрде алға басуболды. Әсіресе зираттардағы тас плиталарға салынған бедерлі суреттер тамаша, бұларда өндіріс тақырыбы көбірек орын алған (егін ору, аңға шығу т. б.). Мола қабырғаларын әшекейлеген фрескаларда тұрмыс көріністері (мысалы, қос дөңгелекті арбаның жолға шығуы) үлкен реализммен бейнеленеді.Әр түрлі дәуірлердегі қытайдың көркем өнер бұйымдары (металдан, күйдірген балшықтан жасалған т.б.) көп сақталған.
Сөз соңында ежелгі кытай мәдениетінің қол жеткен табыстарының батыс әлеміне ықпалы өте аз болғанын айтқанымыз жөн. Қытай жібегі мен қытай кағазы Европа мен Батыс Азияға (көп кешігіп) жетті. Қытай қағазын орта ғасырдың алғашқы кезінде-ақ Египет папирусы ығыстырып шығарды. Өзге ойлап табылған заттар (компас, мылтық дәрісі, сейсмограф) Шығыс Азия көлемінен тыс жерлерге таралған жоқ. Батыста бұл жаңалықтар кейін қайта ашылды.
7. Ежелгі Грекия немесе эллада— б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан. Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады[1][2][3]. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде[4], батыс философияның[5], архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші[6], Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
Ежелгі Рим (лат. Roma antiqua) — ерте заманның бас өркениеттеренің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды. Рим орталығы Капитоли мен Палатин, Квиринал қоршаған батпақты жазықтықта құрылды. Рим өркениетіне этрусктер мен көне гректердің мәдениеті үлкен ықпал етті. Көне Римнің күштілігінің шыңы, б. з. II ғасырына келді. Сонда оның қол астындағы жерлер солтүстігінде қазіргі Шотландиядан, оңтүстігінде Эфиопияға дейін, шығысында Армениядан, батыста Португалияға дейін созылды.
8. Африка дәстүрлі өркениеті
•Бушмендер. Африканың оңтүстігінің жер- гілікті тұрғындары болып ежелден бушмендер саналады. Олар шебер аңшылар, терімшілер, көшпелілер, керемет ізшілер, бишілер, суретшілер, жылан мен жәндіктер, өсімдіктер әлемінің нағыз білгірлері болды. Африкада табиғатты тану жөнінде олармен ешкім де таласа алмайды.
Назар аударыңдар!
Бушмен - оңтүстікафрикалық бірнеше тайпаның жалпы атауы. Жаңаша деректер бойынша, олар адамзаттың алғашқы өкілдері болып саналады.
• Бұл жерге алғашқы еуропалық адамдардың табаны тигенше бушмендер жабайылық жағдайында өмір сүрген. Олар лашықтарда немесе бұталар мен шөптердің астында тіршілік еткен. Осы өмір салтына орай олар «бүшмен» деп аталды, бұл ағылшын тілінен аударғанда бита арасындағы адам, бутақтағы адам (ағылш. bush - бутақ, бута өсетін жер) деген мағынаны береді. Ал бушмендердің өз арасында жалпы атауы жоқ, олар өздерін белгілі бір тайпаға қатысты атайды.
•Нубия - Ніл аңғарындағы тарихи аймақ. Бұл атау көне египеттік «nub» деген сөзден шығуы мүмкін, ол алтын деген мағына береді. VI ғасырда христиандық қабылданғаннан кейін Нубия шіркеуі Египеттің мәдени және діни ықпалына түсе бастады. Нубия орта ғасырлардың соңына дейін ғана христиан аймағы ретінде саналды. VII-XIV ғасырларда мұнда бірнеше нубилік христиан мемлекеттері болған. Кейіннен бұл жерлерге ислам діні таралып, араб тайпалары біртіндеп қоныстана бастады. Нубия құлдар мен табиғи байлықтардың (алтын мен піл сүйектерінің) орталығы ретінде аты шықты.
•Гана - монархиялы басқарудағы мемлекет. Патша алым-салық және өзіне бағынышты көптеген тайпалардан кедендік салық алды. Сонымен қоса Гана билеушілері алтын өндіретін кен орындарына ертерек бақылау орнатып, оның пайдасын өздері көретін.
•Мали мемлекеті. XI ғасырдың өзінде-ақ Нигер және Бакой өзендерінің аралығында шағын ғана тайпалық Мали князьдігі құрылды. Кейіннен Гананың билігіне бағынышты болды. Көршілерімен болған соғыстарда шыңдалған әскербасылары өз биліктерінің этникалық және саяси негізін қалайды және алғашқы мүмкіндікті пайдаланып, саудаға үстемдіктерін орнатты. Өздеріне қарасты аумақты кеңейтіп, мемлекеттік ұйымдарын күшейтеді. Осы істердің басында Мали мемлекетінің іргесін қалаушы даңқты билеуші - Сундиат тұрды. Ол 1235 жылы Крина елді мекені маңында болған шайқаста, Сосо көсемін және Гана билеушісін өлтіріп, астанасын талқандап, өзінің жаңа ордасын тікті. Ол өзінің патшалығына бөрінің басын қосып, ежелгі Гананың аумағындай аса ірі мемлекеттің негізін қалады.
•Сонгай. Сонгай мемлекеті XV ғасырдың басында құрылып, Әли соннидің (билеушінің титулы) басқаруында біршама жетістіктерге жетті. 1464-1492 жылдар аралығында билік жүргізген Әли билеуші «ұлы» деген атақты иеленеді. Ол 1468 жылы Томбуктуды басып алып, туарег пен моси тайпаларының шабуылын тойтарады.
9. Америка — Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігінің бірі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында орналасқан. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дүниенің басқа бөліктерінен алыс жатуы ғана емес ірілігі, табиғат жағдайында зор айырмашылық болуы оларды жеке, дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы арқылы бөлінеді. Екі материк аралығындағы Теуантепек пен Панама мойнақтарының аралығы және Вест-Үндістан аралдары Орталық Америкаға жатады.
10. Аустралия –оңтүстік жартышарда орналасқан Жер шарындағы ең кіші материк. Аустралия мемлекеті жер көлемі жөнінен жер шарында алтыншы орын алады. Материктің ауданы, маңындағы аралдармен қоса есептегенде 7,6 млн шаршы шақырым.
Аустралия материгі Жер шарындағы ең аласа материк, оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 215 м.
Аустралия материгін бір ғана ел – Аустралия Одағы алып жатыр. Халқының саны – 22 млн адам. Астанасы – Канберра қаласы, тұрғын халқы 309 мың адам.
Мемлекетті Ұлыбритания королевасы басқарады. Мемлекетттік құрылымы жөнінен Британ бірлестігі құрамына кіретін мемлекет. Ұлыбритания басқаратын Достастыққа дүниежүзі бойынша 50 мемлекет кіреді.
Аустралия әкімшілік-аумақтық құрылым бойынша федералды ел болып саналады. Аустралия 6 штаттан және 2 аумақтан тұрады.
Аустралияның байырғы халқы – аборигендер аңшылықпен және жеуге жарамды өсімдіктердің тамырын жинаумен күнелткен. Қазіргі кезде Аустралия халқының тек 1%-н ғана аборигендер құрайды, оларды жалпы саны 160 мың адам.
Аустралия халқының 97%-ын ағылшын аустралиялықтар құрайды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ұлыбритания мен Ирландиядан қоныс аударушылар есебінен Аустралия халқының саны күрт өсті.
Аустралия дүниежүзі бойынша жоғары урбандалған материк қатарына жатады. Аустралиядағы қала халқының үлесі 83%-ды құрайды. Халқы Аустралияның Мельбурн, Сидней секілді ірі қалалары маңына шоғырланған.
Океания — Тынық мұхитының орталық және оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан жүздеген көбіне шағын аралдар мен атоллдардан құралған географиялық аймақ, геосаяси жер бөлігі. Океания елдің батысында суларында аралдардың және орталық Тынық мұхиты орналасқан. Океания Малай архипелагы арасында орналасқан аралдар мыңдаған жиынтығы болып табылады, және Австралия. аумағы географиялық, француз зерттеушісі Дюмон-д'Юрвиль бастап, Микронезия, Полинезия және Меланезии бөлінеді отыр. Микронезия Солтүстік-Батыс Тынық мұхиты шағын аралдар бірқатар қамтиды. Полинезиялық аралдар шығысында үшбұрыш, Гавайи болып табылатын жоғарғы шыңы құрайды. Меланезии - оңтүстік-батыс бөлігінің аумағы.
11. Сауда-экономикалық қатынастар-бұл мемлекеттердің басқа мемлекеттермен тауарлар алмасу саласындағы қарым-қатынасы және осы процестермен байланысты реттеуші құжаттар мен әрекеттер.
Адамдар ежелгі дәуірден бастап тауарлармен алмасуды бастады. Бір қарабайыр адам қабықты басқа қарабайыр адамның таяқшасына ауыстырғаннан кейін, сауда-саттықтың өзара әрекеті басталды деп айтуға болады.
Әрине, қоғам дамыған сайын оның мүшелері арасындағы қатынастар да дамыды. Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл бөлінбейді: географиялық ашылулар, мысалы, Еуропалықтар Шығыс пен Американың нарықтарын ашқан кезде және керісінше. Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде біз Шығыс нарықтарына жаңа жолдар табуға ұмтылыстарға міндеттіміз. өнеркәсіптің дамуы, өйткені кейбір елдерде басқалармен алмасуға болатын тауарлар пайда болды. Өнеркәсіптік революция өндіріс көлемін, демек, сатуды едәуір арттырды. Техникалық прогресс көлік реформаларына, тасымалдарды жеделдетуге және логистикалық тізбектерді қысқартуға ықпал етті. Бір кездері Қытайдан келген тауарлар бірнеше ай бойы Ұлы Жібек жолымен жүрді, енді біз бірнеше күн ішінде әлемнің кез-келген нүктесінен тауар ала аламыз. нормативтік құқықтық базаның эволюциясы, өйткені жаңа тауарлық қатынастар тиісті заңдарға негізделуі керек. Демек, сауда қауымдастықтарын құру және экспорт / импорт көлемін реттеу және т. б.
Жалпы, адамзаттың бүкіл тарихын сауда-экономикалық қатынастардың тарихы деп атауға болады, өйткені дамып келе жатқан өркениет тауарлар айналымына байланысты процестердің дамуына ықпал етеді.
12. Дипломатиялық қатынастар – халықаралық құқық нормалары мен халықаралық қарым-қатынастар тәжiрибесiне сәйкес мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды қамтамасыз еудің негiзгi формасы.
Дипломаттық қатынастар мемлекеттер арасындағы тату қатынастардың дамыту, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкті сақтауға жәрдемдеседі. 1961 жылғы дипломаттық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, дипломатиялық қатынастардың орнатылуы өзара келiсiм арқылы жүзеге асады.
Дипломатиялық қатынастар орнатылуы алдында әдетте мемлекет пен оның үкіметі басқа мемлекет тарапынан іс жүзінде немесе заңды түрде мойындалады.
Дипломатиялық қатынастар мүдделес мемлекеттер өкілдері арасында тікелей немесе үшінші жақ арқылы келіссөздер нәтижесінде орнатылып, мемлекет және үкімет басшылары немесе сыртқы істер министрлері арасында жолдау, хаттар, ноталар алмасу түрінде ресімделеді. Тараптар дипломатиялық қатынастардың орнатылу фактісі, дипломатиялық өкілдіктер деңгейі (елшілік немесе миссия), келісімнің күшіне ену уақыты, оны жариялау мерзімі мен тәртібі туралы келіседі.
13. Крест жорықтары - иудей, христиан және мұсылман діндерін ұстанатын адамдар үшін қадір тұтылатын Қасиетті жердегі Иерусалимді бақылау үшін болған соғыстар. Түріктер христиан қажыларының Иерасулимге келуіне тыйым салғанда, Рим Папасы 1096 жылы бірінші крест жорығын жариялады. Бұл жорыққа бүкіл Еуропадан корольдер, әскерлер, тіпті балалар қосылды. Крест жорықтары сегіз рет болды. VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.
14.
Достарыңызбен бөлісу: |