3 тақырып.Мемлекеттік қызметтің сөйлеу мәдениеті
Мақсаты:тақырыпта жан жақты ашу,талқылау
Дәріс жоспары 1.Мемлекеттік қызметтің оң бедел-бейнесін қалыптастыру және нығайту
2.мемлекеттік қызмет имеджі
Мемлекеттік қызметшінің іскерлік қатынасы тиімділігінің аса маңызды шарты олардың өз коммуникативтік мүмкіндіктерін, коммуникативтік құзыреттілігінің деңгейін білуі болып табылады. Мемлекеттік қызметке өздеріне сенетін адамдардың жиірек баратыны белгілі, олардың көбісі барлық қатынастарда, соның ішінде іскерлік қатынас саласында да табысты, қабілетті болып саналады. Осы сенімділік көп ретте кәдімгі жаңылысу болып шығады да, мемлекеттік қызметші өзінің коммуникативтік проблемалары туралы біледі.
Бүгінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау әралуан басқарушылық міндеттер мен жағдаяттарды шешуде олардан терең шығармашылық білімдер мен белгілі бір машықтық ептерді ғана талап етіп қоймайды, сонымен бірге көпшілікпен араласа білуді, қоғамда өзін ұстай білуді, кеңестер, іскерлік әңгімелесулерді өткізуді, телекамералардың алдында сабырлылықты жоғалтпауды, баспасөз өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен қатынас ептерінің болуын да талап етеді.
Аталмыш лауазымдық сатыда өзекті құзыреттер жүйе құраушы болып табылады, оларды меңгеру құзыреттілік негізінде оқу процесін құру кезінде басты мақсатты бағдар ретінде қаралады.
Мемлекеттік қызметшінің өзекті құзыреттерді меңгеру және оларды жүзеге асыру қабілетіне тыңдаушы сана-сезімінің ерекше құрылымы себепші болады – оның құзыреттілігі білу, түсіну, қызмет амалдарын меңгеру, болжау, әрекет ету, өз іс-әрекеттерін рефлекстеу және өз қызметінің процесінде солар үшін жауапкершілік алу сияқты әмбебап қабілет ретінде көрініс береді.
Өзекті құзыреттердің тізбесі жалпы білімнің басты мақсаттары, әлеуметтік тәжірибе мен жеке тәжірибенің құрылымдық көрінісі, сондай-ақ мемлекеттік қызметшіге әлеуметтік тәжірибені меңгеруге, қазіргі заманғы қоғамдағы өмірдің машықтық ептерін алуға және өзгеге беруге мүмкіндік беретін оның қызметінің негізгі түрлері негізінде анықталады.
Мемлекеттік қызметшіге іскерлік қатынаста ұсынылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады: жайдарылық (адамдармен тез тіл табыса білу қабілеті), елгезектік (өзгенің қуаныш-қайғысын бөлісе білу қабілеті), сезімталдық (басқа адамды түсіне білу қабілеті) және шешендік (сөзбен әсер ете білу қабілеті) сияқты қасиеттер. Бұл қасиеттер «адамдарға ұнай білу» ұғымымен білдірілетін табиғи қабілеттер жиынтығын құрайды. Аталмыш қабілеттерді меңгеру және оларды дамыту үшін ұдайы жаттығулар – жеке бедел-бейнені табысты жасау кепілі.
Екінші топқа жеке тұлғаның білімі мен тәрбиесіне байланысты сипаттамалар кіреді. Оларға адамгершілік құндылықтар, жан саулығы және адамдар арасындағы қатынасқа қабілеттілік жатады.
Үшінші топқа өмірлік және кәсіби тәжірибемен келетіндерді жатқызу жөн. Егер осы тәжірибе қатынас ахуалына адамның ішкі түйсігін өткірлеп жатса, ерекше құнды.
Қайсыбір өзіне өзі сенімділік пен таптаурын тәртіп өзін мойындатуға және өзіне ізгі ниетті қатынасқа мүдделі жеке тұлғаны адамдардың қабылдауына теріс ықпал етеді. Көптеген жағдайларда бедел-бейне – нақты жағдаятта шебер бағдар табу нәтижесі,сондықтан да бұл өз тәртібінің нұсқасын дұрыс таңдау деген сөз.
Бүгін біз мемлекеттік қызметтің әлеуметтік институт ретіндегі корпоративтік бедел-бейнесінің қалыптасуының куәгерлері болып отырмыз. Корпоративтік сәйкестікті құрудың басты құрамдас бөлігі ұйымның нақты жұмысы болып табылатыны, соның негізінде корпоративтік сипаттамалардың айқындалатыны да сөзсіз. Мұратына сай мемлекеттік қызметтің бедел-бейнесі жұртшылықтың тілектеріне жауап болуға тиіс.
Дербес бедел-бейне әрбір адамға тән және ол әрбір жеке тұлғаның қайталанбас өзгешелігімен байланысты.