«мемлекттік қызметтің этикасы» ПӘні бойынша дәріс сабақтарының МӘтіні тақырып 1



бет5/16
Дата28.02.2023
өлшемі89,19 Kb.
#170543
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
98c45863362777aebc88fac1acbe39ca 1

Тақырып 5,6 Мемлекеттік қызмет этикасының негізгі категориялары және пәні
Мақсаты: тақырыпты талқылап жан жақты ашу
Дәрріс жоспары
1. мемлекттік қызметінің қәзіргі таңдағы Қазақстандық этикасы
2.Мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі үшін сыйақылау формалары

1) заңдылық;


2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі;
8) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;
10) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу ұстанымдары.
Сонымен бірге, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет