Сабақ жоспары Кенжеғалиева Ақтолқын Ғабдрашитқызы



Дата18.02.2017
өлшемі132,3 Kb.
#10274
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Кенжеғалиева Ақтолқын Ғабдрашитқызы

Экономика және құқық негіздері пәнінің мұғалімі

37 ЖОББМ



БҚО, Орал қаласы

І (ілгері) деңгей


Пәні: Адам.Қоғам.Құқық.

Күні: 10 наурыз 2015ж

9 класс

Сабақтың тақырыбы:

Құқық бұзушылық және ол үшін жауапкершілік

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға құқық бұзушылық пен жаза, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы туралы білім беру, бұл ұғымдарды талдауға,саралауға үйрету.




Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Топтық, жұптық,жеке жұмыстар, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары,бағалау әдістері.

Күтілетін нәтиже:

*Құқықбұзушылық пен жаза ұғымдарын ажыратады;

*Өз көзқарастары мен пікірлері қалыптасады;

*Сыни бағалауға үйренеді.

* Өзгелермен өз ойын бөлісе алады.


Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта, жұлдызшалар, бағалау қағаздары, қима қағаздар, стикерлер, тапсырмалар.

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе

Психологиялық тренинг

(бейнеролик арқылы)



«Күн сәулесін сыйла»

Іс-қимылмен әуенге ілесе отырып көрсетеді.Өз әсерлерін ауызша білдіреді.

Символдар арқылы топтарға бөлінеді.(семсер,кітап,көзбайлағыш,таразы)


Тұсаукесер

Үй тапсырмасын сұрайды.

Құқықтық қатынастар.



Үй тапсырмасына жауап береді.(Интербелсенді тақта арқылы орындалады)

Блиц-сұрақтар

1-топ

1.Норма деген сөз қандай мағына береді? (Ереже,үлгі)

2. Әлеуметтік норма салаларын ата (мораль,құқық)

3. Құқықтың пайда болуы

немен тікелей байланысты? (Мемлекеттің пайда болуымен)

2-топ

1.Адамдар арасындағы сенім

ережелерін қалай атайды? (дәстүр немесе әдет-ғұрып)

2.Құқық қорғау органдарын ата. (полиция,сот,прокуратура)

3.Мемлекетте танылған

құқықтық идеялар,көзқарастар. (құқықтық идеология)



3-топ

1.Нормативтік құқықтық актілер қабылдау құқығы беріледі.(мемлекеттік органдарға)

2.Заңдар нені анықтайды? (адамның құқықтық мәртебесін)

3.Әлеуметтік норманың заңдастырылмаған бөлігі қалай аталады? (Мораль.)



4-топ

1.Маңызды әлеуметтік нормалар нелерден құралады? Дәстүр,мораль ,құқық.

2.Құқықтың ерекшелігі қандай?

(Нормалары бұзылғанда

жауапкершілік белгіленуі)

3.Құқықтың қандай салалары бар?

(Әкімшілік,азаматтық,қаржылық ,еңбек,қылмыстық)

Жорамал диктант. (жұптық жұмыс)

(Интербелсенді тақта арқылы тексеріледі)

1.Азаматтық құқық субьектісі болатын болатын -------------- мен кәсіпорындарды -----------тұлға деп атайды.(ұйымдар,кәсіпорындар)

2.14 жастан ----- жасқа дейінгі жасөспірімдер өз еңбекақыларын және басқа да ----------- өздері жұмсай алады.(18,табыстарын)

3. -------------- ауызша және ----------- жасалуы мүмкін.(мәміле,жазбаша)

4.18 жасқа толғаннан бастап ---------- қабілеттілігі ---------- көрінеді. (әрекет,толық)

5.Азаматтық ------------ қабілеттілік адам дүниеге келісімен -------- болады,дүниеден өтісімен тоқтатылады.(құқыққабілеттілік,пайда)

6.Азаматтық ------------------- әдейі

немесе ---------------------- жасалуы мүмкін.(құқықбұзушылық,байқаусызда)

7.Азаматтық құқық --------------- және мүліктік

емес ----------------- реттейді.(мүліктік,қатынастарды)

8.Азаматтық құқық ----------------- ақша, --------- бағалы қағаздар жатады.(обьектілеріне,меншік)

9.Қазақстан Республикасының ---------------кодексі жалпы және --------- бөлімдерден тұрады.(азаматтық,ерекше)

10. Келісуші жақтардың бірі ----- жасқа толмаған болса мәміленің ------- болмайды.(14,күші)

11.Азаматтық құқықтық байланыстың -------- жеке адам ғана емес ,адамдар --------- болуы мүмкін.(субьектісі,ұжымы)

12.Құқыққа --------- әрекет –заңда-----------салған шартқа қарсы әрекет .(қарсы,тыйым)



Ой қозғау

(бейнеролик көрсету)

Сұрақтар қояды:

1.Бейнероликтен қандай ой түйдіңдер?

2.Бейнеролик оқиғасының өткен тақырыптармен байланысы бар ма?

3.Біздің бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыңдар?

Фемида бейнесіне түсінік беріп өтеді.

Ежелгі Грекияда әділдік құдайы Фемида болған.

Фемида-әдлеттілік сот символы. Фемиданың маңызды атрибуттары — семсер мен таразы. Олар сот және кұқық қорғау мекемелерінің эмблемасында жиі қолданылады. Сол қолында таразы, оң қолында семсер, көзі байлаулы. 

Негізгі бөлім.

Тапсырмаларды бөліп береді.

Қорытады.


Оқушылар өз тұжырымдарын айтады.

Қолдарындағы символдарды Фемида бейнесімен байланыстыра отырып түсіндіреді.(слайд арқылы көрсету)

Өз ойларын айтады,мәтін бойынша оқиды.


Оқулықтағы мәтінді топтар бөліп оқиды.

І топ. Құқықбұзушылық

ІІ топ. Құқықбұзушылық түрлері

ІІІ топ.Қылмыс үшін жазалау

IV топ. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы

Оқылған мәтінді джигсо әдісімен талқылайды.

Оқушылар мәліметтермен алмасып ,пікірлерін білдіреді,постерде қорғайды.



Қорытынды.

Оқушылар білімін бекіту
Тапсырманы береді,бақылайды,

қорытындылайды.

Жауаптарын тыңдайды,толықтырады,нақтылайды.


«Жасөспірім құқықбұзушылығы» ұғымын 6 қалпақ әдісімен талдайды.Дайындалған мәтіндермен жекелеген оқушылар жұмыс жасайды.

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
Сұрақтарға жауап береді.Шығармашылықпен жұмыс жасайды.Әр топ өз ойларын білдіреді.Төмендегідей сұрақтар беріледі.

Бізге өмір сүру үшін не істеу қажет?

Бізге даму үшін не қажет?

Бізге қорғалу үшін не қажет?

Бізге қатысу үшін не қажет



Бағалау.

Формативті бағалау.

Мұғалім формативті бағалайды.(жұлдызша беру арқылы)






Оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Бағалау критерийлері (5 балдық жүйе)




Оқушының аты-жөні

  1. Мен топ жұмысына үлесімді қостым







  1. Мен өзімнің пікірімді ашық айттым




  1. Мен көшбасшылық таныттым




  1. Мен өзгелермен келістім




  1. Мен топпен белсенді жұмыстана білдім







Кері байланыс жасайды.

Үш үйренген нәрсе;

  • Не оңай болды?

  • Не қиын болды?

  • Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келеді



Үйге тапсырма береді.

§ 24оқу


Тақырыпқа байланысты қосымша мәліметтер әкелу.


Кері байланыс парақшаларына сабақ туралы өз ойларын қалдырады.



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет