Сабаққа талдама Мен Бірінші Желтоқсан Президент күніне орай Екінші Желтоқсан күні сынып сағатын өткіздім. Сынып сағатының тақырыбы <Елбасы-ел перзенті> болды. Ең алдымен Н.Ә.Назарбаевтың өмір баянын, президенттіке қалай келгенін және тағы да басқа мәліметтермен бөлістім. Н.Ә.Назарбаевтын отбасымен түскен суреттерімен балаларды таныстырдым. Балалар барлығын түсінгеннен сон олардың барлығынан Сен президент болсаң не істер едің... деген сұрақ қойып, әр қайсысының ойын жеке-жеке сұрап шықтым. Содан кейін аранайы дайындалған сұрақтар салынған қорабымды оларға ұсындым. Олар ішінен сұрақтарды алып оқып оған жауап берді. Сұрақтарға толық жауап беріп болған сон сол қорапшаға тұңғыш президентіміз Н.Ә:азарбаевқа өздерінің тілектерін жазғыздым. Балаларға бұл сабақ түсінікті, әрі қызықты болды деген ойдамын.
Сабаққа талдама Мен өз сыныбыма <Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы> атты сынып сағатын өткіздім. Бұл сынып сағатында мен оларға денсаулықтың адам өміріне маңызын, және денсаулықты күту жәйлі шағын мәлімет бердім. Және адам ағзасына пайдасы мол витаминдер жәйлі айтып бердім. Оларға сабақты түсіндірген сон үш аялдамасы бар автобусқа отырғыздым. Ең бірінші аялдама <Бірінші байлық-денсаулық> деп аталды. Мен олардан Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер деп сұрап, сол сұраққа жауап алған сон келесі аялдамаға келіп тоқтадым. Келесі аялдама <Дәрумендер> деп аталды. Бұл аялдамада олардан өздері білетін дәрумендер мен жеміс-жидектер жәйлі сұрадым. Келесі аялдамада <Зиянды әрекеттер> жәйлі өз ойларын білдірді. Зиянды заттарды атап олардан аулақ болу керек екендігін айтты. Осылайша сабағымызды қорытындыладық.
Сабаққа талдама Мен өз сыныбыма алда келе жатқан үлкен мереке Тәуелсіздік жәйлі сынып сағатын өткіздім. Балаларға тәуелсіздіктін бізге қалай жеткенін, қандай қиындықтар болғанын, тәуелсіздік жолында күрескен жандар жәйлі мәліметпен бөлістім. Тәуелсіздік құрбандарының фотосымен таныстырдым. Кейін сыныпты үш топқа бөлдім. Әр топқа арнайы дайындалған сөзжұмбақтарды бердім. 10минут уақыт бердім. Үш топ та аяқтағаннан кейін әр топтан екі оқушы шығып өз жұмыстарын қорғады. Кейін үш топқа да ортақ тәуелсіздікке байланысты сұрақтар қойып, жауап алдым. Үш топқа бір-біріне баға қойуын сұрадым. Оларға не түсіндіңдер және не қызық болды деген сұрақтар қойдым. Оларға осы сабақ қатты ұнады.