Біздің мектептің өткен оқу жылындағы ҰБТ-дағы сапа көрсетқіші қандай?
Коучинг мен тәлімгерлік қай деңгейдің жұмысына жатады?
Коучингіге қатыстың ба, неше рет?
E.edu.kz-тегі логиніңіз бен пароліңіз қандай?
Баспасөзде неше рет мақалаңыз шықты?
Анаргүл нешінші деңгей мұғалімі?
Ең соңғы қатысқан қалалық немесе облыстық шараңызды атаңыз.
Постер деген не?
ОМЖ, ҚМЖ деген не?
Өзіңнің ҰБТ-дағы ең жоғары көрсеткішің қандай ?
Өзіңнің ҰБТ-дағы ең жоғары көрсеткішің қандай ?
ОЖСБ деген не, толық нұсқасын айтып шық.
Мектеп көшбасшыларын ата.
Сіздің сөздік қорыңыз деңгейлік оқуға тән қандай сөздермен толықты?
ҰБТ жылдарындағы мектебіміздің «Алтын белгі» иегерлерін ата.
Компютер алдында күніне неше сағат отырасыз?
Mektep.edu.kz-тегі логин мен пароліңіз қандай?
Мектебімізде бүгінгі таңда неше оқушы білім алуда?
Ситуацилық сұрақтар:
Біреулер деңгейлік оқулардан бас тартып отыр. Осының себебін қалай түсіндірер едіңіз?
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің жұмыстары Сізде қызығушылық таныта ма, әлде?..
Тест кезінде сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің қайсысы бақылаушы болғаны дұрыс деп ойлайсыз? Неліктен?
Кабинеттік жүйе енгізілсе, қолдар ма едіңіз? Қолдасаңыз артықшылықтарын, қолдамасаңыз кемшілігін атап беріңіз.
Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер шамалары келгенше жұмыстануда. Сол жұмыстың нәтижесін байқаған сәттеріңіз бар ма? (Оқушының не әріптесіңіздің бойындағы немесе мектептегі қандай да бір оң өзгерістер).
Сіздің қолыңызда үш нәрсені түбегейлі өзгертетін сиқырлы таяқша бар делік. Сіз мектептің оқу жүйесінде нені өзгертер едіңіз?
Сіздің ең жақын, сырлас әріптесіңізге деңгейлік оқуға баруға ұсыныс айтылды. Ол Cізден кеңес сұрады. Сіз қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?
Оқушының білім деңгейін тексеру үшін тек тест өткізу жеткілікті ме, әлде?..
Оқу жылының жартысы өтіп кетсе де оқушыңыздың білім сапасы көтерілер емес. Олар «әлі уақыт бар ғой» деген сылтау айтады. ҰБТ-ны сапалы тапсыру үшін олармен қандай жұмыстар жүргізесіз?