Мен елімнің ертеңі (Не? Қайда? Қашан? зияткерлік сайысы) Сабақтың мақсаттары



Дата25.08.2017
өлшемі132,97 Kb.
#26257
Мен - елімнің ертеңі

(Не? Қайда? Қашан? зияткерлік сайысы)

Сабақтың мақсаттары:

* Оқушылардың тарих пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, болашаққа сеніммен қарайтын, ХХІ ғасырдың патриот, бәсекеге барынша қабілетті ойшыл, шығармашыл тұлға қалыптастыру.

* Сайыс арқылы достыққа, топта жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге, олардың шешімін сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс

Көрнекіліктер: Кабинетті іс-шараға лайықты безендіру, тақырыпқа байланысты слайдтар, бейнематериалдар, техникалық құралдар.

Пән аралық байланыс: Физика, астрономия, өлкетану әдебиет т.б.

Іс-шараның барысы:

Ұйымдастыру.

Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі өткелі отырған сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер! Сабағымызды бастамас бұрын қатысушыларымызды топқа бөліп алайық. Мына тұрған қағаздарды таңдап алыңыздар, кімге қай түс түссе сол түс бойынша топқа біріге қалуларыңды сұраймын.(3 топқа отырғызу)

Топтың аты алдын ала белгіленіп қойған, олар – «Белес», «Асу», «Заңғар». Топ атауларына байланысты өздерің топтың ұранын шығарып, топ басшысын сайлап алыңдар.(топ ұрандарын айтады, топбасшысын таныстырады.)

Сабағымызды бастайық! Қатысушыларға сәттілік тілеймін!

1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.


Сабақ НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? Интеллектуалдық сайысы түрінде өтеді және ол 3 айналымнан тұрады.

  1. «Зымыран сұрақтар»

  2. «Білгенге маржан»

  3. «22 белес»

Ұшқыр ой, ұтымды жауаптарына баға бетерін әділ қазылар алқасымен тынастыру.

І айналым – «Зымыран сұрақтар».

Айналым шарттары мынадай – әр топ жеребий бойынша өз сұрағын таңдап алады да (Бір топқа – Не? Екніші топқа – Қайда?, үшіншісіне – Қашан? сұрағы түсу керек), сол сұрақтарға мүдірмей, ойланбай, тез жауап береді. Барлық сұрақ - 7. Оның әрбіреуі 2 ұпайға тең болса, ең соңғы сұрағы 4 ұпайға тең. Бұл кәде сұрақ деп аталады. Оны сендер өздерің қалаған топқа сыйлайсыңдар, егер ол топ жауап берсе, 4 ұпай алады, егер жауап бере алмаса, 4 ұпай кәденің иесіне беріледі. Ойын шарты түсінікті болса, бастайық!




Реті

НЕ?

ҚАЙДА?

ҚАШАН?

1

Қазақстан 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальды еншілеген қысқы олимпиада ойындарының атауы (Азиада)

2012 жылғы спорттық олимпиада қайда өтті? (Лондонда)

ҚР қашан Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етті? (2010 жылы)

2

Қазақстанда 2004 жылы қабылданған мемлекеттік бағдарламаның атауы

(«Мәдени мұра» бағдарламасы)

1992 жылы дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайы қайда өтті? (Алматы)

ҚР-ның ұлттық валютасы қашан айналымға енді?

(1993 жылы

15 қарашада)

3

1992 жылы ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры дүниеге келді. Оның атауы не?

(«Бөбек»)

Ауданымыздағы ең бірінші скаладром – жасанды тау шатқалы қайда орналасқан? (Катонқарағай ауылында)


«Қазақстан 2030» стратегиялық жобасы қашан жарияланды? (1997 жылы қазанда)

4

Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарышқа ұшқан кемесінің атауы не? (Союз ТМ-13)

«Бәйтерек» монументі қайда орналасқан? (Астанада)

Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы қашан шықты?

(1998 жылы 6 мамыр)


5

Шетелде студент жастарды оқыту бағдарламасының атауы

Болашақ»)



2005 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойына орай тұрғызылған ескерткіш қайда орналасты?

(Ақтөбе)

Астана күні қашан тойланады?

(6 шілдеде)

6

Астанадағы Хан Шатыры ғимаратының авторы кім?

(Норман Фостер)

2002 жылы 23-24 қарашада екінші бүкіләлемдік құрылтай қайда өткізілді? (Түркістанда)

«Қазақстан 2050» стратегиялық жоспары қашан қабылданды? (2012 жылдың

14 желтоқсанында)

Кәде сұрақтар

7

1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 5 жыл толуына байланысты ескерткіш орнатылды. Ескерткіш атауы не?

(«Тәуелсіздік» монументі)

2006 жылы 11 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім қайда орындалды? (АқОрда резиденциясында)

Астанадағы «Қазақ елі» монументі қашан бой көтерді?

(2008 жылы)

І айналым бойынша сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

ІІ айналым – «Білгенге маржан» деп аталады. Айналым шарты мынадай – кестеге қарап, қалауларың бойынша ұяшықтарды таңдап аласыңдар. Мұнда тек қана суреттер жасырылған. Тек «Қашан?» категориясында бейне жазбалар көрсетіледі. Әрбір дұрыс жауап - 2 ұпайға тең. Ескерте кететін бір жайт – «Олжа» сұрақтарын таңдайтын болсақ, ондағы сұрақ аукционға түседі. Ең аз ұпай 1-ден басталады, ең максималды ұпай 6 балл көлеміне тең болады.Дұрыс жауап бермеген жағдайда сонша балл алынып тасталады.






Тұлғалар

Ескерткіш

тер

Астана

Олжа

Спорт

НЕ?

(Кім?)

Серік Ахметов

«Қазақ елі»

Триумф Астана

Аук.

Зульфия Чиншанло

Майя Манеза

Светлана Подабедова

Илья Ильин



ҚАЙДА?

Гумилев университеті

Шығыс Қазақстан Берел қорымы

ЭКСПО 2017

Аук.

Сидней Олимпиадасы

ҚАШАН?

Президент сайлауы – 1991 жыл 1 желтоқсан

Оралхан Бөкей ескерткішінің ашылуы – 2013 жыл 13 қыркүйек

Әлемдік діндер көшбасшыларының І Съезі – 2003 жыл

Аук.

«Азиада» қысқы олимпиаданың ашылуы – 2011 жыл 7 қаңтарға дейін.

Тұлғалар – НЕ?

1958 жылы 25 маусымда Қарағанды облысы, Теміртау қаласында туған. Білімі жоғары. Мамандығы инженер-металлург, экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 1975 жылы Қарағанды металлургия зауытында токарь ретінде бастаған;1976 - 1978 жылдары Қызыл армия қатарында жауынгерлік борышын атқарған; Теміртау қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған 2012 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды – СЕРІК НЫҒМЕТҰЛЫ АХМЕТОВ



Ескерткіштер – НЕ?

2009 жылы Астананың жаңа алаңында монумент бой көтерді. Ескерткіштің жалпы биіктігі – 91 метр. Бұл еліміз егемендік алған 1991 жылды меңзейді. Монумент авторлары – мүсіншілер Нұрлан Далбай, Мұрат Мансұров және сәулетшілер Сәрсембек Жүнісов, Бақтыбай Тайталиев, Ерлан Жақыпбеков.

Ескерткіш діңгегінің ұшар басында киелі құс Самұрық бейнеленген. Ол қазақ халқының даму мен гүлдеп-көркеюге деген ұмтылысын көрсетеді. – «ҚАЗАҚ ЕЛІ» МОНУМЕНТІ

Астана – НЕ?

Сәулетті ғимарат жинақы монументалды 480 бөлмеден тұратын тұрғын үй кешенінен құралған. Ғимараттың жалпы ауданы – 112 мың шаршы метр, ал биіктігі – 142, 5 метр. Инфрақұрылым жабық мұз айдыны, үй кинотеатры, мейрамханалар, тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық жәрдем көрсету және балалар ойын - сауық орталығы, әмбебап дүкендермен қамтамасыздандырған. «Триумф Астана» ғимараты



Аукцион сұрақ – НЕ?

Қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту мақсатында Қыдырәлі Болмановтың бастамасымен құрылған бұл топ 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. Сол топтың аты – «Ұлытау» тобы



Спорт – НЕ?

2012 жылы Лондонда Қазақтың әнұраны 7 мәрте шырқалған болатын. Тағы 6 өреніміз жеңіс тұғырына көтерілді. Командалық есепте мемлекетіміз 12 орынды иеленді. Әсіресе, ауыр атлеттер 4 рет алтын тұғырға көтеріліп, айды аспанға шығарды. Олар кімдер? – Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин


ҚАЙДА ? СҰРАҚТАРЫ

Тұлғалар – ҚАЙДА?

«Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама аясында Моңғолия, Батыс Қазақстан және Ресей Федерациясының Астрахань облысына Халықаралық мәдениет танушылық экспедициялар ұйымдастырылған. Соның нәтижесінде 2000 жылы Монғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күлтегін балбалтас көшірмесі орнатылған. Күлтегін тас хатының көшірмесі қайда орнатылған? – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде


Ескерткіштер – ҚАЙДА?

Қорым солтүстігінде Берел жєне Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оњтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан. Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғғ. үйілген (2400-2300 ж. бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғғ. (1200-1300 ж. бұрын).Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді. 1999 жылы археолог ғалым Зейнолла Самашев қазба жұмыстарын жүргізді. Бұл ескерткіш қайда орналасқан? – Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Берел ауылында



Астана – ҚАЙДА?

Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның елордасы Астана қаласында ұйымдастырылатын Халықаралық көрме. 2012 жылы жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Астана үшін 103 мелмекет дауыс берген, ал бельгиялық 44 дауыс жинаған Льеж қаласын шаң қаптырған ЭКСПО 2017 байқауы қайда ұйымдастырылған еді? – Францияның Париж қаласында



Аукцион сұрақ – ҚАЙДА?

Республикамыздың 5 облысын басып өтетін ұзындығы 2787 км құрайтын автомобиль жолының 812 шақырымы қайдан өтеді? – Қызылорда облысынан



СПОРТ – ҚАЙДА?

2000 жылы өткен олимипиада ойындарында Қазақстан 22- орынды иеленіп, 3алтын, 4 қола медальға ие болды. Жеңімпаздар қатарында Олимпиада Чемпионы Бекзат Саттарханов, жеңіл атлектикадан Ольга Шишигина және тағы бір ардагер боксшымыз Ермахан Ыбрайымов бар еді. Бұл олимпиада қайда өткізілді? – Аустралияның Сидней қаласында


ҚАШАН? СҰРАҚТАРЫ (бейне жазбалар көрсетіледі, ол қандай тарихи оқиға және ол қашан болғанын айту керек)

Тұлғалар – ҚАШАН?

Тұңғыш Президент сайлауы – 1991 жыл 1 желтоқсан.



Ескерткіштер – ҚАШАН?

Оралхан Бөкей ескерткішінің ашылуы – 2013 жыл 13 қыркүйек



Астана – ҚАШАН?

Әлемдік діндер көшбасшыларының І Съезі – 2003 жыл



Аукцион – ҚАШАН?

Байқоңырдан Юрий Гагариннің ұшуы 1961 жылы 12 сәуір

Тоқтар Әубәкіровтың ұшуы – 1991 жылы 2 қазан.

Спорт – ҚАШАН?

«Азиада» қысқы олимпиаданың ашылуы – 2011 жыл 7 қаңтарға дейін.



Сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Мен сендерге қосымша дерек ретінде слайдты презентациялар даярлап әкелуге беріп едім. Олай болса ортаға 9 «А» сынып оқушыларын шақырамыз. Олар бізге «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы айтып бермек.

9 «Б» сынып оқушылары– «Нұрлы көш» бағдарламасы туралы жасалған жобаны назарларыңызға ұсынады.

10 «А» сынып оқушылары «Дипломмен ауылға» бағдарламасы туралы хабарлама әзірлеп келген екен, назар салайық.



3 – айналым – «22 белес» деп аталады. (сәйкестендіру)

Онда топтар өз тапсырмалары жасырылған конверттерді таңдап алсын.

1-конверт – «Тұлғалар»

2-конверт – «Есімдер»

3-конверт – «Жылдар» деп аталады. Ондағы тапсырмаларды бір-бірімен сәйкестендіру керек. Тапсырмалар А3 форматты қазағдарда орындалады.
Қатысушыларымыз тапсырмаларын орындап болғанша, көрермендермен ойын ойнап жіберейік. Ол үшін көрермендер назарын экранға аударса. Бейнекөрініске назар аударыңдар – «Астана елімінің бас қаласы»

Бейнекөрініс қай қала туралы?

Бейнекөріністе Астана қаласында неше ғимаратты көрдің? Ең көп атаған оқушыға сыйлығымыз бар.
Нысандарды санайықшы. Нешеу екен? – 22

22 саны еліміздің тарихымен қалай байланысады?

Олай болса, Қазақстанымыздың алған биіктері өте көп екен. Алға қойған мақсаттары да баршылық.

Сайысымыздың қорытындысы шыққанша, кезекті әсем әнге берсек. Ортаға 9 «А» сынып оқушысы Төлеужан Әлішерді шақырамыз. Ән: «Елім менің»



Әділ қазылар алқасына сөз беру, жеңімпаз топ пен үздік топбасшыны анықтау.

Қорытындылау.

Жеңімпаздарға құтты болсын дей отырып, ойында жеңілгендеріңе өмірде жеңілмеңдер деген тілек білдіремін.



Сабағымызды Елбасымыздың мынандай сөзімен аяқтасақ, «Еліміздің келешегі – бүгінгі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз және саналы ұрпақ!»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет