Қандай керемет балалар, сендер біздің отандық ғарышкерлерді барлығын жақсы таныйды екенсіңдер. Осы ағаларымыз біңдің отанымыздың мақтаныштары. Осы ағаларымыздай мықты, ақылды болғандарыңды тілеймін.
Тамаша жарайсыңдар балалар!
Балалар мүмкін біз бүгін ғарыш әлеміне саяхатқа барамыз, сендер ғарышкер болғыларың келеме?(Балалардың жауаптары). Біздің ғарыш тобымыз ең керемет топ болады деп сенемін.
Балалар ғарышқа ұшу үшін бізге не қажет болады? Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
Жарайсыңдар! Өте дұрыс айтасыңдар. Ал, бізде дайын зымыран бар ма?
Балалар: Жоқ.
Олай болса мүмкін біз өздеріміз геометриялық пішіндерден зымыран құрастырамыз. (Балалардың жұмысы: (балалар әртүрлі тәсілдерден (таяқшалардан, Кьюзин таяқшалары, әртүрлі пішіндерден, Никитин текшелерінен, компьютермен) зымыранды құрастырады).
Өте жақсы балалар. Сендер берілген тапсырмаларын жақсы орындадыңдар. Балалар білгеніміздей компьютердің алдында ұзақ отырған көзге зиян келтіреді, сондықтан көздеріміз шаршап қалмас үшін, көз жаттығуын орындайық.
(Интерактивті тақтада көз жаттығуы көрсетіледі).
Балалар көздеріміз демалып қалды, енді зымыранға мінбес бұрын скафанфорларымызды киіп алайық.