«Мен ің денсаулығым-менің болашағым» эстафеталық сайыс



Дата13.01.2023
өлшемі15,87 Kb.
#165466
Байланысты:
25казан сайыс


«Менің денсаулығым-менің болашағым» эстафеталық сайыс
Мақсаты:
Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру.Ұжыммен бірігіп жұмыс жасауға үйрету.
Танымдық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: Кедергілер, доп, үрленген ат ойыншық, , уақ доп, «Боулинг» заттары.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша бүлдіршіндері «Менің денсаулығым-менің болашағым» эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Қош келдіңіз қонақтарым төрлеңіз,
Әзірледік сізге орынды төрден біз.
Ұландардың ең құрметті қонағы,
Жанкүйерде төреші де өзіңіз.
Қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. Балабақша әдіскері: Атығаева Б.А
2.Балалабақша медбикесі: Кенжекаранова А
3. Балабақша психологі: Мугужанова А
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз.
Тәуелсіздік ел көгінде
Спортшы бола аламыз - деп - ойын шартымен таныстырайық.

Эстафеталық сайысымыз 5 бөліммен тұрады.
1. Таныстыру (топтың аты мен ұранын айту мен таныстыру керек)
2. «Бәйге» сайысы
3. «Кім жылдам?» сайысы
4. «Боулинг» сайысы
5. «Жүйрік паравоз» сайысы

Таныстыру кезеңі.
Жүргізуші: Еш қысылып саспайық,
Қызықты ойын бастайық
Сайысқа келген баланың
Сергітіп бойын алайық.
«Бәйге» ойынын бастаймыз.
Ойынның шарты: Балалар өздеріне берілген резенке атпен секіріп кедергілерді айналып келеді.
(Әділқазылар алқасы «Кім жылдам» бөлімінің бағасын берейік.)
Жүргізуші: Бақшада бүгін басталған
Дайын болын жарысқа
Жүгір, секір қалыспа
Топаралық жарыстан - дей келе «Кім жылдам?» ойынын бастаймыз.

Ойынның шарты: Балалар алдарына төселген қол,аяқ іздерімен өтеді.Ойынды сапалы әрі тез аяқтаған команда жеңіске жетеді.
(Әділқазылар алқасы «Кім жылдам» бөлімінің бағасын берейік.)

Жүргізуші: Өздерінің шапшаңдылығын ұғындырып,
Көрсетер көп еңбектенген мықтылық.
Келесі бұл сайыста
Қай топтың ептілігін анықтайық – деп «Боулинг» жарысын бастаймыз.

Ойын шарты: Балалар жүгіріп барып,боулинг шарын лақтыру арқылы кедергілерді құлатады. Көп құлатқан топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.
Әділқазылар алқасы 4 бөліміміздің қорытындысын берейік.

Жүргізуші: Денемізді шынықтырып,
Шыныққан біз баламыз.
Жаңғыртып біз елімізді,
Биіктерден көрінеміз - дей келе «Жүйрік паравоз» сайысын бастаймыз.

Ойын шарты: Ойын шарты: бірінше бала паровоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паровоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паровозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.

(Әділқазылар алқасы ойынның ұпайын берейік)

Жүргізуші: «Спорт» әнімен флешмоб биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Ендеше бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Марапаттау кезегін балабақша меңгерушісіне беріледі. Марапаттау рәсімі.(медальдар мен құттықтау қағазы) Қатысқан бүлдіршіндерімізге рахмет. Келіп тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет