МАРАПАТТАРЫ
«Ұлы Отан соғысы» ұғымы Ел үшін жанын қиған батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 70 жыл толды. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймайды. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды. Ұлы Отан соғысы (1941-1945) – Кеңес одағының фашистік Германияға және Еуропа Одақтастарына қарсы жүргізген соғысы. Екінші дүниежүзілік соғыстың ең маңызды және шешуші бөлігі. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия бейбітшілік туралы келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Қазақстан халқы отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасып, ерлік көрсете білді. Басқыншылардың «фашистік армия жеңілмейді» деген аңызының күл-талқанын шығарып, жойқын шайқасқа немістің 50 танкісі қосылғанда танктер шабуылын қатарынан екі рет тоқтатқан 28 панфиловшы батырлардың ерен ерлігі мен қаһармандығы ешқашан ұмытылған емес және ұмытылмайды да. Соғыстың соңғы нүктесінің Қостанай облысында құрылған Кутузов орденді 150-ші Идрицтік атқыштар дивизиясының қатысуымен қойылуы да көп нәрседен хабар берсе керек. Жанқиярлықпен күрескен майдангер батырлар ХХ ғасырдың ең алапат шайқасы – Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ жауынгерлер көп ұлтты Кеңес Одағы әскерлерінің арасында ерекше ерлігімен, қайтпас қайсарлығымен көзге түсті. Соғыс кенеттен басталғанымен бүкіл Кеңес Одағы алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасқан. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей адам Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астам адам «Даңқ» орденінің толық иегері атанған. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды, олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонид Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы - мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі - қазақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да қазақстандықтар шайқасқан. Солардың бірі - Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы, әскери жазушы Бауыржан Момышұлын, 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Жауынгерлері жаумен жан аямай шайқасқан қазақстандық бес әскери құрамға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, олардың тұлпарына бірнеше ордендер қадалды. Соғыс кезінде 3,5 мыңдай қазақстандық партизан отрядтарының құрамында болып, Жеңісті жақындатуға өз үлестерін қосты. Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алған азаматтардың арасында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалар болды Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқынды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Ұшқыш Кожедуб 3 мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері атанды. Соғыстан кейінгі күйреген экономиканы қалпына келтіруде ардагерлер қажырлылық танытып, атсалысты. Ардагерлеріміз көрсеткен ерліктері, отансүйгіштіктері, бірліктері, бауырмалдық және ынтымақтастық қасиеттері бүгінгі күнге дейін ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан үлкен құндылық. Жеңімпаз аға-әпкелеріміздің ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекетті құра алмас едік. Тағы бір айта кететін жайт, сол бір сұрапыл соғыс жылдары көптеген зауыттар мен фабрикалар Қазақстанға көшіріліп, олармен бірге, көптеген адамдар да келді. Қазақ халқы олардың барлығын құшағын жайып қарсы алып, бауырына басты. Соғыс жылдары елдің мерейі, біздің халқымыздың беделі үстем болды. Жасыратыны жоқ, қазір әлемде қолайсыз жағдайлардың болып жатқанына қарамастан, бүгінгі күнге дейін бейбіт аспан астында бейбітшілікті көзіміздің қарашығындай сақтап келеміз. Ең бастысы, көп ұлтты халқымыздың арасындағы достықтың нәтижесінде тату-тәтті тіршілік жалғасуда. Қасиетті Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі жолында сұрапыл да жойқын соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.Туған Отанының бостандығы мен азаттығы үшін ауызбен айтып жеткізгісіз қиындыққа төзіп, Ұлы Жеңіске қол жеткізген майдангерлерден қалыспай, тылда қажырлылықпен еңбек еткен тыл ардагерлеріміздің де еңбегі орасан зор. «Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпашылықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген сол бір қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің, анығырақ айтқанда, бүгінгі ұрпақтың ризашылығы шексіз», – деді Елбасы. Елдің басына үлкен қауіп пен қатер, алапат қайғы мен қасірет төнген сол бір ауызбен айтып жеткізгісіз ауыр уақытта оттан да ыстық Отан үшін от кешкен майдангерлердің көрсеткен өшпес ерлігін, қаһармандық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс. Ерлікке – мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтаймыз және уақыт өткен сайын майдангерлердің жауынгерлік қаһармандық ерліктерін жиі еске алатын боламыз. Майдангерлердің соғыстан кейінгі қираған қалаларды, мемлекетті қалпына келтіруге қосқан үлестері де сүбелі. Осы қиыншылықтың бәрін көрген, басынан кешкен еліміз бейбіт, ядролық қарусыз өмір үшін күрестің, сондай-ақ, көрші елдермен туыстықтың, ынтымақтастықтың қолдаушысы болып келеді. Бір құптарлығы, біздің елімізде бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық салтанат құрған, әрине, онда соғыс ардагерлерінің де үлесі зор. Жеңіс – Қасиеттi мереке 1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алған деуге болады. Ұлы Жеңіс тойы – бұрынғы кеңестік халықтардың ортақ, басты мерекелерінің бірі. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке. Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы тарихымыз мәңгілік, Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі. Біздің парызымыз — бұл алапат соғыстағы Жеңістің бізге қалай келгендігін ұғыну, қаза тапқандарды қадір тұтып, арамызда жүрген ардагерлерге ұдайы қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс солдаттары алдында мәңгілік қарыздар. Қуаныш пен қайғы жасы қатар келетін Жеңіс күні мерекесі баршамыз үшін өте қастерлі, аса қымбат. Майдангерлеріміздің осы жанкешті еңбектері ұрпақтан-ұрпаққа өшпес үлгі өнеге болып қала бермек. Сондықтан да, қан майданнан оралмаған батыр қандастарымыздың есімі мәңгі ел есінде, ал осы күнге жеткен қазыналы қарттарымыз, ардагерлеріміз әрқашанда мемлекеттің ерекше қамқорлығында. Ешкім де ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн. «Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр. Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр» - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмыр басты пенде үшін теңдессіз құндылық, ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Иә, Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы азайып барады емес пе?! Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «бірлік». «Ер есімі – ел есінде», - демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ.
Толығырақ: https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/9_mamyir_2015/26331/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Жеңіс туы, Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік! Жеңіс жыры, Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып! Жеңісім – салтанат, сән, сәулет, Жеңісім – береке, бақ, дәулет! Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 70 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін қалдырды.
Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/27839
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |