Мен Мәншүкпін, солдатымын майданның. Танырмысың естіппе едің атымды?



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#94985
  1   2
Байланысты:
СОҒЫС


Мен Мәншүкпін, солдатымын майданның. Танырмысың естіппе едің атымды?.
Ұзақты күн аңдыстық, қулығыңды асыруға тырыстың, ақырында көзін тауып құлаттым. Дәл түбінен тигізіппін құлақтың. Бұлда менің сыйласымнын біреуі, темір кірес тағынған. Аңғардың ба кімнің атқыш екенін? Жата бер сен қалсын енді кектестік. Өлген жауға жерім менің жетеді. Сен де маған мәлімсің. Әрине сен келген жоқсың қыз қолынан өлуге. Келгенсің сен біздің елді күйрете бір жеңуге, музыкалы салтанатпен енуге. Бірақ оны тәңірім тағдырыңа жазбапты. Неткен жымжырт тына қапты барлығы. Зеңбіректің күйген даусы қарлығып тоқтағандай айқайлауға жарамай. Тек мына бір ақ қайыңның жапырағы күмбірлейді күрсінеді жылайды. Әлдекімге өмір, бақыт сұрайды.....Мама, мама күнім деген сенсің ғой. Әрең жетті ау әлсіреген дауысың Тек жыламашы, шыдап бақшы ерсіңғой. Бар емес пе еді бір еркектей намысың. Сағындың ба .Мен де сені сағындым. Қандай ана сағынбайды баласын мама жүрегімде жалғыз өзің ғанасың. Папам менің айыпталған жазықсыз біз жаладан жау семьясы атандық мама сақ бол мама кетпесінши сындырып. Аяу білмес жүрегі тасқа толды мама мама жүрегіңді сақтай бер Менде саған оралғанша күт оралмасам қош сау бол мама


Әлия, Мәншүк – қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіңе таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр.
Мәңгілік от – ескерткіші алауы.
Әлия, Мәншүк гүлдей нәзік бірақ та,
Гүл боп атың өсіп жатыр қыратта.
О, тәңірім, соғыс атын жандыртпа,
О, тәңірім, балаларды жылатпа.
Мектебіне, бақшасына бүлдіршін,
Барсын, күлсін, анасымен бір жүрсін.
Бейбітшілік күні жанса төбеде,
Әлия, Мәншүк біреу емес, мың гүлсің!
ЖЕҢІСТІ ЖАҚЫН ЕТКЕНДЕР
ТЫМ ЕРТЕ СӨНІП КЕТКЕНДЕР
СӨНБЕЙТІН АЛАУ БАРЫНА МӘҢГІЛІК СЕНІП КЕТКЕНДЕР
ЕЛ ҮШІН ҚҰРБАН БОЛҒАНДАРЫҢ ҮШІН
МӘҢГІЛІК ҮНСІЗ ҚАЛҒАНДАРЫҢ ҮШІН
МӘҢГІЛІК ОТ БОЛЫП ЖАНҒАНДАРЫҢ ҮШІН
ЕСКЕ АЛЫП БІР МИНУТ ҮНСІЗ ТҰРАЙЫҚ


22 маусым ел тарихындағы қаралы күн. 75 жыл бұрын, дәл осы күні фашистік Германия Кеңес Одағына басып кіріп, халық тыныштығын бұзды. Сұрапыл соғыс миллиондаған адамның өмірін қиды. Отан үшін от кешкен майдагерлердің көзі тірілері қасық қаны қалғанша бейбіт өмір үшін күресті! Жеңіске жетті! Десе де отты жылдан қалған орны толмас қасіретті ұмытқан емес.

Көз тіксем сонау селді өткеліме –


Сұстанам от сұрапыл шеккен күнге, -
Ерлермен майдан зілін сілкідім бір,
Масайрап сол күн жеңіс көктемінде.
Қалижан Бекхожин
"Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі" бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. "Ел ерімен еңселі," "Елім" деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр- аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды.
Иә, қанқұйлы, сұрапыл соғыстың біткеніне де жетпіс жыл болады. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмайтын ізін қалдырды. Жеңіс үшін төленген құнның бірі— балалық шағын соғыс өрті шарпыған балалардың көз жасы. Соғыс және балалар деген ұғымның санаға симайтын, бір – біріне сәйкес келмейтін ұғым екенін түсінеміз. Дегенмен 1941-1945 жылдардағы балаларға соғыстың бар ауыртпалығын бастарынан өткізуге тура келді. Олар аштықты, жалаңаштықты көріп, қара қағаздан қайғы жұтып, зар жылаған ана дауысын естіп өсті. Осындай сұрапыл соғысты басынан кешірген, қан майданда бар күш-жігерін жұмсап, жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан ерекше жандардың бірі, менің отбасымның мақтан тұтар азаматы, менің нағашы атам — Оспанов Мағзатай. Оспанов Мағзатай 1915 жылы Қызыл әскер қатарына алынып, Фин соғысына қатысқан. Содан соң Ұлы Отан соғысы болып жатқан қан майданға қатысты. Соғыстың басынан аяғына дейін, арнайы көлік жүргізушісі болды. Соғыста атам қару-жарақ тасып, майдангерлерге көмектесті. Соғыс біткеннен кейін бір жыл Беркуд қаласының орталық штабында көлік жүргізушісі болды. Атамның соғыс уақытында жүргізген көліктері: «Зис- 5» «Судобекер» (Американың көлігі) «Мерседес» (Германия көлігі) . 1946 жылы атам еліне аман-есен оралып, отбасын құрды. Соғыстан кейін елде ауылшаруашылық саласында көп жылдар бойы еңбек етіп, жүргізуші болып жұмыс істеді. Қайсар ерлік көрсеткені үшін көптеген марапаттарға ие болды. « Запалярьені алғаны үшін», «Ленинград қаласын қорғағаны үшін», «Германия әскерін жеңгені үшін және «Қызыл Орден», «Ұлы Отан соғысының ІІ және ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен» марапатталды. 2002 жылы 87 жасында ауыр науқастан дүниеден өтті.
«Жақсының жақсының айт нұры тасысын»-деген халық даналығы бар. Мағзатай қария ауылымыздың сыйлы адамы еді. Бала күнімізден бері ескінің көзі, әкеміздің замандасы ретінде көзімізге ыстық көрінетін. Шағала апаймызбен қатар жүріп,балалары мен немелерінің қызығын көрген аяулы қарияның өнегелі өмірі- ұрпағына молынан дарысын, деп әңгімелейді ауыл тұрғындары.
Ал мен үшін атамның жасаған ұмылылмас ерлігі, батырлығы біздің отбасымыздың жүрегінде мәңгі сақталмақ. Себебі біздің ата-бабаларымыздың ерлігі – баға жетпес құндылық, тарихи шежіреміз. От пен суды кешіп өтіп, соғыстың бүкіл сұрапылын басынан өткеріп, ақыры Ұлы Жеңісіміздің салтанатты жетпіс жылдығын одан әрі сан ғасырлық мерейін тойлауға жеткеніміз үшін біз, өзімізді бақыттымыз деп санаймыз.
Өйткені біз тарих пен тағдырдың бұралаңы көп жолдар мен ғасырларға созылған ұзақ уақыттағы қиыншылықтардың барлығын басымыздан өткеріп, көріп келген елміз. Бұл Жеңіс онайлықпен келген жоқ. Бізге берген Құдайдың сыйы да, бағы да емес. Ата-бабаларымыздың ұрпағым,елім,жерім деп армандап өткен, сол үшін тер төгіп, талай қан төгіп, мың тіріліп өзім жүріп жетпесем де ұрпағым жетсін деп, армандап өткен еңбегінің жемісі.
Жеңіс күні- бұл мыңдаған ұрпақтарымызға ортақ мереке. Отанын қорғаған жауынгерлер мәңгілік есте қалады. Олар өздерінің батырлықтарын көрсетіп Отаны үшін барлығына да дайын болды. Олар өз Отанына деген сүйіспеншілігін осылай дәлелдеп, елімізге жеңіс туын алып келді. Соғыста Отаны үшін кеудесін оққа тосқан, қанымен,жанымен арпалысқан ата, аға, бауырларымызды ешқашан ұмытпай, оларды сағынышпен, құрметпен еске аламыз. Біздің ендігі парызымыз- бұл күнді еске сақтау. Жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан ерен еңбектерін ешқашан ұмытпау. "Ер есімі- ел есінде" демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар , апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Елімізде тыныштық, амандық болсын. Ешқашан соғыс болмасын! Міне, сол қайсар батыр атамның есімін, жасаған ерлігін ұлықтау, рухына тағзым етіп, асыл қасиеттерін, қажырлы ерлігін мәңгі жүрегімде сақтау- менің парызым деп санаймын. Барлық соғысқа қатысқан ардагер аталарыма мына жыр шумақтарын арнағым келеді.

Батырларға арналыпты жыр дастан,


Қарлы-суда мұхиттар мен тау асқан,
Ұмытылмас бабалардың ерлігі,
Елі менен жері үшін шайқасқан.
Ауыр жылдар артта қалған тым алыс,
Ел есінен өшпейді,қалмас қамыс.
Бақытты өмір болашаққа сыйлаған
Бабаларға ұрпақтарға мың алғыс!
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының 7 «ә» сынып оқушысы Мұқаметхан Әдия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет