«Мен өмірді сүйемін» атты сауалнама және сурет байқауының қорытындысы
Мақсатты: өмірге құштарлығын, өмір сүйгіштігін және аутоагрессияға бейімділігін анықтау.
Өзіңе, өз өміріңе көңілің толама?
А) Ия Ә) Жоқ (себебі)
2. Отбасыңмен, достарыңмен және мұғалімдермен қарым-қатынас барысында қақтығыс немесе ренжісу жағдайлары кездеседі ме?
А) Ия Ә) Жоқ Б) Кейде
Отбасында немесе мектепте ұрыс-керіс, саған қатысы бар жанжалдар болған жағдайда ата-анаңды үйден кетемін немесе т.б себептер айтып қорқытасың ба?
А)Жоқ Ә) Ия (қалай)
Егер сол ұрыс –керіс жағдайы шын мәнінде болған жағдайда , отбасына және өзіңе зиян келтіретін дөрекілікке күш-жігерің жетіп бара аласың ба?
А) Ия бара аламын Ә) Жоқ бара алмаймын Б)Жәй солай қорқытамын
5. Өзіңе-өзің зиян келтіру әрекеті дұрыс деп ойлайсың ба? Пікіріңді жаз
А) Ия дұрыс Ә) Жоқ дұрыс емес
Себебі, қандай жағдай болмасын кез-келген адам Алланың берген сынағын сабырмен қарсы алуы керек.
6.Өзің бір қиындыққа тап болсаң, сол жағдайдан шығу үшін кімнен көмек, кеңес сұрайсың?
А) ата-анамнан Ә)Өзім шешем Б) Мұғалімнен В)Психологтан
7. Мектептегі достарыңның арасында ұрыс- керіс,қиындықтарға кездессеңдер теріс әрекетке
( үйден қашу,өзіне зиян келтіру т.б) барады ма? Сондай оқиғалар болды ма?
Кім?(аты-жөні)
Жоқ, ондай оқиғалар болған емес.
8. Сені қорқытып, бір нәрсе жасауға мәжбүрлеп немесе қоқан –лоқы жасап жүргендер жоқ па?
А ) Жоқ Ә) Ия, бар (Кім?)
9. Мектепте немессе басқа жерлерде сені қорқытып , ақша талап ете ме?
А ) Жоқ Ә) Ия, бар (Кім?)
Сөйлемдерді аяқта......
«Мен өзімді бақытты сезінетін кездерім ата-анам маған разылығын білдіргенде; өзім жақсы көретін нәрсемен айналысқанда; өз-өзімнің нәпсімді жеңгенде болады»
«Жаман сезімдер өзімнің жалқаулығымды жеңе алмағанда; қызғанышқа бой алдырған кезде; жақындарымды ренжіткен кезде; ашуымды ұстай алмаған кезде болады.»
«Мен неге тым ашушаң, ұсақ-түйек нәрсенің өзіне тез ренжігіш екенімді түсіне алмаймын»
«Менің өмірім бақыттырақ болар еді, егер жалқаулық пен нәпсіні жеңіп, өз жоспарларыммен жүретін болсам; ашуымды тиып, көп жағдайда сабыр ететін болсам »
«Мен өз бойымдағы ең негізгі өзгерткім келетіні өзіме ұнамсыз қасиеттерді; кейбір маған зиян әкелетін мінездерімді»
Достарыңызбен бөлісу: |