Табиғат ғажайыптары
Мақсаты: табиғатты туралы ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Міндеттері: 1.Табиғат туралы сөз қозғау. 2.Табиғатты, жерді қалай қорғау туралы айту. Түрі:сайыс сабақ Әдісі:түсіндіру, жазғызу, тақтаға шығару. Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І.Кіріспе бөлім. Оқушылармен сәлемдесу, дұрыс отырғызып, сабаққа назарларын аудару. Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру. Оқушыларды үш топқа бөлу: І топ: жер. ІІ топ: су. ІІІ топ: күн. Топтың ұраны ретінде әр топтың атына байланысты: «Жерден-нәр», «Судан-күш», «Күннен нұр» деп жазылған ұран таратылады.
Бағалаушы шарттын түсіндіру. Үш топқа арналған әр тапсырманың дұрыс жауабын қадағалайтын әділқазыларды сайлап алу.
ІІ.Негізгі бөлім.Мұғалімнің кіріспе сөзі.-Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезде күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын ұқыпты пайдалану болып отыр. Жаңа сабақ: «Табиғаттың ғажайыптары». «Тәрбие бесіктен басталады» дегендей,болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп,тәрбиелеуді отбасы,ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау-көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі сабағымызда табиғат туралы білімдерімізді ортаға саламыз. Ол сайыс арқылы жүзеге асады.
1) Экранда көрсетілген слайдтарға байланысты «Отан», «Туған жер, «жан-жануарлар», «Құстар», «Гүлдер» туралы мақал-мәтелдер айту.
2) «Табиғат менің көзіммен» тақырыбы бойынша ой толғаныс.
3) Тапсырма: берілген мақалдардың мағынасын түсіндір: 1топ – «Табиғатқа құрметпен қара» 2топ – «Сыйға – сый» 3топ - «Не ексең, соны орасың»
4) Келесі тапсырма сөзжұмбақ шешу. Адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын табу
Қ А Б К І Д К
Л Р Ү Р Т Е І
Ы Ғ Қ А Е Г Л
Ш А И З Л К І
Қ О Қ К Е Е К
5) Әр топ туған жерге байланысты таратылған тірек сөздерден қанатты сөз жасап ,тақтаға іледі: І топ : Туған жерді сую –парыз, ІІ топ: Сүю үшін білу-парыз, ІІІ топ : Табиғатты ұғу –парыз.
Сергіту сәті : «Тілек музыкамен»
6) Әр топ өзі таңдап алған тақырыпқа « 5 жол өлең» құрастырады.
1топ – «Табиғат»
2топ – «Достық»
3топ – «Күз»
Ойын: балалармен есте сақтау қабілеттерін анықтау мақсатымен ойын өткізу.
Оқушыларға 32 сөз оқылады, сол сөздерді қағазға жазады. Қай топ көп сөзді жазып үлгереді, сол топ жеңеді.
« Аю, терек, раушан, қарға, түлкі, шағала, кесе, қасқыр, қасық, роза, қарағай, тарелка, емен, орман, маймыл, қайың, үйрек, ағаш, қаз, шырша, жолбарыс, ожау, арыстан, қарлығаш, қоян, аққу, бүркіт, күркетауық, тауық, қалақ, керік, стақан».
ІІІ.Қорытынды кезең. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша , «Табиғат біздің қолымызда» атты тақырыпта ойын ұйымдастыру. Ойынның мақсаты: қоршаған ортаны гүлдендіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, экологиялық зардаптарды болдырмау.
Барысы: Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Нәтижесінде гүл отырғызу.
1. «Жер» тобы ыдысқа топырақ салады.
2. «Күн» тобы гүлдің бір бөлігін топыраққа отырғызады.
3. «Су» тобы гүлге су құяды.
Сабақ соңында бәрі хормен «Атамекен» әнін орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |