Мен Семей қаласының «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде



Дата14.05.2020
өлшемі16,09 Kb.
#68498
Байланысты:
есеп


Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Қазақ филологиясы факультеті «5В012100 қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Қ-609 тобының 4 курс студенті Маулан Марал Есболқызының педагогикалық практика бойынша
Есебі

Мен Семей қаласының «№11 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20.01.2020-04.05.2020 жыл аралығында педагогикалық іс-тәжірибесінен өттім. Тәжірибеміздің университеттен бекітілген жетекшісі Түрікпенова Айгүл Жұманқызы бізге жүктелген міндеттер мен діттеген мақсаттарымызды түсіндіріп, тәжірибе барысында жинақталатын құжаттардың тізімін атап, толтыруға қажетті күнделікті қолымызға ұстатты. Сонымен қатар, қалай және қай жерлерін толықтыру керектігі жайлы нұсқаулық берді. Педагогикалық тәжірибеміздің қай мектепте өтетіндігін хабарлап, аптаның алғашқы күні сағат 10.00-де мектеп алдында жиналу керектігін айтты. Мектепке барған соң мектеп әкімшілігімен таныстық. Мектептің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ибраева Сәуле Дүйсенгазиевна бізді сыныптарға бөлді. Мамандығымыз орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту болғандықтан бізге орыс сыныптарын бөліп берді. Және біздің сынып жетекшілерімізді де айтып кетті. Менің сынып жетекшім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухамедьярова Қатипа Кудайбергеновна . Қатипа Кудайбергеновнаның сыныбы 8 «Г» сыныбы маған сынып жетекшілікке берілді. Бізге бөлінген сыныптар бірінші ауысымда оқығандықтан, тек қана бірінші ауысымда сабақ береміз. Оқушылар тізімімен, сынып жеткшісімен тікелей танысып, ақпарат алыстық. Барлығы 23 оқушы оқиды екен. 11- ұл, 12- қыз бала. Алғашқы апта бақылау аптасы болды.



Негізгі тәжірибемнің мақсаттары: мұғалім мамандығына деген сүйсіпеншілікке,тұрақты қызығушылыққа тәрбиелей отырып, студенттің өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезінуіне жол ашу. Үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру. Студенттің теориялық білімін тереңдету және бекіту, оны практика жүзінде іске асыру. Мектептің тұтас педагогикалық процесіне араласа отырып әлеуметтік педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдете отырып, болашақ маман ретінде қалыптасу. Педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық қабілетін, ғылыми-зерттеушілік әдісін дамыту. Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.

Мектептің жалпы әлеуметтік жағдайы өте жақсы. Мектеп білім беру үдерісінде қолданылатын жаңа инновациялық технологиялармен жабдықталған. Мектепте оқитын оқушылар саны көп болғандығы оның дәрежесі мен білімнің жоғарғы деңгейде екенін көрсетеді. Жалпы оқушылар саны - 1602. Мұғалімдер саны - 130. Оқушылар қаланың әр бұрышынан оқуына байланысты арнайы микроавтобустары оларды мектеп пен үйлеріне жеткізіп отырады. Мектептің жаңа ғимараты бой көтергендіктен әрі оқушылар санының көптігі екі корпустың жұмыс жасауына негіз болып отыр. Мектептің жұмыс режимі екі ауысымды. Жұмыстың негізгі бағыттары – жаңа технологияны сабақта қолдану. Әр сынып компьютермен жабдықталған болмаса да, негізгі жаңа технологиялық құралдарды барынша орнатуға тырысқан. Мектептің материалдық базасы бойынша: екі спорт зал, акт залы, асхана, дәріс залы, кітапхана, Wi-fi желісі орнатылған, интерактивті тақта және тағы да басқаларымен толық қамтамасыздандырылған. Екі спорт залы дайындалған. Оның біреуі жоғары сынып оқушыларына арналған болса , енді біреуі төмен сыныпта оқитын оқушыларға арналған . Спорт залдың екеуі де спорттық кешендермен жабдықталған. Әр түрлі пәндердің өзінің арнайы оқыту кабинеттері, балалардың мұғаліммен бірге жеке жұмыс жасауына арналған арнайы кабинеттер де бар. Оқу үдерісіне қажетті барлық мүмкіншіліктер жасалған. Өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық балалар үйірмелері де бар. Олар «Жас ұлан» және «Жас қыран» деп аталатын басқару органдары. Мектептің жалпы сипаттамасы осы, бұдан кейінгі жұмыс бағытым сыныпқа негізделді. Сынып оқушларымен таныс болу үшін сынып жетекшісінің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша орта және қысқа мерзімді жоспарлармен, тәрбие жоспарларымен, сыныптың әлеуметтік құжаттарымен және сабақ кестесі, қоңырау уақытымен, оған қоса мұғалімнің дидактикалық материалдарымен де түгелдей таныстым. Қажетті деген жерлерді күнделігіме түртіп, толықтырып отырдым.Алғашқы апта бақылау аптасы болғандықтан мұғалімнің сабақ беру, түсіндіру барыстарын мұхият қарап отырдық. Қазақ тілі сабағында мұғалімнің пайдаланатын әдістемелеріне назар аударып отырдым. Пән бойынша жетекшім - Искакова Гүлмираш Рымбаевна. Арасында мұғалімнің бізге берген тапсырмаларын орындадық. Әрине, өз мамандығымның қыр-сырын жете түсіну үшін қазақ тілі пәнінің өтілу барысына аса көңіл бөліп, құлақ түріп отырдым. Қазақ тілі пәні аптасына бір сыныпта 5 сағат өтіледі екен. Жетекшім мұғалімдік салада ұзақ жылдар қызмет атқарған, білікті ұстаздардың бірі. Ол кісі бізге жаңартылған оқу мазмұнына сай барлық құжаттармен, оқу әдістемелік кешендердің баршасымен толық таныстырып, олармен қалай және қай уақытта қолдану керектігі жайында тәжірибиесімен бөлісті. Дәптерлеріндегі қателерді қалай тексеру керек не болмаса қандай әдісті тиімді пайдалану керек деген сұрақтарға кішкене мағлұмат беріп, пән мұғалімімен жақсы қарым-қатынаста болдық. Алғашқы сабақ беруім өте жақсы болды деп айта алмаймын. Себебі теориялық тұрғыдан алған білімді практикалық түрде қолданғанда міндетті түрде олқылықтардың болатынын ескеру керек. Ең бірінші сабағым 8 «Г» сыныбында болды. Сабақ біткен соң, сыныптың соңғы жағында отырған Гүлмираш Рымбаевна ескертулер жасады. Келесі сабақтарда ол қателіктерді қайталамауға тырыстым. Іс- тәжірибе жетекшіме айтар алғысым шексіз. Бізге берілген 15 апта барысында қысқа мерзімді жоспарды дайындау, сынып сағаттарын өткізу, көрнекі құралдарды тиімді пайдалану, оқушылармен қалай жұмыс жасау секілді көптеген жұмыс барыстарымен танысып, машықалып та алдым. Сабақ беру аса қатты қиын болған жоқ. Балалардың қызғушылығын оята бісе болғаны. Тәрбие жоспары бойынша: “Дети цветы жизни”, “Люди тянутся к звездам”, “Что такое быть дружным?”,“ЖИЗНЬ БЕЗ ВРЕДНЫХ ПРИВЫЧЕК” тәрбие сағаттарын өткіздім.

Сонымен, педагогика іс-тәжірибеден өту барысында болашақ маман ретінде қалыптасума септігін тигізер тәжірибелік дағдыларды көптеп меңгердім. Атап айтсам, қысқа мерзімді жоспарды қалай жасауды, мұғалімнің жеке іс-қағаздарын дайындауды, әр оқушының психологиясын сараптай отырып, олармен қалай қарым-қатынас жасауды үйрендім. Балалардың психологиясына мән беру арқылы сабақ жүргізуді, әрбірінің жеке ерекшеліктерін ескеруді, олармен тиімді қатынас жасауды сәл де болса игердім. Педагогикалық іс-тәжірибенің болашақ педагогты жеке тұлға, білікті маман ретінде қалыптасуында маңызы зор. Өткен тәжірибемнің болашақта жұмыс жасауыма, білімді де білікті маман болуыма септігін тигізері сөзсіз.



Іс-тәжірибеден өтуші:­­­­­­­­­­ Маулан М.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет