2. Жас мамандармен таныстыру..
Кеше ғана мектеппенен қоштастық.
Таныс емес, өзгелермен достастық.
Ыстық екен балалық шақ өмірде,
Қалады екен өмір-бақи көңілде –деп, сөз кезегі жас мамандарда. Расында да, мына отырған жас мамандар кешегі мектеп бітіруші түлектеріміз. Мектеп бітірген соң студент атанып, жоғары оқу орындарда оқып, өздерінің сүйікті мамандықтарын алып шықты.
Сіздер енді мектеп бітірушілерге мамандық таңдау жөнінде өз пікірлеріңізді білдіріп, ақыл-кеңес айтып, ой бөліссеңіздер деген ұсыныс жасаймын.
1. Сейдахметова Нүргүл-әпкелерің Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академияда 4-курс студенті,мамандығы –киім дизайны
2. Рахимова Мөлдір.-әпкелерің
3. Мырзағали Азамат-ағаларың
3. «Мамандық түрлері» дайындалған бейнероликке назар аударайық.
Мамандық таңдау- адам өміріндегі аса жауапкершілікті қажет ететін кезең. Мектептің табалдырығын аттағандағы бүлдіршін 15-18 жас аралығында өмірлік жолын айқындауға тырысады. Өз өмірінде ойып орын алатын мамандық әлеміне сапар шегіп, қиялымен ақылына ерік бере отыра мамандық таңдайды. Кейде достарының таңдауына, кейбірі ата-ана ақылына сүйенеді. Тек ілуде бірі ғана жүрек үнін тыңдайды. Яғни мамандық таңдауда алдымен жүрекпен қалап, одан соң денсаулықпен қабілетіне, одан соң қоғамға тиімділігін де саралаған жөн. Өздеріңіз көріп отырғандай мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік.
4.Жас мамандарға сөз кезегі.
5. Ойын «Мамандықтар иесі», «Менің есімім». «Мамандықты тап». Бұл ойынға барлық кешке қатысушы оқушылар жас мамандар қатысады. Алдымен сіздерге мамандық аттары жазылған парақтар беріледі. Шешуін тапсаңыздар ортада шығып мимикамен көрсетіп ,
жасырылған мамандықтарды табу керек.
«Менің есімім».Бұл ойында оқушылар өз есімдерін атап ,бас әріптерінен келетін мамандық аттарын атап,сол мамандықтың қасиеттерін айтып береді.