9. Шеберлік сыныбы. Ендігі кезекте бүгінгі қонақтарымыз,өз істерінің шеберлері өз кәсіптерінің қыр-сырын айтып, оқушыларымызға осы мамандықтар жайлы толық мағлұмат беруін сұраймыз.
Кері байланыс: Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
— Осы күннен не алдыңыз?
— Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?
Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі — бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер — уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да — жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен — өнеріме сенемін.
Арым — таза, ақ көңіл — адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет — адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім — білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі — болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда, Үлкен арман керек екен адамға.
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-
бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: Мектептен түлеп ұшқалы отырған 9-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата-аналармен және кешегі түлектер, бүгінгі жас мамандармен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.