Мен таңдаған мамандық Кештің мақсаты



бет1/13
Дата09.10.2023
өлшемі112,31 Kb.
#184255
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
!!!! Мен таңдаған мамандық кездесу


Мен таңдаған мамандық

Кештің мақсаты:. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; жас мамандармен кездесу.

Өтілу барысы:
1. Кіріспе сөз.
2.Жас мамандармен таныстыру.
3. Бейнеролик
4. Жас мамандарға сөз кезегі
5. Ойын «Мамандықтар иесі», «Менің есімім», «Суреттер сөйлейді».
6. Оқушылар мен қонақтармен сұхбат.
7. Қонақтарға сый.
8. Қорытынды.
1.Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Мен таңдаған мамандық » атты кездесуімізге қош келдіңіздер! Әдетте мектептен 8- 9 сынып оқушыларын көбіне қандай мамандықты таңдаймын немесе таңдаған мамандыққа қалай қол жеткіземін деген ойлар мазалайтыны анық. Сондықтан да мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге түрлі жас маман иелерін шақырып отырмыз. Бұл қонақтармен кездесіп, ой бөлісу, пікір алысудың маңызы өте зор. Кездесуімізді бастамас бұрын мектебіміздің директоры Карбузов Қуандық Қожанұлына сөз береміз.
Атақты ғұлама Әл – Фарабидің сөзімен бастағым келіп отыр.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз -
Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Алдымен мамандық, мамандық таңдау деген не екеніне қысқаша түсінік беріп өткенді жөн көріп отырмыз.
Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді екен. Біреулері үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, ал келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулер үшін – әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы сөз қозғайтын боламыз
Әрбір мамандықты таңдау үшін, ең алдымен өзін және өз бейімділігін тану қажет және өз-өзіне «Мен кіммін?», «Болашақта қандай маман иесі боламын?», «Өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақтарға жауап іздеу қажет деп ойлаймын. Э.Ф. Зеер айтқандай «Мамандықты дұрыс таңдау – ол өмір жолының сәттілігінің негізі» дегендей мамандықты дұрыс таңдай білу алдағы өміріңнің сәттілігі деп түсіну керексің.
Сондықтан да, оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге осы мектебімізден түлеп ұшқан біздің оқушыларымыз ,кәзіргі таңда жас маман иелерін, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет