Сабақтың тақырыбы «Ғажайып математика»



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі139,08 Kb.
#29569
түріСабақ
  1   2





Сабақтың тақырыбы


«Ғажайып математика» интеллектуалды сайыс


Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділік: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,

қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту,

Дамытушылық: іздену қабілеттерін дамыту, өмірде кездесетін қиыншылықтарды оқушының өзі шеше білуіне ықпал жасау, өз күшіне сенімін арттыру

. 

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу;

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

Оқушылардың өз ойларын білімдерімен ұштастыруда,

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел. 



Сабақтың типі

Білім-білік дағдыларын тиянақтау, жарыс сабағы

Сабақтың түрі

Интеллектуалды сабақ

Сабақтың әдістері

Жеке-жеке, оқушылардың өзара жарысы

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Сабақтың кезеңдері

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

  1. Танысу сәті ;

  2. Үй тапсырмасы (Сәйкестендіру);

  3. «Кім мықты?»(Жұмбақ);

  4. «Жалғасын тап» ойыны;

  5. Есте сақтау қабілеттерін тексеру;

  6. Логикалық есептер;

  7. Көп ойлан,сөз ойла;

  8. Көрерменге көп сұрақ;

  9. Қорытынды.

2. Өткен сабақты қайталау: уй тапсырмасы

  1. Үй тапсырмасы (Сәйкестендіру);

Айыра біл жақсы менен жаманды,

Айыра біл қарындаш пен қаламды,

Айыра біл соқпақтарын өмірдің,

Айыра біл тапсырмаңды алдағы.

3. Жарыс кезеңдері

  1. «Кім мықты?»(Жұмбақ);


Мықты болсаң, алдағыны басып оз,

Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң, тайғанама, құлама,


Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт!

Жұмбақ :

Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.

Шіңкілдек жүр шіңкілдеп.

Сенімен бірге жүрем деп.

Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,

Тоңқылдақ жүр күңкілдеп. (0-9 сандары)

Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзеп тұрады. (өшіргіш)

Дүниеге тұмсықсыз-ақ келеді,

Дегенменен тұмсығынан өледі. (қарындаш)

Апалы-сіңлілі келеді,

Біріне-бірі ереді ( )

Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады? (дәреже)


  1. «Жалғасын тап» ойыны;

Ойланайық азырақ,

Уақытыңды үнемдеп.

Кім шығады кәнеки,

Жалғасын мен білем деп !

Білгенің бір тоғыз, ( білмегенің 99);

Бір кісі қазған құдықтан, (1000 кісі су ішеді);

Жеті жұрттың тілін біл, (7 түрлі ілім біл);

Арсызға (6) күн мейра;

Досыңды үш күн сынама, (3 жыл сына);

Бірдің кесірі (1000-ға тиер);

Өтіріктің құйрығы (1 тұтам);

Бір елі ауызға,(2 елі қақпақ).


  1. Есте сақтау қабілеттерін тексеру;

Жаңылтпаштан жаңылма!


  1. Қырық үш қызғыш құсқа

Қырық үш қызғыш құс қосса,

Қанша қызғыш құс болады ?

  1. Төрт төртім бар,

Төрт тортым бар.

Төртім маған,

Тортым саған

  1. Үш кісі ішік пішті,

Бес кіші ішік пішті,

Неше кісі ішік пішті?

Неше кіші ішік пішті?

  1. Қырқада қырық арқар бар.

Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.


  1. Логикалық есептер;

1 - есеп

Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса , 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен?

2-есеп

Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған?

3-есеп

Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді:

«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар?

4-есеп

Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут).







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет