«Ойын-оқушы білімін меңгерту құралы» (Жаншугурова А. С. бастауыш сынып мұғалімнің тәжірибесінен)



Дата14.04.2017
өлшемі108,97 Kb.
#13773
«Ойын-оқушы білімін меңгерту құралы» (Жаншугурова А.С. –бастауыш сынып мұғалімнің тәжірибесінен)
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі, ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі.Оны мынадай кесте арқылы суреттесек те болады.
Іс-әрекет

оқу әрекеті

еңбек әрекеті

ойын әрекеті

«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек- бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызыметтерді атқарады:

- ойын-сауық ;

-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық ;

- диагностикалық ( ойын барысында өзін-өзі тану);

-коррекциялық ( өзін-өзі түзету);

-әлеуметтендіру.

Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда.

Ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып,білімін жетілдіреді.

Ойын- бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттілерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.

Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын-есептер, ұлттық ойындар, т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.

Оқу үрдісінде- кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі- дамытушы ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта- ықыласын есепке ала отырып, оқуды қызықты етіп, білім, білік, дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап-оқушының танымдық әрекетің қызығушылығын дамыту.

Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:

а) балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;

ә) баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;

б) білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз ету;

в) ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне жету;

г) баланың ойын барысында жеткен жеңісі оның жаңа алған білім, білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.

Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені, өздері ойын барысында жаңа білім алып, олардың елестету, есте сақтау,ойлау, сөйлеу тілімен олардың түрлі қабілеттері: конструкциялық,, музыкалық,, ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.

Ұлы Абай : «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруде болады.

Я.А. Коменский «Ұлы дидактика» деген еңбегінде 6жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңін өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атайды. Бұл кезеңдерде балаларды нақты, түсінікті ана тілінде білім беру керек, сонымен қатар білім балалардың есінде қалатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекет жеңіл болып көрінеді.

Бастауыш сынып оқушылары еліктегіш, жаңаны жаны сүйгіш келеді. Сондықтан мен сабақ барысында ойын түрлерін пайдаланып отырамын. Сонда оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, алған білімдерін өмірде қолдана білу мен ізденімпаздық дағдылары жетіле түседі.

Ойын түрлерін бастауыш сынып мұғалімі сыныптан сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып, бірте-бірте күрделендіре жүргізуіне болады. Мүмкіншілігіне қарай, әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу, мұғалімнің шеберлігін шындап, сабақтың сапасын арттырары сөзсіз.Мен бірінші сыныптан бастап балаларды сабақ-ойындарға, сабақ-саяхаттарға үйреттім. Ойында балалар ашылады, жауап беруге қорықпайды.

Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану, біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Құрметті ұстаздар!

Сіздердің назарларыңызға 5 сыныпта өткізген қазақ тілі сабағы (саяхат сабағы).

Қазақ тілі сабағы (5 сынып)
Тақырыбы: Фонетика елінде
Мақсаты: лексика ғылымын қайталай отырып, дыбыстарды тиянақтау, оларды ажыратқызу, буын түрлерін білгізу, балалардың сөз байлығын дамыту, сауаттылыққа үйрету.

Оқу құралдар: тақтада үлкен әріптермен жазылған «Фонетика» деген сөз, аудандардың аттары, қалалардың, ауылдардың аттары,карточкалар.

Барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.

2 Сабақтың тақырыбымен және мақсаттарымен таныстыру:

- Балалар, біз бүгін «Фонетика» еліне қонаққа барамыз. Бірақ өткен айда біз «Лексика» елінде қонақта болдық. .Айтыңдаршы, лексика-не деген ел?

-Қандай сөздер осы елде тұрады?

-Сендердің алдарында карточкалар жатыр. Тапсырмаларды орындайық және «Лексика» елін еске алайық..(балалар ережелерді айтып береді)

- Тақтада сөздер жазулы. Осы сөздерге синоним келтіріңдер.



Сөздер:Әдемі, жақсы, тез, амандасу, салмақты, түр.

- Енді антоним келтіріңдер.



Сөздер:Ал, суық, жылы, ескі, қатты, жомарт, күшті.

- Ал,енді қонаққа барайық.. Алдымыздан «Фонетика» елдің ханшайымы шығады:

-Қош келіңіздер, құрметті қонақтар!

-Сәлеметсіз бе , ханшайым! Біз сіздің еліңізге қонаққа келдік.

-Сендер мен туралы білесіңдер ме?

-Әрине.Балалар, фонетика- ол не?

-Фонетика елінде нелер тұрады?

-Барлық дыбыстар қандай екі топқа бөлінеді?

-Қандай дыбыстар дауысты деп аталайды?

-Дауыссыз ше?

- Тапсырма орындаңдар:Мен сөз айтамын, сендер қай дыбыстан басталатынын айтасыңдар, дыбысты талдайсыңдар.

Сөздер:Күәгер, ай, жастық, сурет, ит, балық, ақыл, ойна.

- Міне, балалар, біздің алдарымызда жаңа аудан. Кәнеки, «Дауысты» ауданына кірейік.

-Осы ауданда қандай дыбыстар тұрады екен?(жуан, жіңішке). (ереже айту).

1 тапсырма: 1 нұсқа: бес жіңішке сөз жазыңдар.

2 нұсқа : бес жуан сөз жазыңдар.

-Біздің алдарымызда ауылдар. Олардың аттары «Ашық», «Қысаң» екен. Осы сөздерді қайда естідіңдер? Тағы қандай екі топқа дауыстылар бөлінеді?(ашық, қысаң). (ережелерді еске алу)

(2 тапсырма: бір бала тақтаға шығып, карточкадан сөйлем оқып дауыстыларды талдайды.)

1. Кеше мектепке дәрігер келді.

2 .Бәрімізді шешіндіріп қарады.

3 .Менің бір жолдасым бар.

- Ауданның ендігі қалалардың аттары: «Еріндік», «Езулік»

-Осы дауыстылар туралы не білесіңдер?

Тапсырма: Тақтаның үстіндегі сөздерге нүктенің орнына дыбыс қойып, талдау.



Сөздер: ...лан, қ...дық, т...йреугіш, мең...реу, ау...ру, мей...рім, қ...дырет, б...гін, қау...п.
- «Дауыссыз» ауданында кімдер тұрады екен? (қатаң, ұяң, үнді дыбыстар) (ережелерді айтып беру)

Тапсырма:1 қатар- үнді дыбыстардан басталатын бес сөз жазыңдар.

2 қатар- ұяң дыбыстан басталатын

3 қатар – қатаң дыбыстан басталатын.

Конкурс :Кім тез фонетикалық талдау жасайды. Тақтаға үш оқушы шығады.

Сөздер: 1 қатар: бүгін

2 қатар: ерекше

3 қатар: сәбіз

- «Буын» ауданына кіріп демалайық :

-Буын- ол не?

-Буын түрлерін атаңдар.(ережелер)

-Мен сендерге сөз көрсетемін. Сендер сөзді буынға бөліп, талдайсыңдар.

Сөздер:Тал, ат, қала, адам, жазда, өріс, доссыз, жау, ата, бірде, іздесе.

-Ал, енді біздің саяхатымыз аяқталды.

-Сендерге не ұнады?

-Қандай тақырыптарды бүгін қайталадық?


Баға қою.

Үй жұмысы: ережелер, №308 б. 127


Сынып сағаты: Ақ бата- асыл-мұра («Атамекен» бағдарлама бойынша)

(5 сыныпта)
Мақсаты: Ата-бабаларының тәрбиесінде үлкен жауапкершілікте екенін, тәрбиенің ұсақ-түйегі болмайтынын сезіндіре отырып,оқушылардың сана-сезімін, ақыл, ойын, әр баланың өзіндік ерекшілектерін дамыту,өмірге көзқарасын, қызығушылығын, адамгершілік нормаларын меңгеріп, асыл-мұраға жататын нәрселерді зерттету.
Өткізілетін орын: ойын-сауық залы.
Залда: киіз үйдің шанырағы, жайылған дастарқан, плакаттың үстінде жазулы: «Ақ бата- асыл мұра.» Балалар қазақ ұлттық костюмдерін киген.
Сабақтың барысы:

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой- санамызға нұрлы шуақ сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін марқайтып қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер- тәрбиенің бастау-бұлағы. Белгілі бір этикалық, эстетикалық, педагогикалық жүйемен құрылған тілек-бата сөздер- халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі мұрасы.

Қазақ халқының қонақшылығы бәріне де танымды.Қандай қонақ келсе де дастарқан жаю-әрбір қазақтың міндеті.Біздің күнімізге дейін «Дастарқан басындағы дәстүрлер» туралы нақыл сөздер жетті. Ол да асыл-мұра.

(Дастархан басында оқушылар отыр):


    1. Халық ұрпағын тәрбиелеуге, көбінесе дастарқан басында отбасы мүшелерінің бас қосуын пайдаланады.

    2. Дастарқан – берекенің белгісі, ризашылық сезімінің ошағы, молшылдық пен отйымшылдық көзі деп қарайды халық.

    3. Қазақ халқы дастарқанды «Бөлінбеген еншіміз» деп, ортақ ризашылдықтың тағдыр берген несібенің белгісі деп қарайды.

    4. «Қуыс үйден құры шықпа» деп кез келген адам есік ашып, үйге енсе, оған дастарқан жаю- халықтың қалыптасқан қасиетті дәстүрі. Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөліскен.

    5. Өсиет айту, бата беру, мәжіліс құрып, мәмілеге келу, серттесу, достасу, бәрі де дастарқан басында шешіледі.

    6. Өйткені дастарқан дәмі-киелі, оны татып, татуласқан адам «келісім бұзса, астың киесі оны ұрады» деп,дастарқан иесі оның дастарқан үстіндегі сертіне сеніммен қараған.

    7. Дастарқан басындағы сертін бұзғандары халық «ас дәмі ұрсын», «нан ұрсын» деп қарғайды.

    8. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында: асты ең алдымен ата-анаға-жасы үлкенге ұсыну, асты ретімен қойып, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

    9. Халық ас ішіп болған соң, ас қайыру, асқа бата қылу, қол жуу рәсімдері орындалады

(Дастарқан жаю).

Бата (оқушы):Берейін бата асыңа,

Амандық берсін басыңа

Бөденедей жорғалап,

Қыдыр келсін қасыңа

Бар екем деп тасыма,

Жоқ екем деп жасыма,

Еңбек етсен ерінбей,

Дәулет келер қасыңа.

Көре алмаған дұшпанның

Жуа бітсін жолына.

Бақытың жетсін төтелеп,

Дүние малды жетелеп,

Аузыма түскен батаның

Жатырмын бәрін төпелеп!

Көтердік міне білекті,

Ақтардым түгел тілекті,

Мынау тұрған балаңыз,

Батыр болсын жүректі. Ауминь!


«Дастарқан» әні (вокал тобы)
Көрініс: « Баланы оқуға шығарып салу»
Бала мен әйел кіреді. Әйел баланы жұлқылап болмайды.
Әйел: -Ата,қараңызшы мынаған. Мені тындамайды.

Немере: -Ата , мен өсіп қалдым. Сіздерге болашақта тірек болу үшін маған мамандыққа оқып алу керек. Оған қалай қарайсыз?



Атасы: - Құлыным, сені ешқайда жібергім келмейді, бірақ жолды кесуге болмайды. Жортқанда жолын болсын,жолдасын қыдыр болсын! Жолын болсын деп тілесен үлкен кісінің батасын ала ғой.

Бата: Жағын түспей жамандық көрме, балам,

Қисық төре кісіге берме, балам.

Екі дүние қызығын бірдей берсін,

Қолынды адалдыққа серме, балам.

Бағын жоғары өрлесін, балам,

Дұшпаның шеніңе келмесін, балам,

Абыройын таймасын, балам,

Басыңа дәулет құс орнасын, балам!

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Көп елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің толса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала!

Өзіне өзін кәміл бол!

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол. Ауминь!

(кетеді)
1 оқушы: Әйгілі тілші- ғалым, ақын,аудармашы, әдебиет теоретигі Ахмет Байтұрсынов: «Бата –біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз. Батаны ақсақал адамдар айтады. Батағой шалдар-басы бар табақты татуға алып келгенде де, асты жеп болғанда да бата қылады»,- деп жазады, 1926 жылы жарияланған «Әдебиет танытқыш» атты ғылыми еңбегінде.



2 оқушы: Халел Досмухамедовтың пікіріне жүгінсек, қазақ елінде кең қанат жайған мынадай бір ырым бар: « Өз ісінің әбден төселген, ысылған, тәжірибелі шебері, мәселен, би, ақын, бақсы, зергер және тағы басқалар өздерінің қасиетті өнерін ізбасар шәкірттеріне аманат етіп тапсырғанда ақ батасын береді» - дейді.
Көрініс: «Келін түскенде»
( бір топ кісі кіреді)

Әйел: -Япырау, сендер естідіңдер ме?

Басқа әйелдер:- Не болды?

-Жақсылық па, жамандық па?

-Айтатын сөзді созбай –ақ айтшы!

1 әйел: Әрине, жақсылық . Қойшыбайдың баласы келін әкеліпті.

Басқа әйелдер:-Қалай уақыт зымырап өтеді!

-Ия, жана ғана біздің жанымызда «қара домалақ»жүгіретін де.

-Ендеше жүріңдер, жастарды құттықтайық , оларға ақ батамызды берейік!

Екі жастың алдына келіп, ата-аналарына:
1.-Келіндерің баянды болсын,

Үлкендерді сыйлайтын аяулы болсын!

2. -Жылы жүзді болсын!

Жұмсақ сөзді болсын!

3. -Келіндерің бақытты болсын,

Ел қыдырса сыпайы жүрсін!

1.-Күлсе сыпайы күлсін,

Ашпын деп жаландамасын.

2. -Өз байымнан анау тәуір екен деп,

Шаш қайырғанға алаңдамасын.


Шал :Келінім, жай қолынды, бата берем,

Мен дағы сыйлай берсең жата берем:

Көгерсін көсегең,

Көп болсын төсегің.

Жаялық жайғанда,

Кеппесін неше күн.

Сұлулығың еңбекте,

Еңбектен өнбекте.

Қосағың, серігің-

Адал бол еркекке.

Қосылған жарыңның

Көзіне шөп салма.

Абырой, арыңның

Бетіне дерт салма.

Қиынын көр де,

Қисынын кел де,

Қолда барыңа

Береке бер де! Ауминь!


Екі жас бас иеді.
1 оқушы:Болашақтың тұтқасы, иесі- ұрпағына амандық, парасаттылық,ізеттілік, мейірім, өнер-білім, құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу-ежелден адамзаттың асыл мұраты болса керек: Айдай жарқыра.

Жұлдыздай жалтыра.

Маңдайың ашық болсын.

Дұшпаның қашық болсын!



2 оқушы: Қыстың суығы кетіп, көктемнің келуі адамдарға үлкен қуаныш болған. Оны шығыс елдері жыл басы- Наурыз, ұлыстың ұлы күні ретінде қарсы алып, тойлайтын болған. Қазақ халқы да наурыздың 22- жұлдызын жыл басы санаған. Ұлыс күні әрбір үй жеті түрлі дәннен наурыз көже жасап, бір-бірін шақыратын болған.Біздің ата-бабаларымыз айтқан:Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар.Ұлы кісіден бата алса,сонда олжалы жыл болар.

Бата (оқушы): Құдай жарылқасын!

Бай қылсын!

Бақ қарасын!

Қыдыр дарысын!

Аруақ жебесін!

Дастарқанға береке берсін!

Кең пейіл берсін,

Ұзақ өмір берсін!

От айнала бас берсін,

Өріс толы мал берсін!

Айдан аман сақта,

Жылдан есен сақта!

Жүз бір қатерден сақта,

Мың бір пәледен сақта!Ауминь!


«Наурыз» өлеңі (вокал тобы)
Мұғалім: Сонымен бүгінгі сынып сағатымыз аяқталды. Барлығына көптен көп рахмет.

Жаншугурова А.С.-бастауыш сынып



мұғалімі.

Ақкөл балалар үйі.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет