Реферат тақырыбы: Салауатты өмір салты Орындаған: Молдахиса Айғаным 1 курс Тексерген: Ерлан Кабуллович Жоспар



бет1/4
Дата30.04.2024
өлшемі43 Kb.
#201601
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Салауатты өмір салты


Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті




РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Орындаған:Молдахиса Айғаным 1 курс
Тексерген: Ерлан Кабуллович
Жоспар

  1. Денсаулық түсінігі және оның мазмұны.

  2. Денсаулық неге байланысты.

    1. Студенттің салауатты өмір салтын құраушы компоненттері

    2. Жаман әдеттердің алдын алу

    3. Жұмыс режимі және демалыс.

    4. Физикалық өзің-өзі тәрбиелеу және жетілдіру.

    5. Дене жаттығуларының гигиеналық талаптары, тамақтану тәсілдері.

  3. Қорытынды.


Кіріспе
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы негізгі құралдардың бірі – түрлі іс-әрекет барысында оқушылардың өзара қарым-қатынасы, пікірлесуі және мұғалімнің, ата-ананың және ересек адамдардың үлгі өнегесі деп білген жөн. Сонымен қатар оқушыға дене тәрбиесін бергенде олардың жас ерекшеліктері, денсаулығы, спортпен қаншалықты шұғылданғандығы, дене шынықтыру жаттығуына қатысуы т.б. ескерілуі керек. Бұларға қоса дәрігерлік мекемелердің ұйғарымы және адамгершілік талаптарға байланысты табиғи нышандар, дербес ерекшеліктерге мүмкіндік беріліп отыр. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз- организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық- физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
Физикалық саулық дегеніміз- адам организімінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғарғы дәрежелі жағдайда болуы. Психикалық саулық дегеніміз- ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу «адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық дегеніміз- адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Денсаулық, қалып (норма) деген ұғымдар бір-біріне ұқсас. Қалып – дені сау адам баласының бәріне бірдей тұрақты стандарт мақсат ететін үлгі болатындай денсаулықтың көрсеткіштері. Денсаулық жағдайын бағалау үшін жасқа байланысты жеке адамдардың қалып көрсеткіштері пайдаланылады. Жасқа байланысты қалып көрсеткішін анықтау үшін белгілі көрсеткіштің әрбір жастағы адам топтарының орташа көрсеткіші есептеліп шығарылады. Әрбір топта табылған орташа көрсеткішті қалып стандарт етіп алынады. Бірақта бір топқа кірген адамдардың көрсеткіштерінің бір бірінен айырмашылығы әжептеуір болуы мүмкін. Өйткені олардың жыныстық, кәсіптік, тұрған жерінің, өмір салтының т.б. айырмашылықтары болады. Орташа көрсеткіштерді анықтағанда, айтылған айырмашылықтарды да еске алған жөн. Осыған орай «қалып» деген ұғым «денсаулық» деген ұғым тәрізді әр адамның жеке басына ғана тән көрсеткіштері болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет