Менеджер сөздігі русско-английский и


Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын жоспарлау



бет18/29
Дата03.04.2018
өлшемі5,86 Mb.
#40078
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуын жоспарлау – мемлекеттің шаруашылық-ұйымдастырушылық функциясы мен экономикалық саясатын жүзеге асыру әдісі. Оған жоспарды әзірлеу, оның жүзеге асуын ұйымдастыру және орындалуын бақылау тәртібі кіреді. Оның көмегімен мемлекет материалдық игіліктерді өндіру, бөлу және айырбастау үдерісін басқарады.

Енгізу коэффициенті - бұл жыл ішінде пайдалануға (эксплуатацияға) енгізілген негізгі қолардың жыл басында қондырылған құрал-жабдықтардың қатынасы.

Енудің телекоммуникациялық әдісі – жүйелік желі сәулетіндегі бас компьютер мен терминал арасындығы мәліметтерді алмастыру әдісі.

Еншілес компания – компанияда бір компанияның 50% -тен асатын дауыс беруші акциялары. Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады. Еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Еншілес ұйыммен жасасқан шарт бойынша (не өзгедей түрде) оған міндетті нұсқаулар беруге құқығы негізгі ұйым онымен осындай нұсқауларды орындау үшін жасаған мәмлелер бойынша еншілес ұйыммен бірге субсидиарлық жауапты болады.

Негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болған жағдайда негізгі ұйым оның борыштары бойынша субсидиарлық жауапты болады. Еншілес ұйымдар ережелерінің осы бапта көзделмеген ерекшеліктері заң актілерімен айқындалады. Заң бойынша дербес болып табылады. Еншілес компаниялардың бүкіл құжаттмасы ( балансты құру) және келісімдерді жүргізу аналық компаниядан бөлек жүргізеді. Дербес шаруашылық қызметті іске асыруға қажетті қаржылық базасы мен меншіктері жеткілікті болып келеді.



Еңбек - адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына бағытталған саналы, нәтижелі іс-әрекеті. Кез-келген іс-әрекет еңбек болып табылмайды. Себебі еңбектің белгілі бір мақсаты, жүйесі және нәтижесі болуы қажет.

Еңбек ақы - жұмысшының өзінің еңбек күштеріне жоғары өндіргіштік қайтарымдылығына үзіліссіз қызығушылықты сақтап тұратын және оятатын негізгі инструмент бар. Ойластырылуы бойынша бұл механизмнің байланысы өте қарапайым: «көп және жақсы жұмыс істесең – көп төлейді, ал егер де көп төлесе – жақсы жұмыс істейсің». Нәтижесінде еңбек өнімділігі өсуінің өзін оятуы пайда болуы керек, көтеруге мүмкіндік болмайтын техника мен технологияның қазіргі деңгейінде қанша төлесеңде шектелген, жоғары өнімділік шектеледі. Бұл ойды іске асыру оңай емес.

Еңбек бөлінісі – еңбек үрдісін жобалау және нормалау кезеңінде құрамдас элеметтерге шартты түрде бөлу. Көлденең еңбек бөлiнiсі - ұйымдағы қызметтің функционалдық мазмұны бойынша құрамдас бөліктерге бөлінуі, мысалы: маркетинг, қаржы, персоналды басқару және т.с.с. Тік еңбек бөлiнiсi - басқару деңгейлерінен тұратын үйлестіру жүйесі, яғни басқарушылық қызметтің бөлінуі, мысалы: президент, экономикалық мәселелер бойынша вице-президент, маркетинг және коммерция департаметінің басшысы, маркетинг бөлімінің басшысы.

Еңбек дауы - еңбек туралы заңдардың қолданылу мәселелерi бойынша бұрын қызметкер (қызметкердiң өкiлi) мен жұмыс берушi (жұмыс берушiнiң өкiлi) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiспеушiлiк.

Еңбек интенсивтілігі – еңбек шиеленісі, еңбек көлемімен анықталатын, жұмысшының еңбек уақытының бірлік жұмсауы. Еңбек интенсивтілігі нақты уақыт аралығында дене, ой, жүйке, энергия шығындарымен есептелуі мүмкін.

Еңбек қатынастары - әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негiзiнде белгiлi бiр еңбек қызметiн жүзеге асыру барысында туындайтын жұмыс берушi мен қызметкер арасындағы қатынастар. Еңбектік қатынастар еңбек шартымен реттеледі.

Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың неғұрлым қиын элементі. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көлемі мен құрылымына жұмысшы мен жұмыс берушінің жалдауы кезінде және жұмыстан шығаруы кезіндегі мүдделерінің қиылысуы, экономика жағдайының циклді өзгеруі, инвестициялық белсенділік деңгейі, тұрғындардың еңбек табыстарының деңгейі, еңбек сферасындағы қалыптасқан дәстүрлер, ұлттық тәртіптің спецификасы және басқа да факторлар мәнді әсерлерін тигізеді. Сондықтан да бұл нарықтар анық бейнеленген спецификалық ұлттық белгілерге ие. Еңбек нарығын жалдану бойынша жұмысқа мұқтаж жұмыс күшінің иесі мен жұмыс күшін өндіріске тарту, олардың қызмет етуі мен ұдайы өндірілуі бойынша жалдамалы жұмыс күшіне сұранысты туғызатын, соныменен қатар бөлу және қайта бөлетін, жұмыс орнымен қамтамасыз ететін өндіріс құрал-жабдықтары иесінің арасындағы әлеуметті-экономикалық қатынастардың жүйесі ретінде анықтауға болады.

Еңбек өнімділігі – бұл жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санымен немесе өндірілген өнім бірлігіне кеткен еңбек шығындарымен анықталатын адам ресурстарын пайдалану тиімділігі.

Еңбек саны - бұл ғылыми зерттеулер, жобалар нәтижелерін жиі өндірісте қолдану формасындағы көрсетілетін зияткерлік өнім, білім, сонымен қатар ақпараттарды оларды әртүрлі жеткізуде бейнелейтін құралдармен, ақпараттық арналармен, байланыс құралдарымен, теледидар, радио, әдебиет, басылымдармен қолданылатын адамдардың тұтынатын ақпараттары.

Еңбек стажы - қызметкердiң заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысушы қызметкер немесе жеке адам ретiнде еңбек мiндеттерiн жүзеге асыруға жұмсаған күнтiзбемен есептелген уақыты.

Еңбекақы қоры - саны мен сапасына сәйкес жұмыскерлер еңбекақысын өтеуге жұмсалатын кәсіпорынның ақша қаражаттарының мөлшері. Еңбекақы қорының құрамына нормативті және ынталандырушы (марапаттау) қорлары, яғни негізгі еңбекақы мөлшерімен қатар қосымша еңбекақы мен төлемдер, ақшалай сыйақылар да, кіреді.

Ережелер – басқару жүйесінде бағыныштылар үшін басқарушылар тарапынан бекітілген міндеттемелердің ұйымдастырылған нысаны. Мысалы: қауіпсіздік ережелері, ұйым ережелері, т.б.

Ережелік құжаттар - мекеменің, құрылымдық бөлімнің ұйымдастырылуының ретін, құқығын, міндетін негіздейтін құқықтық акті сипатындағы құжаттар. Бұл құжаттарда осыған сәйкес ережелер, бекітілген талаптар негізделеді. Ұйымға қатысты ережеде келесі мәтіндік бөлімдер құрастырлады: жалпы реттік ереже, негізгі мәселе, ұйымның атқаратын бағыты, құқығы және міндеті, жетекшілік мәселесі, қарым-қатынасы және байланысы, бақылау, тексеру жұмыстары, қайта құрылуы және ұйымның жабылуы.

Ерекше сұраныстағы тауарлар - көптеген сатып алушылар бірегей ерекшелікті тұтынушылық тауарларды, белгілі бір сауда таңбасын сатып алуға қосымша күш салуға дайын. Мысалы, сән-салтанат заттары, зергерлік бұйымдар, қымбат автокөліктер, пәтерлер және тағы басқалар.

Ерекшелiкті баж - салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде есептелетiн баж. Мысалы, 1 тонна тауардан 10 евро.

Еркін кәсіпкерлік аймағы - шетелдік тауарларды дайындау, орау, сақтау мүмкіндігі бар, әдеттегі кеден салығын төлемей-ақ сата, сатып ала алатын қабылдаушы елдің аумағындағы бір бөлік.)

Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді.

Еркін сауда аймағы - осы аймаққа кіретін кедендік және мөлшерлік шектеулерден азат халықаралық сауда елдердің айрықша экономикалық, құқықтық және әкімшіліктік режимі бар аумақ.

Еріксіз жеңілдік- бұл дайын өнімді сақтау мен тасымалдау, қоймалау шығындарын төмендету қажеттілігімен байланысты жеңілдікті қолдану тәжірибесі.

Есеп беру құжаттамасы - жоғары басқарушы мекемеге, не болмаса лауазымды тұлғаға ұсынылатын, жұмысқа дайындық және оның орындалуы, жоспардың, іс-сапардың, басқа да іс-шаралардың орындалуы нәтижесі туралы мәлімет беретін құжат. Есеп беру құжаттамасы бірнеше есеп құжатының жиынтығынан тұрады: мемлекеттік статистикалық есеп беру, мекемелердің есеп беруі, мекеменің ішкі есеп беру құжаты. Есеп беру құжаты мекеменің, ұйымның жұмыс бағатының қандай да болмасын саласына қатысты жасалады: жалпы жұмыс барысына қатысты, ғылыми жұмыстың есебі ретінде, іс-сапарға қатысты т.с.с.

Есептеу әдісі – салықтық есептің әдісіне сәйкес кіріс пен шығыс уақытқа қарамастан жұмыстың орындалған, қызметтің көрсетілген, сатылу мақсатында тауарлардың жөнелтілген және мүліктің кірістелген сәтінен бастап есептеледі.

Есептеу қуаты – жүйедегі процессордың есептеу амалдарын жылдам және тиімді атқаруын, өнімділігін, кең мүмкіндіктері мен сенімділігін сипаттаушы шама.

Есептеу үрдісі – есептеу жабдықтары арқылы есептерді шығару барысы, яғни бастапқы мәліметтерден нақты берілген шарттар бойынша тізбекті түрде өңделген қортынды мәліметтер алу барысы.

Есепті-аналитикалық көрсеткіштер - белгілі бір әдістерді қолданумен экономикалық-математикалық үлгілер, математикалық тәуелділіктер негізінде есептелу арқылы белгіленеді. Есепті-аналитикалық көрсеткішьер болжамды және жоспарлы көрсеткіштерді, соныменен қатар әлеуметті-экономикалық бағдарламалардың көрсеткіштерін анықтау кезінде бастамалар ретінде қолданылады.

Есепті-статистикалық көрсеткіштер - ұйымның, кәсіпкерлердің бухгалтерлік, қаржылық есептерінің, статистикалық ақпараттарды жинау мен өңдеу, таңдамалы сұраулар, бақылаулар негізінде белгіленеді.

Еске алу бренді - пайдаланушының бұл брендті бөтен басқа іс-қимылсыз еске алу қабілеті. Бұл тұтынушының ақыл – ойында әрқашан орналасатын тиянақты және жемістік брендтерге бейнеледі. Мысалы, осындай жемістік брендттері табиғатты шырын «Да-Да», «Piko», газдалған сусындар «Coca-Cola».

Еуропа қайта құру және даму банкі - Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық дамуын қолдау мақсатында 1991 жылы құрылған, Лондонда штаб-пәтері бар аймақтық банк. Ресейде ЕҚҚжДБ мақұлдаған жобалардың жалпы көлемі 10 млрд. Еуродан асады.).

Ж

«Жаңа пайда болған компания» - венчурлы бизнесте шағын жоғары технологиялы компанияның өмір циклінің ең алғашқы кезеңін Start-up деп атайды. Ағылшын тілінен аударғанда «жаңа пайда болған» деген мағынаны білдіреді. Бұл компанияда инновациялық үрдістің алғашқы кезеңдері жүзеге асырылған. Бұл кезеңде инновациялық идея айқындалып, технопарктерде немесе басқа да инновациялық инфрақұрылымдарда эксперттік кеңестен өтіп венчурлы қаржы алуға мүмкіндік алған компаниялар. Бұл компаниялар енді ғана құрылып жатқан, бірақ менеджмент командасы бар және де инновациялық процессті әрі қарай жалғастыруға дайын.

«Жауапсыз қоңырау» - сауда өкілі телефон шалу немесе пошта арқылы өзінің тауарын немесе қызметін әлеуетті тұтынушыларға ұсыну, тағам немесе қызмет өткізілімінің әдісі.

Жабдықтау - бұл материалдардың ресурстарды сатып алу, оларды тасымалдау, жеткізу, қоймаға кірістеу және жеткізілген материалдар үшін төлемді рәсімдеу.

Жабдықтау (жеткізу) кестесі - материалдың келіп түсуін, бөлшектерді дайындауды, олардың өту бағытын, материал шығыны туралы мағлұматтарды көрсетеді.

Жадыда сақтаушы құрылғы – мәліметтерді сақтауға арналған құрылғы. Ол жады көлемімен, мәліметтерге ену әдісімен, жылдамдылығымен, сенімділігімен, жады бірлігінің құнымен сипатталады.

Жазбаша дәлелдеу - істің жағдайын растайтын мәліметі бар жазбаша құжаттар (актілер, келісім-шарттар, іскерлік сипаттағы хаттар). Құжат жазылған ақпарат болғандықтан, ақпаратты уақыт және кеңістікте пайдалануға ықпал етеді және қоғамдағы құқықты дәлелдеуші құрал.

Жай акциялар - корпорациядағы иелік ету үлесін растайтын құнды қағаздар. Қарапайым акциялармен қатар, корпорацияны тарату кезінде одан дивиденд немесе актив алуға басым құқық беретін артықшылығы бар акциялар да болады. Корпорацияның қарпайым акцияларды иеленушілері егер компанияның жағдайы нашар болса, негізгі тәуекелдікті өздеріне жүктейді, ал табысқа ие болған жағдайда көп пайдаға кенеледі. Акционерлер жиналысында олар дауыс беру құқығына ие. Қарапайым акциялар иеленушілерінің пайдасы дивидендтермен қатар, айырбас бағамының өсімі есебінен де болуы мүмкін.

Жалдамалы арна – бірнеше нүктелер немесе байланыс объектілері арасындағы мәліметтерді байланыстыру, жеткізу жолдарының жалға алынған түрі.

Жалпы деректерді жинау мен жүйелендіру - кәсіпорын құнын бағалау үшін қажетті жалпы деректерге бағаланатын кәсіпорын қызмет ететін нарық жағдайы туралы деректерді, сондай-ақ кәсіпорынның орналасу жері туралы деректерді жатқызуға болады.

Жалпы жиналыс - жарғыға, ереже мен ұйғарымға немесе директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес жыл сайын белгіленген уақытта өткізілетін акционерлік қоғам акционерлерінің жиналысы. Жиналыстың күн тәртібі, әдетте директорлар және ревизиялық комиссия сайлауын, қаржылық есепті қарау және т.б. мәселелерді талқылауды қамтиды.

Жалпы капитализация коэффициенті (жалпы түсім ставкасы) – ол капитализация түсімінің әдісінде қолданылатын негізгі коэффициент. Берілген коэффициентті есептеу үшін бағаланатын ақша ағымына жақын маңыздылық беретін салыстырмалы объектілер іріктеп алынады.

Жалпы өтеу коэффициенті - өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен тұрақты дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Жалпы өтімділік коэффиценті - жалпы өтімділік коэффиценті ағымдағы активтердің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы негізінде есептеледі. Оның көмегімен қолда бар ағымдағы активтерді қолдана отырып, қысқа мерзімде кәсіпорынның көлемді төлеу қабілеттілігі анықталады. Салаға байланысты 1,5-тен 2,5-ке дейінгі қалыпты деп саналады.

Жалпы ренталық мультипликатор – бұл сатылу бағасы немесе потенциалды жалпы түсім, немесе нақты түсім арасындағы қарым-қатынас. Осындай және басқа да түсімдердің түрлерін қолдану олардың өсу жағдайларына байланысты анықталады.

Жалпы табыс - кәсіпорынның, фирманың өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы. Жалпы табыс тауарларды сатудан түскен ақша түсімі мен оларды өндіруге жұмсалған материалдық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады. Жалпы табыс жалақы мен таза табыс сомасына тең.

Жалпы тепе –теңдікті талдау – нарықтық жүйені тұтас алып зерттеу, барлық нарықтағы өнімнің тепе-теңдік бағасы, көлемі және жұмыспен қамтылу деңгейі арасындағы өзара байланыстарды зерттеу.

Жалпы ұлттық өнім - мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сонымен қатар шет мемлекеттердегі осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі өнімдері мен көрсеткен қызметтерінің жиынтық құны.

Жалпы ішкі өнім - елдің аумағында орналасқан барлық отандық және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі өнімдері мен көрсеткен қызметтерінің жиынтық құны.

Жалпы экономикалық жағдайды талдау – негізінен белгілі бір нарықтағы өткізу жағдайына әсерін тигізу үшін жалпы экономикалық факторларды анықтау мақсатын көздейтін талдау.

Жанама инвестициялар- экономикалық активтерге табыс табу мақсатында салынған құралдар және тәуекелді диверсификациялау. Құнды қағаздр жиынтығы мен мүліктік құндыықтарға салымдар.

Жанама шығындар - әртүрлі бұйымдардың өндірісімен байланысты шығындар. Сондықтан оларды белгілі бір өнімнің өзіндік құнына жатқызуға болмайды. Бұл - құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға, ғимараттарды ұстау мен жөндеуге, қосымша жұмысшылардың, инженерлік-техникалық жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалатын шығындар.

Жанжал - екі немесе одан да көп жақтар арасындағы келіспеушілік.

Жанжалдық жағдай – топтық және тұлға аралық қарым-қатынастарда, әлеуметтік байланыстар жүйесінде келіспеушліктердің пайда болуына әкеліп соғатын, яғни жанжал тудыратын, жағдай.

Жанжалдарды шешудің құрылымдық әдістері - қызметтік міндеттермен байланысты беталысты анықтау, интеграция мен координация механизмдерін пайдалану, жаңа мақсаттар қою, сыйақы механизмін пайдалану. Жанжалдарды шешудің тұлғааралық стильдері - 5 бағыттан тұратын жанжалды шешу жолдары: жанжалды жағдайдан қашу (болдыртпау), жанжалды реттеу, жалған күштеу, компромисске келу, мәселені шешу.

Жаңарту коэффициенті- бұл жыл ішінде келіп түскен негізгі қорлардың жыл соңындағы қолда бар негізгі қорларға қатынасы. Негізгі құралдардың қандай үлесін жаңа негізгі құралдар құрайтынын көрсетеді.

Жарғы - корпорацияны құру үшін орган берген құжаттарды белгілеу үшін қолданатын жалпы термин. Ұлыбританияда және АҚШ-тың көптеген штаттарында бұл құжатты ресми түрде корпорация баптары деп атайды. Кейбір штаттарда оны инкорпорация сертификаты деп атайды. Қоғамның жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғысында құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) не олардың өкілдері (өкілі) қол қоюға тиіс және нотариаттық күәландыруға жатады. Қоғамның жарғысында мыналар:

    1. Қоғамның толық және қысқартылған атауы;

    2. Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;

    3. Қоғамның жарияланған акцияларының саны түрлері және акционерлердің құқықтары туралы мәліметтер, соның ішінде қоғамның артықшылықты акцияларымен күәландырылған құқықтарының көлемі және олар бойынша дивидендтердің кепілдік берілген мөлшері, т.б.

Жарлық, этикетка- өнірушінің тауар белгісі, орамның мазмұны көрсетілген ақпарат үшін бұйымда арнайы ұйымдастырылған орын.

Жасанды сана – техникалық құрылғының немесе қолданбалы бағдарламаның адамның ойлау қабілетіне, саналы әрекеттеріне үйлесетін қасиеттерді табу қабілеті

Жасанды табиғат - «жасанды» немесе «екінші табиғат» ретінде адамдардың қызметтері нәтижесінде пайда болған, адаммен жасалған заттардың барлығы қарастырылады. Бұл қоршаған ортаны өзгерту бойынша олардың әрекеттеріне және өздерінің пайда болуы мен әрекет етуіне адамдарға міндетті материалды-заттық, энергетикалық, ақпараттық мәндердің субстанциясы. Бұндай табиғатты антропогенді деп атайды.

Жауапкершілігі шектеулі қоғам – бұл капиталдардың бірігу формасы, қоғам мүшелері тек қоғамның салымдарының міндеткерлігін жауапкершілігіне алады және өздерінің мүліктерін жауапкершілікке алмайды. Қоғамның капиталы пайдың қатысу үлесіне бөлінеді, олар қурылтайшылар арасында қағам алдында қол коюды қажет етпейтін және міндетті турде атаулы түрде таратылады.

Жауапкершілік - бұл «меншік ауыртпалығы». «Меншік ауыртпалығы» өндіріс құрал-жабдықтарын белсенді қолдануға қызығушылықты, сондай-ақ объектіге тигізілген залалды қайтару, олардың тиімді қызмет етуіне, олардың тағдырларына, олардың өздеріне жауапкершілікті білдіреді. Әрине, субъект жансыз объектінің алдында оған деген қорғау қатынастарына жауап бермейді. Жауапкершілік ең алдымен пайдаланушының бөлуші мен қожайыны алдында немесе оған меншікке билік жүргізуге құқықты делегирлеген қожайыны алдында бөлушінің жауапкершілігі туады.

Жауапкершілік орталығы - жетекшімен басқарылатын, оның жұмысының нәтижелеріне жауап беретін ұйымның құрылымдық бөлімшесі.

Жәрмеңке- сатудың ерекше ынталандыру түрі, ғылыми-техникалық және өндірістік жетістіктерді пайдалана отырып жаңа тауар үлгілерін арнайы белгіленген территорияларда сату үшін көрсетіледі.

Жедел өтімділік коэффициенті - ағымдағы міндеттерге дебиторлық қарызбен компанияның ең өтімді активтерінің (ақша қаражаттары және өтімді бағалы қағаздар) қатынасы. Бұл коэффициент дебиторлық қарызды уақытында және жедел өтелуі үшін кәсіпорынның төлем мүмкіндіктерін көрсетеді. Коэффициенттің төмеңгі нормативтік мәні 1-ге тең.

Жедел талдау - күн, ай, тоқсан және т . б. уақыт ішінде өндіріспен байланысты көрсеткіштерді жоспарлау, есепке алу және талдау.

Жеке активтер - өндірістік ғимараттар, құрылғылар, қызмет ету мерзімі 1 жылдан асатын әртүрлі машиналар мен құрал-жабдықтар, өндірісте қолданылатын немесе өтемділігі жоғары басқа да мүлік.

Жеке инвестор Retail investor – эмиссиялық синдикат мүшесінен қалған бағалы қағаздарды ұйым есебінен емес, өз есебінен қор, тауарлық фъючерстерді сатып алатын инвестор.

Жеке кәртішке - жұмысшы туралы арнайы құрастырылатын қысқаша мәліметі бар құжат (білімі, еңбек жолы, жанұясы т.с.с.). Жеке кәртішке жұмысқа алынған тұлғаның тұрақты, уақытша, және белгілі кезең аралығына алынуына қатысты басталады. Жеке кәртішке ұйымды басқарушының жұмысқа алу бұйырығына қол қойғанынан бастап жүргізіледі. Бұл құжатты кадр бөлімінің қызметкері толтырады. Жеке кәртішкедегі мәліметтер толық , қысқартусыз толтырылады. Жазба жүргізуге негіз келесі құжаттар: жеке куәлік, паспорт, еңбек кітапшасы, әскери билет, білім туралы құжаттар т.с.с.

Жеке орналастыру – өз акционерлерінің арасында артықшылық бойынша немесе ашық жазу бойынша акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды өткізумен қатар, компания бұл қағаздарды жеке орналастыруды қолдануға болады, яғни барлық шығарылған бағалы қағаздарды бір институционалды инвесторға немесе инвесторлардың кішігірім тобына сату. Орналастырудың бұл түрінің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылықтарына екі жақтың міндеттемелерін тез орындау мүмкіндігі жатады. Соныменен бірге жеке инвестор, ашық жазу бойынша орналастыру кезіндегі сенімділерге қарағанда, компания қызметін бөлшектеп бақылай алады.

Жеке өндіріс – біраз аяқталмаған өндірістің болуымен, операциялардың жұмыс орындарына бекітілмеуімен, бірегей құрал-жабдықтарды пайдаланумен, жұмысшылардың жоғарғы біліктілігімен, қолмен жасалатын операциялардың елеулі үлес салмағымен, бұйымдардың жоғары еңбек сиымдылығымен және оларды дайындаудың ұзақ циклімен, шығарылатын өнімдердің жоғары өзіндік құнымен сипатталады.

Жеке технологиялық процесс - өнімді өндіру немесе жөндеу үшін және қолданыстағы технологиялық процессті жетілдіру үшін жасалады. Жасалған технологиялық процесс прогрессивті болуы қажет. Оның прогрессивтілігі технологиялық процесстерді аттестациялаудың салалық жүйесінің көрсеткішімен бағаланады.

Жеке тұлғалардың мүлік салығы – тура салық, меншік құқығы негізінде салық салынатын және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын объектілері бар жеке тұлғалар оны төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықтарды есептеу белгіленге мерзімде тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану жолымен жүргізіледі.

Жеке іс - бір тұлғаның құжаттарын құрастыратын құжаттар жиынтығы (өмірбаяны, еңбек жолы, атқарған қоғамдық еңбегі т.с.) Жеке іс (құжатнама) жұмысқа қабылдау бұйрығынан кейін ресімделеді. Жеке іс (құжатнама) жетекші лауазым иесіне, мамандарға, жауапты тұлғаларға қатысты жүргізіледі. Жеке істің (құжатнаманың) ішкі құрылымы: құжаттардың ішкі тізімдемесінен, кадрларды есепке алу құжатына қосымша мәлімет парақшасы, анкета, өмірбаян, жұмыскердің білімі туралы құжаттардың көшіріндісі, лауазымдық дәрежеге тағайындалуы туралы құжат, не болмаса көшірмесі, тұлғаға сипаттама, не болмаса ұсыныс хаты, жұмысқа алу туралы өтініш, еңбек келісім-шарты, жұмысқа алу жөнінде бұйрық құжаттарынан тұрады. Құжат мекемнің ережесіне сәйкес толтырылады. Істің (құжатнаманың) мұқабасында құжаттың тақырыпшасы, ұйымның атауы, сақтау мерзімі, тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Әр қайсысы бөлек папкада толтырылады. Жеке іске (құжатнамаға) келесі құжаттар тіркелмейді (оқуға байланысты мәліметтер, демалыс туралы анықтама, тұрақты жері, денсаулығы туралы анықтама т.с.с мәліметтер).

Жекедара меншік - жеке тұлға, индивидуум ретінде оған тиесілі меншік объектісіне немесе объектінің үлесіне, бөлігіне билік ету құқығына ие меншік субъектісі шегіндегі меншік. Меншіктің осындай нысаны кезінде меншік иесі оған жеке өзіне қандай мүлік тиесілі екенін біледі.

Жекешелендіру - жекешелендіру жалпы алғанда жеке сектор үлесінің өсуімен жүргізілетін экономикадағы мемлекеттік сектордың кеңею қарқындарын жайлату немесе қысқарту сияқты түсіндіріледі. Тар мағынада жекешелендіру дегеніміз мемлекеттік меншіктегі факторларды, өндірістік құрал-жабдықтарды, мүліктік құндылықтарды, капиталды акционерлік қоғамдар мен жеке тұлғаларға меншік құқықтарын толығымен немесе біртіндеп беру. Ол мүлікті иемденудің тиімділігін арттыру және азаматтардың ынтасын көтеру үшін жасалынады; өкілетті мемлекеттік орган шешімімен әр түрлі әдістер арқылы жүргізіледі: акционерлеу, конкурс, аукцион және т.б.

Жеңілдік шарттарында сату – бағалы қағаздарды орналастыру нысандарының бірі. Кезекті шығарылған бағалы қағаздар жаңа инвесторларға емес, осы компанияның акцияларын иеленетін тұлғаларға ұсынылады. Мұндай орналастыруды артықшылықты жазылым немесе жеңілдік шарттарда қағаздарды сатып алу деп аталады. Артықшылықты жазылымда өз акцияларын орналастыра отырып компания акционерлерге иелік ететін әрбір акцияға сертификаттарын жібереді. Жай акцияларды эмиссиялау кезінде сертификаттар арқылы акционерлер қосымша акциялар сатып алу құқығына ие болады. Эмиссия шарты жаңа бір акцияға жазылу үшін қажетті сертификаттар санымен анықталады.

Жеңілдіктер - белгілі бір азаматтардың немесе жеке ұйымдардың, кәчіпорындардың, аймақтардың категорияларына берілген артықшылықтар мен қосымша құқықтар, белгіленген ережелерді, міндеттерді орындаудан босату немесе оларды орындау шарттарын жеңілдету. Жеңілдіктер жеңілдетілген несие нысанында, соныменен қатар толық немесе жартылай салықтарды (салықтық жеңілдік) және басқа да міндеттерді төлемдерді төлеуден босату (мысалы, қоғамдық көлікте жолаушылардың жолақысын жартылай төлеуі немесе ақысыз тасымалдау), барлығына бірдей міндеттемелерді орындаудан брсату, соныменен қатар қосымша төлемдер формасында (жоғарлатылған стипендия, зейнетақы, көмек ақы, дотациялар) болуы мүмкін. адрестік (атаулы) жеңілдіктер мемлекеттік органдардың шешімі бойынша белгілі бір тұлғаға немесе ұйымға беріледі. Жеңілдіктер – оларды алушылардың нақты табыстарын жоғарлату нысаны. Жеңілдіктер институты үш жақтан тұрады: жеңілдікті беруші; жеңілдікті алушы, жеңілдікті төлеуші. Жеңілдіктер - көтерме және бөлшек сатушылар мен тұтынушыларға белгілі бір уақыт аралығында тауарды нарықтық бағамен салыстырғанда төмен бағамен сату, сауданы ынталандыру құралы. Тәжірбиеде көбінесе 40-қа жуық баға жеңілдіктері қолданылады және олардың жалпы деңгейі бастапқы бағадан 50-60 %-ға төмен болады.

Жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасы заң актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы территориясындағы мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.

Жер рентасының капитализациялау әдісі - жалға алушы мүліктік салық немесе басқа да шығындарды төлеуге жауапкершілікке ие болатын кезде жер телімінің ғимараттардан бөлек жалға алған кездегі жер учаскісінің бағалауда ыңғайлы болып келеді. Егер жал келісімінің шарттары жал нарығындағы қалыптасқан жағдайды жеткілікті нақты бейнелесе, онда таза жалдық төлем сомасының жер меншігіне тікелей капитализациялануы мүмкін.

Жер телімі - жер қатынастарының объекті ретінде бекітілген тәртіпте шекаралары бейнеленген және куәландырылған жердің жоғары қабатының бөлігі ретінде (соның ішінде жоғары қабатты топырақ) түсіндіріледі. Жер телімінің құнын анықтау. Бағалаушы жер телімімен оны көркейту мақсатында жұмысының құнын анықтау бойынша қарастырылады. Егер жер телімі жалға берілсе, онда оның құны бағаланбайды.

Жергілікті атқарушы орган – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

Жергілікті желі – жақын жерлерде орналасқан мекемелер ауқымындағы сандық мәліметтерді өткізіп беру үшін бір немесе бірнеше автономды жоғарғы жылдамдықтағы арналармен біріктірілген компьютерлер мен перифериялық жабдықтар тобы

Жергілікті желіні басқару – сервер арқылы жергілікті желінің жұмысын қамтамасыз ететін әкімшілік шаралары.

Жергілікті қоғамдастық – жергілікті өзін-өзі басқару шегінде жүзеге асырылатын және оның органдары құрылып жатқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұрақты тұратын азаматтардың жиынтығы.

Жергілікті қоғамдастықтың бюджеті – жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысты міндеттер мен функцияларды қамтамасыз етуге бағытталған ақша қаражаттарының құрылуы мен жұмсалу нысаны.

Жергілікті мемлекеттік басқару – заңмен белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызмет.

Жергілікті өзін-өзі басқару – жергілікті қоғамдастық шегінде жүзеге асырылатын және ол туралы Заңда, басқа да заңнамалық актілерде, жергілікті қоғамдастық жарғысында белгіленген тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өз жауапкершілігіне ала отырып шешетін әкімшілік-аумақтық бірліктегі тұрғын халықтың қызметін дербес ұйымдастыру жүйесі.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – мемлекеттік органдар жүйесіне кірмейтін, жергілікті қоғамдастық жарғысында белгіленген тәртіппен құрылған және жергілікті маңызы бар мәселелерді дербес шешуге өкілеттік берілген сайланбалы және өзге де органдар.

Жергілікті шаруашылық – жергілікті қоғамдастық аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын халықтың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің жиынтығы.

Жердің қалдық құны әдісі - жердің қалдық табысының экономикалық теориясы тұрғысынан алғанда: еңбек ақы төленеді; пайыздық несиелер; басқару (кәсіпкерлік табыс). Ал қалған қаражаттар жер телімінің табысы болып саналады.

Жеткізудің базистік шарттары – тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу шығындарын анықтайтын шарттар. Жеткізудің базистік шарттары анықтайтын негізгі мәселелер: тауарды жеткізудің көлік шығындары, тауардың экспорты мен импорты үшін кедендік рәсімдеу шығындары, тауарды сақтандыру шығындары, тауардың сатушыдан сатып алушыға өту кезеңі және т.б. Жеткізудің базистік шарттары тауар бағасына тікелей әсер етеді: сатушының міндеттері артқан сайын, яғни шығындары өскен сайын, соғұрлым тауар бағасы жоғарылайды. Жеткізудің базистік шарттары сауда терминдерінің түсіндірмесінің халықаралық ережелері - Инкотермс негізінде анықталады. Инкотермсте жеткізудің 13 базистік шарты бар.

Жинақ - пайданың бір бөлігінің капиталға айналуы, өндірістің негізгі капитал (машиналар, жабдықтар, ғимараттар) және айнымалы капиталға (жұмыс күші, шикізат) шығындарды арттыру есебінен кеңейту. Жинақтың тарихи алғышарты капиталдың бастапқы жинақталуы болып табылады. өндіру үрдісі кезінде қалыптасқан пайда кәсіпкердің ағымдағы тұтынуына және жинақтау мен өндірісті кеңейтуге жұмсалады. Капиталды жинақтау екі сфераны қарастырады: нақты капиталдың жинақталуы және ақшалай капитал.

Жинақталған пайыз – облигация бойынша соңғы жасалған төлем уақытынан жинақталған облигациялар бойынша пайыз. Мұндай облигацияларды сатып алу кезінде жинақталған пайыз оның бағасына қосылады және кезекті пайыздарды төлеген кезде иесіне қайтарылады.

Жинақтау жеңілдіктері - белгілі бір уақыт аралығында тауарды немесе қызметті қайта сатып алу, пайдалану кезінде сатып алушыға ұсынылатын жеңілдіктер.

Жиынтық тозу – физикалық функционалды және сыртқы пішіннің ескеруімен байланысты кәсіпорынның құнын жоғалту.

Жоба – атқарылатын шаралардың немесе жүйенің жорамал сұлбасы. Ол жүйені жүзеге асыру үшін қажеті ақпараттың жеткілікті көлемін қамтиды

Жобалау – болашақ жүйені тұрғызу барысы немесе өңделгелі отырған жүйе элементтерінің өзара байланысын және құрылымын зерттеу уақытындағы кезең.

Жобалық қаржыландыру – инвестициялық жобаларды қаржыландыру, бұл кезде жобаның өзі болашақта құрылатын немесе қайта құрастырылатын кәсіпорын әкелетін табыс есебінен инвестициялық жобаларды қаржыландыру немесе қарыздық міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Оның негізгі ерекшелігі тәуекелдерді есепке алу және басқару, жобаға қатысушылар арасында тәуекелдерді бөлу, осыларды есепке ала отырып шығындар мен табыстарды бағалау болып табылады. Бұндай қаржыландыру ірі жобалар үшін қолданылады.

Жобаны сатып алудың дисконттық (динамикалық) кезеңі – дисконттау есебімен алғашқы шығындарды қайтару үшін қажетті жылдар саны, яғни, табыстардың дисконтталған ақшалай ағымдары шығындардың дисконтталған ақшалай ағымына тең болатын уақытты анықтау.

Жобаның өмірлік циклі - жобаның пайда болуы мен аяқталу арасындағы уақыт. Оны кейде фаза (кезең, стадия) деп атайды. Жобаның өмірлік циклінің 3 фазасы: инвестициялау алдындағы кезең; инвестициялау кезеңі; қолдану кезеңі.

Жоғарғы буын басшысы - бүкіл ұйымға немесе оның маңызды бөлігіне қатысты мәселелерді шешетін, соған сәйкес көптеген жағдайда стратегиялық сипаттағы шешім қабылтайтын басшы. Парсонс жіктемесі бойынша жоғарғы буын басшысы институционалды деңгей басшысына сәйкес келеді.

Жоғарғы тәуекел аймағы - есепті пайда мөлшерінен жоғарыламайтын мүмкін болатын жоғалтулар деңгейі сипатталынады. Мұндай жағдайда фирма аз дегенде өзінің барлық шығындарын жабуға, ал жақсы дегенде есепті пайдадан біраз төмен мөлшерде пайда алуға тәуекелге барады.

Жоғарғы технологиялық компаниялардың акциялары – бұл құнды қағаздар жоғарғы технологиялар облысы мен инновациялы дмыған салаларда, мәселен биотехнология, компьпютерлер жасау, робототехника сияқты деңгейде әрекет етуші фирмалардың үлесінде. Тиімді қызмет атқарушы компаниялардың пайдасы дәстүрлі қызмет етуші кәсіпкерлер паидасынан анағұрлым артық болады. Жоғарғы технологиялық компаниялардың акциялары пайданы көп түсіретін себебі және тәуекелге жақын болуына байланысты қымбат болады.

Жойылатын физикалық тозу – қайта шығындар жұмсау барысында қайта қалыпқа келтіру. Оны салыстырмалы жөндеуге кететін шығынды есептеп, бағалаушы құнын анықтайды.

Жойылмайтын физикалық тозу - егер мүліктің құнынан жөндеуге кеткен шығын арта түссе, онда жөндеуге келмейтін жойылуына тән мүлік болып келеді.

Жойылу құны - мүлігін сатушы келісуге мәжбүр болатын бағаны айтады. Кәсіпорынның жойылу құны бағалау кезінде анықталады. Мысалы, оның банкротқа ұшырауы кезінде немесе аукционда ашық көтере сату кезінде.

Жою (ликвидация) – акционерлер жиналысының, төрелік соттың, банкротқа ұшырау мен қайта ұйымдастыру шешімінің нәтижесінде фирмалар немесе кәсіпорындар қызметін тоқтату.

Жөндеу - негізгі қорлардың немесе жеке пайдалану заттарының тұтынушылық құнын қолдаумен және жартылай (немесе толық) орнын толтырумен байланысты техникалық-экономикалық және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Қолданыстағы стандарттарға сәйкес, жөндеу - бұл бұйымдардың немесе олардың құрастырушы бөлшектерінің дұрыстығын немесе жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру операцияларының кешені.

Жөнелтуші кеден органы - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын Қазақстан Республикасының кеден органы.

Жұмыс орны - өндірістік процестің сәйкесті құрал-жабдықтармен және ұйымдастырушылық-техникалық құралдармен жабдықталған, белгілі бір өндірістік немесе қызмет көрсету операцияларын орындауға бағытталған, бір немесе бірнеше жұмысшылар қызмет көрсететін үзбесі. Жұмыс орны қарапайым және кешенді, тұрақты және жылжымалы, мамандандырылған және әмбебап болып бөлінеді.

Жұмыс орнын ұйымдастыру – жұмыс орнын белгілі тәртіпте орналасқан, еңбек құралдары мен заттарымен жабдықтау. Кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижелері - жұмыс орынының ұйымдастырылу деңгейіне, олардың саны мен мамандандырылуының дәлелді түрде анықталуына, олардың жұмыстарының уақыт бойынша келістірілуіне, өндірістік алаңдарда ұтымды орналастырылуына тәуелді.

Жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынасын жасайтын және жеке (ұжымдық) еңбек келісімшарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға.

Жұмыссыздық - жұмыс таба алмаған (табысты іс) экономикалық белсенді адамдардың бөлігін көрсететін әлеуметті-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздар квалификациясын, профессиясын, әлеуметтік мәртебесін және өмір-сүру деңгейінің төмендеуін сезінеді. Жұмыссыздық – нарықтық экономиканың тұрақты серігі, нарықтағы жұмыс күшіне сұраныс пен оны ұсыну арасындағы өзара әрекет нәтижесі. Экономиканың құлдырау кезеңінде жұмыссыздық ұлғаяды, ал көтерілу кезеңінде – төмендейді, бірақ әрдайым жұмыс іздейтін адамдар болады. Жұмыссыздық екі негізгі көрсеткіштермен өлшенеді – деңгейімен және созылмалығымен. Жұмыссыздық деңгейі ресми тіркелген жұмыссыздардың жалпы экономикалық белсенді адамдардың санындағы алатын үлесімен анықталады. Басқа көрсеткіш – жұмыссыздық созылмалығы – адамдардың қанша уақыт жұмысы болмағанын анықтайды. Жұмыссыздықтың деңгейін ұзақтылығымен салыстыра отырып оның мәңділігін бағалауға болады. Неғұрлым жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде, бірақ мәнсіз ұзақтылығында жағдай неғұрлым жағымды болуы мүмкін, кері деңгейлеріне қарағанда.

Жұмысты бағалау - әр жұмыс түрінің салыстырмалы күрделелігін анықтау. Еңбекті бағалау персоналды басқару бойынша мамандармен және ұйым бөлімшелері басшыларымен бірге жүргізіледі.

Жұмыстың еңбек сыйымдылығы - өнім бірлігін жасауға, қызмет көлемінің бірлігін орындауға жұмсалатын жұмыс уақытының шығынын сипаттайтын көрсеткіш. Толық еңбек сыйымдылығы өндірістік еңбек сыйымдылығы мен басқарудың еңбек сыйымдылығынан тұрады. Өндірістік еңбек сыйымдылығы өз кезегінде технологиялық пен қызмет көрсету еңбек сыйымдылықтарынан тұрады.

Жұмысшылардың кәсіби – біліктілік деңгейі - бұл жұмысшының білімі мен жұмыс істеу уақытына байланысты білімі, мүмкіндігі, тәжірибесі, жаңалықтары.

Жұту (екі корпорацияның бір корпорацияға бірігуі) - бір корпорацияның екінші корпорацияны сатып алуы немесе екі корпорацияның біреуге бірігуі.

Жүйе – әрқайсысы тұтастықтың бірегей мінездемелеріне қандай-да бір нақтылық қосатын өзара тәуелді бірліктерден тұратын, белгілі бір бүтіндікті, бірлікті құрайтын бір-бірімен өзара байланысты көптеген элементтердің жиынтығы. Жүйенің тіршілігі және жұмыс істеуі келесі заңдылықтар қатарына негізделеді: тұтастық, интегративтілік, иерархиялылық, коммуникативтілік және т.б. Жүйе келесідей қызметтердің жиынына ие болады: біртұтастылығы, құрылымдылығы, иерархиялығы, біртексіздігі, көпфункционалдылығы, икемділігі, сенімділігі, қауіпсіздігі.

Жүйелендіру – қадайда бір қағидалар бойынша элементтерді ретке келтіру.

Жүйелі тәуекел - инвестицияның барлық түрлеріне қатысты және макроэкономиканың мүмкін болатын өзгерістеріне байланысты жалпы нарық жағдайымен анықталды.

Жүйелік бағдарламалық жабдықтау – компьютер мен есептеу желісінің жұмыстарын жабдықтайтын бағдарламалар мен бағдарламалық жабдықтардың бірігуі. Ол басқа бағдарламалардың жұмыс жасауы үшін амалдар ортасын тұрғызуға, компьютер мен есептеу желісінің жұмыстарын тиімді де, сенімді түрде атқаруға, олардағы ақауларды табуға, қорғауға, тексеруге бағытталған.

Жүйелік желілік сәулет – желіге енудің телекоммуникациялық әдістеріне сүйенетін, терминалдар-бас компьютер сәулетіне сәйкес желінің құрылымын анықтайтын хаттамалар

Жүйелік талдаушы – жүйенің ерекшеліктерін анықтап, мәліметтерді өңдеу амалдары мен олардың ұсынылатын құрылымын тексеру үшін талдау жүргізу әдістерін жобалайтын жабдықтарды өзгертуге ұсыныс беретін қолданбалы мәселелерді сипаттаушы маман.

Жүйелік ыңғай – құрамы сандық көрсеткiштер ар­қылы сипатталып, алдағы мақсаттарға байланысты өз­герiп отыратын абстрактiлi күрделi жүйелердi өзара байланыстырып, біріккен қатынаста болатын және бүтінділікті құрайтын элеметтер жиыны ретінде қарастыратын ғылыми зерттеулердiң әдiстемесін бiлдiредi.

Жүйенің ғұмырлық айналымы – жүйенің жаңадан қалыптасып, жобаланған мезетінен бастап, оны қолдану барысынан алып тастағанға дейінгі уақыт аралығы.

Жүйесіз тәуекел – бәсекелестік инвестициямен байланысты тәуекелдің барлық түрлері жатады.

Жүк – тасымалдау процесінде жүретін тауар. Жук екі негізгі категорияға бөлінеді: құятын (сұйық) және құрғақтау. Құрғақтау жүктер дедвейт және кубатур түрлеріне бөлінеді. Тасымалдау шарттары бойынша жүктін келесі түрлері болады: 1) басты; 2) үйіппен; 3) құятын; 4) тез бұзылатын; 5) қауіпті.

Жүк операциялары - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, орамның зақымданған жерлерін жөндеу, орау, қайта орау және тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу, аталған тауарлар болуы мүмкін үй-жайлар мен басқа да орындарды ашу.

Жүктік кітап – кемеге алынған жүктер жайында мәліметтерді (орындардың саны, орауының түрі, белгілер, маркалар және т.б.) бекітетін кітап, сондай – ақ жүктік ордерлер. Тасымалдау кезінде наразылықтар пайда болғанда жүктік кітап дәлел ретінде көрсетіледі.

Жылдам өтімділік коэффициенті – мағынасы бойынша ағымды өтімділік коэффициентке ұқсас, бірақ ағымды активтерден өтімділігі төмен бөлігі есепке алынбайды – бұл өндірістік қорлар.

Жылдық есеп - компанияның соңғы қаржы жылында жасаған қызметін көрсететін құжат. АҚШ-та көпшілік корпорацияларының жылдық есебі құнды қағаздар және биржалар жөніндегі комиссияның талаптарына сәйкес баланстық есепті, кіріс және шығын туралы есепті және ақша қаржыларының қозғалысы туралы есепті қамтуы қажет. Компанияның жылдық есептері акционерлерге және өзге мүдделі тараптарға, соның ішінде клиенттерге жіберіледі.
Жылдық есеп-қисапта активтер, міндеттемелер, кірістер, шығыстар, түсімдер яғни компанияның іс жүргізілген жылдың аяғындағы жағдайы.

Жылдық жиынтық табыс – заңды тұлға-резиденттің жылдық жиынтық табысы салық кезеңі мерзімінде, оның Қазақстан Республикасында және оның аумағынан тыс жерлерде алуға тиіс (алынған) табыстарын тұрады.
З
Заңдардың өзгеру тәуекелі - жаңа призидент, парламент немесе үкімет сайлану себебінен қоғамда саяси бағыт өзгеруі мүмкін. Ал бұл болса келесідей жағдайларды туғызуы мүмкін: үкіметтің қандайда бір бағалы қағаз бойынша өз міндеттемесін орындаудан бас тартуы немесе ол міндеттемені орындаудың мерзімін созу, жаңа салық, сауда және т.б. ережелерді енгізу негізінде инвестициялық климаттың өзгеруі. Бұл тәуекел заң құжаттарының базасына және реформаларға өзгеріс енгізу нәтижесінде пайда болады.

Заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шетел мемлекетінің (шетелдік заңды тұлға) заңына сәйкес құрылатын ұйым. Шетел мемлекетінің заңына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе өзге де корпорациялық құрылым қолданыстағы Кодекстің мақсаты үшін олардың шетел мемлекетінің заңды тұлғасы болып табылатындығына немесе табылмайтындығына және олардың қайда құрылғанына қарамастан дербес заңды тұлға ретінде қарастырылады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы - нақты тікелей салық, оның шамасы төлемшілер мүлкінің табыстылығына байланысты емес, оның құнына байланысты. Негізгі құрал-жабдық (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамындағы объектілер) мен бейматериалдық активтер заңи тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық объектісі болып табылады. Салық салу объектілерінің бухгалтерлік есеп деректері бойынша анықталатын орташа жылдық қалдықтың құны салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады. Салық есептеуді тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану жолымен дербес жүргізіледі.

Затқұжат – тауар-материалдық құндылықтарды босату және қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеуге арналған бастапқы бухгалтерлік құжат.

Зиян, залал - ұйымдардың, азаматтардың өнімді шығаруға және сатуға жұмсалған шығындарының өнімді сатудан түскен кірістен артып кетуі, шаруашылықтың тиімсіз жүргізілуі, баға белгілеуден кеткен кемшіліктер, материалдық және ақша қорларының шамадан тыс жұмсалуы салдарынан, сонымен қатар табиғаттың залалынан болатын зиян шегуі.

Зиянды еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiс факторларының әсер етуi қызметкердiң жұмыс қабiлетi төмендеуiне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпал етуiне әкеп соғатын еңбек жағдайлары.



Зиянсыздықты талдау – әр-түрлі өнім көлемі жағдайында табыстар мен шығындар арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік беретін өнім көлемі табыс және шығындар қатынасының негізінде жүргізілетін кәсіпорын қызметінің нәтижелерін талдау. Не зиян не пайда болмайтын көлемді және әр- түрлі өнім көлемі жағдайында күтілген табысқа тұрақты және айнымалы факторлардың ықпалын бір уақытта көрсетілетіні осы көрсеткіштің ерекшелігі болып табылады.
И
Игі-тұрмыстық жағдайы - халықтың өмір сүруі үшін қажетті материалдық жәнге рухани игіліктермен қамтамасыз етілу дәрежесі. Игі-тұрмыстық жағдай адамдардың өмір сүру деңгейін мінездейді. Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын заттардың барлығы игілік деп аталады (тұтынушылық игіліктер немесе ресурстар - өзінің қызметтеріне байланысты). Қоғамның немесе жеке тұлғаның игі-тұрмыстық жағдайының деңгейі қоғам немесе жеке тұлғаның жеке немесе ұжымдық игіліктермен қамтамасыз етілу деңгейімен анықталады. Қоғамдық игі-тұрмыстық жағдайын жоғарлату тапсырмаларын шешу кезінде қазіргі қоғам (мемлекеттің бетінде) келесідей қағидаларға сүйенеді: Парето қағидасы, утилизациялау қағидасы, ырықсыздандыру қағидасы, эгалитаризм қағидасы.

Идеялардың генераторы - қысқа уақыт аралығында көптеген тиімді инновациялық идеялар ұсынушы тұлға. Инновациялық бизнесте берілетін атақтардың бір түрі. Идеялар генераторы тек қана ғалым, оқымысты адам ғана болып қана қоймайды, бұл атаққа жаңа инновациялық идея ұсынушы инженер, бригадир, мастер, менеджер де ие бола алады.

Иелену - меншік субъектісінің заңды, құжатты бекітілгенін бейнелейтін меншіктің бастапқы, басты нысаны не объектіні нақты иеленуді жүзег асыруы. Иелену меншік қатынастарының статикалық мінездемесін көрсетеді, бұл объектіні қолданудың тәжірибелік мүмкіндігі не номиналды құқығы, бірақ ол мұндай мүмкіндіктің мәнді, заттық өткізілуі болып табыла бермейді.

Иерархия - төменнен жоғары қарай тәртібімен элементтердің, бөлшектердің орналасуы; қоғамның әлеуметтік құрылымы; басқару принципі, аппаратты басқару құрылымы.

Икемді автоматтандыру – ЭЕМ негізінде модульдарды біріктіру, автоматты тасымалдау және қоймада сақтау құрал-жабдықтарын пайдалану, ЭЕМ пайдалану арқылы сапаны бақылау, өндірісті тиімді басқару тән шағын немесе орташа партиялы, тез өзгеретін номенклатуралы өнімдерді дайындау процестерін автоматтандыру.

Икемді бюджет - көрсеткіштері қызмет деңгейіне қарай реттелетін бюджет. Бұл өзгермелі бюджет болуы мүмкін. Оның мәліметін тіркелген сома плюс қызмет ауқымына қарай өзгеріп отыратын сома құрайды. Бұл детальді қаржылық бюджеттің сериясынан тұратын сатылы бюджет болуы мүмкін. Осы аталғандардың арасынан нақты шығындар мен шығыстарды бағалауға мүмкіндік беретін кез-келген қызмет деңгейіне қолайлы бюджетті таңдап алуға болады.

Имидж – 1) кәсіпорынның, тауардың, қызметтің, сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе зиян келтіретін бейнесі. Фирманы сату кезінде имидж субъектінің сату немесе сатып алу бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін; 2) клиенттердің фирма мен оның өнімдеріне сену факторы. Имидждің компания қызметкерлерінің мінез-құлығына, өнім сапасына тікелей тәуелді динамикалық ұғым екенін ескеру қажет.

Имидж атрибуттары – брендтің стилі және ерекшелегіне сәйкес атрибут негізінен ойын қалыптастырылынады. Атрибут арқылы бренд басқа бәсекелес брендтен ерекшеленеді және осыған сәйкес тауарлармен қызмет көрсету түрінен өзгеше болады.

Имидждің критерилері - пайдаланушының ең басты көз қарасынан, сапа тізімі, тауар және қызмет иеленуінің негізінен тұтынушылардың ұнамдылығы қалыптасады.

Импорт бажына үстеме – төлем балансының жай-күйін реттеу үшін, кейде қазыналық немесе саяси мақсатта әкелінетін тауарларға салынатын бажды уақытша көбейту.

Импорт - тауарды, қызметті елдің ішкі нарығына өткізу үшін шетелден әкелу немесе жеке және заңды тұлғалардың басқа елдерде өндірілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығыны.

Инвестиция - бұл әртүрлі экономика салаларына сақтау және көбейту мақсатындағы капитал салымдары. Жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, кәсіпорындардың кеңеюі мен техникалық қайта қамтылуына, тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа жұмсалатын барлық қаржылық құралдар.

Инвестиция орталығы - бұл өз бөлімшелерінің шығындары мен табыстарын бақылайтын және оларға салынған қаржыларды пайдаланудың тиімділігін қадағалайтын кәсіпорынның (бір) сегменті.

Инвестицияларды басқару бұл инвестордың инвестиция объектісінің қызметі қабылданған стратегиямен сәйкес тұрақты іске асырылатынына және қабылданған қаржылық саясатпен сәйкес ресурстармен қамтамасыз етілетініне әрекет етушілік бақылауы. Арнайы экономикалық қызмет экономикалық агенттердің белгілі бір тобымен орындалады. Мемлекетте инвестициялау үрдісі неғұрлым кең болса, соғұрлым коммерциялық құрылымдар үлкен рөлді ойнайды. Мемлекеттік мекемелер инвестициялау процесін реттеу қызметін орындайды, яғни елде инвестициялық үрдісті ынталандыратын неғұрлым жағымды жағдайларды құру.

Инвестициялардың жіктелуі - инвестициялардың экономикалық табиғатын жіктеу толығырақ тусіндіреді, сондықтан келесі белгілер қолданылады: инвестициялрдың түрлері, ақша құралдарын салу обьектілері, инвестицияландыруға қатысу сипаты, инвестицияландыру кезеңі, меншік түрлері, инвестордың қатысу түрлері, тәуекел дәрежесі, ұдайы өндіріс түрлері.

Инвестициялық бағдарлама – екі мағынада қолданылады: инвестициялық конкурсқа ұсыну үшін жекешелендіру жоспарымен сәйкес жасалған жекешелендірілген кәсіпорынның бағдарламасы; және белгілі бір мақсатты бағыттағы ұсыныс немесе инвестициялық жобалар жүйесі туралы бірегейлендірілген деректердің жиынтығы. Инвестициялық бағдарлама бағытталуына байланысты орындалған инвестициялық жобалар немесе инвестициялық ұсыныстар негізінде қалыптасады. Көлеміне қарай мемлекеттік, аймақтық немесе салалық сипатта болады.

Инвестициялық жоба – 1) Капиталды экономиканың әртүрлі салалары мен аумақтарына көбейту мақсатында салудың жоспарланған және іске асырылатын кешенді шаралары. Жалпы кәсіпорынның белгілі бір инвестицялық мақсаттарына жетуі үшін жасалады; 2) қандай да бір қимылдарды іске асыру үшін немесе осындай қызметтерді суреттеуге қажетті ұйымды-құқықтық және есепті-қаржылық құжаттардың жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет