Инвестициялық жобаны ұйымдық толықтыру - фирма дамуын тиімді басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдық тигізетін әсерлерді қалыптастыратын үрдіс. Оның мағынасы бағдарламаны орындауды ұйымдастыру кезінде тұрақсыздандыратын факторларды есепке алу мен жүйелендіру, неғұрлым маңызды (сынаушылық) факторларды (жобаларды сапалы және өз уақытында іске асыруға әсер ететін) анықтауда. Инвестициялық жобаларды ұйымдық қалыптастыру үрдісінде келесідей шаралардың тобы қалыптасады: қамтамасыз ететін, оқытатын, өндірістік-техникалық, қаржы-экономикалық, құқықтық және т.с.с.
Инвестициялық жоспар – инвестициялық бағдарламаның бір бөлігі. Инвестициялық жоспар келе жатқан бір жылдық кезеңге құрылады. Жоспарды құру үшін және инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін қажет: фирма дамуының стратегиялық жоспары немесе инвестициялық бағдарлама, инвестицияланатын объектілердің бизнес-жоспарлары, ағымдағы уақыт аралығында жету күтілетін бизнестің бақылау көрсеткіштері, негізгі және айнымалы құралдарды қолдану тиімділігін талдау нәтижелері, аяқталмаған құрылыс көлемі, конструкторлы-технологиялық құжаттамалар, объектілердің тізімі.
Инвестициялық климат - елдің (аумақтың) экономикасына инвестициялаудың тартымдылығы мен мақсаттылығын анықтайтын әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси және басқа жағдайлардың жиынтығы. Инвестициялаық климатты бағалау критерилері келесі: экономикалық жағдай (макроэкономикалық жағдай, ішкі ұлттық өнім, ұлттық табыс динамикасы, инфляция т.б.); мемлекеттік инвестициялық саясат (мемлекеттің шет ел инвестицияларын қолдау деңгейі, шет ел мүлкін ұлттаныру мүмкіндігі т.б.); инвестициялық қызметтің нормативті-құқықтық базасы (инвестициялардың елге кіру және шығуын реттейтін құжаттар статусы, салық, валюталық және кедендік режим т.б.)
Инвестициялық қор – ашық акционерлік қоғам нысанында құрылатын және тартылған қаражатты кейіннен бағалы қағаздарға деверсификациялық инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығарумен ашық орналастыру арқылы ақша қаражатын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Инвестициялық құн – егер оны белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестициялық салым ретінде қарастырсақ, онда оны мүліктік кешеннің құны деп айтуға болады.
Инвестициялық қызмет – инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет. Инвестициялық қызмет субьектісі болып инвесторлар (инвестициялық қызмет атқаратын және заңды тұлғалар), тапсырыс берушілер, жұмыстарды орындаушылар, инвестициялық қызмет обьектілерін тұтынушылар, жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және т.б. табылады.
Инвестициялық портфель – кәсіпорынның стратегиялық даму бағдарламасымен сәйкес инвестициялық қызметті іске асыру үшін бағытталған инвестициялау объектілерінің жиынтығы. Ол инвестициялық мақсаттарды есепке алумен біртұтастық ретінде қалыптасқан жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі әралуан активтердің (бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүлік, тауарлар, депозиттер және т.б.) кешенін көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде портфельдердің әртүрлі типтері бар: өсу портфелі (ол акцияның бағамдық құнының өсуіне есептелген), табыс портфелі (жоғары ағымдағы табыстарды алуға есептелген), тәуекелді капитал портфельдері, теңестірілген портфельдер (мақсатты белгілеріне қарай бағалы қағаздарды біріктіреді).
Инвестициялық салық преференциялары - корпоративтік табыс салығы бойынша беріледі. Инвестициялық салық преференциялары бұл корпоративтік табыс салығын төлеуден босату немесе инвестициялық жобаларды жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс істеп тұрғындарын кеңейту және жақсарту мақсатында іске асыратын салық төлеуші – заңды тұлғаларға жылдық жиынтық табысынан қосымша алымдар алу құқығын беру, осындай салық төлеушілерді жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту мақсатында инвестициялық жобалар ауқымында жаңадан пайдалануға енгізілген нақты активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату және де инвестициялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын жер төлемдері бойынша жер салығын төлеуден босату.
Инвестициялық саясат – мемлекеттің экономикалық саясатының құрамдас звеносы, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері негізінде негізгі қорларды өсіру және оларды жаңарту, капиталдық салымның құрылымы мен бағыттарын, көлемін анықтайтын шаралардың жүйесі. Ол инвестициялық процесті ынталандырады және реттейді, толығымен алғанда мемлекеттің, аймақтың, саланың, бизнестің тұрақты әлеуметті-экономикалық дамуы үшін жағдай жасайды. Мемлекетте инвестициялық саясаттың қалыптасуы заңды актілердің негізінде жүргізіледі. Инвесторлардың ойлары, олардың тәртібі (белсенділігі мен белсендіксіздігі) инвестициялық ахуалмен анықталады.
Инвестициялық стратегия – қолдағы бар инвестициялық ахуалдың мүмкіндіктерімен сәйкес мемлекеттің ұдайы өндірістің, ғылымның, денсаулық сақтау және басқа да қызмет ету сфераларының дамуымен басқару мәдениеті. Бұл жоғарыда аталған сфераларда ұзақмерзімді саясат. Инвестициялық стратегиядағы ерекше рөл экономиканың нақты секторындағы технологиялық сферадағы мемлекеттің ұзақмерзімді саясатына беріледі. Инвестициялық стратегия технологияның тигізетін әсерін бағалауды көрсетеді – жаңа технологиялардың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін жүйелі болжау.
Инвестициялық ұсыныс – инвестициялық жобаның орындалуы туралы шешім қабылдауға негіз болатын инвестициялық мүмкіндіктерді техника-экономикалық зерттеудің нәтижесі. Инвестициялық ұсыныстың нұсқасы несиелік ұйымға жіберілетін инвестициялауға тапсырыс болып табылады. Тапсырыс инвестициялық ұсыныстан және инвестициялық меморандумнан мәліметтерді құрайды.
Инвестициялық үлес жарнасы – сатып алатын күні үлестік инвестициялық қор құнынан анықталатын мөлшердегі ақшалай қаражаттарды алуға басқару компаниямен үлестік жарнаны сатып алу кезіндегі инвестордың құқығын куәландыратын аты бар бағалы қағаз. Инвестициялық үлес жарнасы бойынша пайыздар мен дивидендтер аударылмайды.
Инвестицияны негіздеу - кәсіпорынның негізгі қорларрын ұдайы өндіруге және құруға бағытталған капиталдық салымдардың мақсаттылығы туралы шешімдерді дайындау құралы. Инвестицияларды негіздеу қарастырылып отырған мезгілде инвестицияның тиімділігі мен мақсаттылығын негіздейтін ннегізгі құжат болып табылады. Инвестицияның негізінде инвестицияны негіздеуді жобалау алдындағы (инвестициялау алдындағы зерттеу) кезеңінде қабылданған шешімдер – технологиялық, көлемді-жоспарлық, қонструкторлық, табиғатты қорғау (жобаның экологиялық, санитарлы-эпидемиологиялық және іске асыру қауіпсіздіктері бағаланады, соныменен қатар оның экономикалық тиімділігі мен әлеуметтік тигізетін әсерлері) бөлшектенеді және нақтыланады.
Инветициялық обьекттер - екі сипатта қарастырылады, бір жағынан инвестициялық ресурстар, яғни ақша және қаржылық құралдар (акциялар, жарналар, мақсатты банктік салымдар), материялдық құндылықтар, мүліктік, интелектуалдық құқтар. Екінші жағынан салымдар, яғни негізнгі және айнымалы капитал, құнды қағаздар және мақсатты ақшалай салымдар
Индекс – 1) құжатты берілген есепке алу және орындау барысында пайдаланатын шартты белгі. Бұл белгі құжаттың бланкісінде өзіне бекітілген қалыптасу реті бойынша құжаттағы датамен қатарлас толтырылады. Ішкі құжаттар үшін жыл басынан басталатын реттік нөмір. Кіріс және шығыс құжаттары құрылымдық бөлімнің, құжатты орындаушының, корреспонденттің тәртіптік нөмірімен толтырылады; 2) индекс базис ретінде қабылданатын сәйкестендірілген уақытта тіркелген оның базистік мәніне бізді қызықтырып отырған нақты кездегі көрсеткіштерге қатынастарын көрсетеді. Индекстер базистік уақытпен салыстырғанда көрсеткіштердің салыстырмалы мәнін мінездейді және сонымен белгілі бір уақыт аралығында көрсеткіштің деңгейі қалай өзгергенін көрсетеді (базистен нақты уақытқа дейінгі). Кең таралғандары баға, табыстар, өмір-сүру деңгейінің индекстері.
Инкотермс – бұл сауда терминдерінің түсіндірмесі берілген Халықаралық ережелер жинағы. Ең алғаш рет бұл ережелер 1936 жылы Халықаралық сауда палатасы құрастырған. Инкотермстің соңғы редакциясы 2000 жылы қабылданған. Оның негізгі мақсаты халықаралық саудадада қолданылатын негізгі терминдерді
Инновация - интеллектуалды еңбек нәтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім және жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Инновация - инновациялық қызметтiң жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм жұмыс, көрсетiлетiн қызмет, жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процесс түрiнде iске асырылған нәтижесi, сондай-ақ қоғамдық қатынастың әртүрлi саласында өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына прогрессивтi ықпал ететiн ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық және басқа да шешiмдер; персоналды ұйымдастыру әдістемелерінің жиынтығы. Бірақ ол өнімнің тек жаңалық қасиетіне иелігі инновация болуына жеткіліксіз. Ол нағыз инновация деп аталуы үшін белгілі бір пайдалылық эффектісіне ие болу шарт. Инновациялық пайдалы эффекттің мынадай түрлері болады: экономикалық тиімділік; экологиялық тиімділік; ғылыми –техникалық тиімділік; әлеуметтік тиімділік. Қазргі күнгі әдебиеттерге сай инновацияларды жалпы үш түрге жіктейміз: 1. инновация -өнім - өнімдік инновация; 2. инновация –технологиялық инновация; 3. ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация.
Инновациялық грант – инновациялық жобаның тәжірибелік–конструкторлық әзірлемелерін орындау, техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау, өнеркәсіптік меншік объектісін шет мемлекеттерде жәнехалықаралық патенттік ұйымдарда патенттеу үшін грант беруші мен грант алушы арасындағы шартпен көзделген жағдайларда бюджеттен берілетін трансферт.
Инновациялық жоба - инновацияға қол жеткiзуге бағытталған ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжiрибе-конструкторлық, маркетингтiк зерттеулер мен жұмыстар кешенiн жүргiзу жоспарынан, сондай-ақ техникалық-экономикалық көрсеткiштерден тұратын құжат. Инновациялық бағдарлама - бiрыңғай мақсатпен, мiндеттермен, объектiмен немесе аумақпен бiрiктiрілген, ресурстары, орындаушылары мен iске асыру мерзiмдерi бойынша келiсiлген инновациялық жобалар мен iс-шаралар кешенi.
Инновациялық инфрақұрылым - инновациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi жұмыстарды орындайтын және қызмет көрсететiн ұйымдар жиынтығы болып табылады. Дүниежүзілік тәжербие бойынша көптеген ғылыми-техникалық саласы дамыған мемлекеттерде инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және қолдау мемлекет тарапынан жүргізіледі. Инновациялық инфрақұрымының негізін инновациялық қорлар, венчурлы қорлар, технологиялық бизнес инкубаторлар, технопарктер және т.б ұйымдар құрайды.
Инновациялық кәсіпкерлік - инновациялық қызметтің коммерциялық мақсат үшін жүзеге асырылуы. Инновациялық кәсіпкерлік үш түрлі деңгейде жүзеге асырылады: мемлекеттік деңгейде, ол түрлі ғылыми зеріттеу институттарының, технопарктік құрылымдардың инновациялық қызметі ірі кәсіпкерліктегі қомақты компаниялардың инновациялық қызметі шағын инновациялық бизнес. Инновациялық кәсіпкерліктің субъектілері мен объектілері. Субъектілері: 1. инновацияны жасаушы және iске асырушы жеке және заңды тұлғалар; 2. негізгі қызметі инновацияларды жасауға және оларды өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына беруге бағытталған инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерi технополистер, технологиялық, өнеркәсiптiк және агроөнеркәсiптiк парктер технопарктер, технологиялық инкубаторлар, инновациялық қорлар, инновациялық орталықтар және инновациялық қызмет инфрақұрылымының өзге де ұйымдары; 3. инновациялық қызметтi реттеуге қатысатын мемлекеттiк органдар; 4. инновацияларды жасаушылар мен тұтынушылардың мүдделерiн бiлдiретiн және қорғайтын қоғамдық бiрлестiктер инновациялық қызмет субъектiлерi болып табылады. Объектілері: инновациялық жобалар мен бағдарламалар; интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi; технологиялар, жабдықтар мен процестер; өндiрiс пен кәсiпкерлiк инфрақұрылымы; өндiрiстiк, басқарушылық, коммерциялық немесе өзге процестiң сапасы мен тиiмділігiн едәуiр жақсартатын өзге де жаңа ұйымдық-техникалық, қаржы-экономикалық шешiмдер инновациялық қызмет объектілерi болып табылады.
Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет; Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi: 1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу; 2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету; 3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру; 4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру; 5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу; 6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану; 7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту; 8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату; 9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену; 10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады.
Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда: 1) инновациялық даму басымдықтарын айқындау және инновациялық бағдарламаларды әзiрлеу; 2) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық және экономикалық жағдайлар жасау; 3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру; 4) бәсекелестiкке қабiлеттi өндiрiстердi құруға мемлекеттiң қатысуы; 5) мемлекеттiк тапсырыс бойынша құрылған, инновацияларды өткiзудiң кепiлдi рыноктарын қамтамасыз ету; 6) отандық инновацияларды сыртқы рыноктарға шығару нысандарында жүзеге асырылады.
Инновациялық менеджмент - ғылыми-техникалық зеріттеулер және интеллектуалды еңбек нәтижесінде пайда болған жобаларды өндіріске енгізу, рынокқа шығару мақсатына бағытталған қызметті ұйымдастыру және басқару процессі.
Инновациялық стратегия - кез келген кәсіпорынның ғылыми-техникалық және инновациялық өнімдер өндіруді басқару, ұйымдастыру, жоспарлау саясаты, принциптері жиынтығы және рыноктағы позициясын айқындаушы стратегиясы. Инновациялық стратегия мемлекеттік деңгейде жеке өндіріс саласы бойынша және кәсіпорын деңгейінде жүзеге асырылады. Инновациялық стратегия мемлекеттік деңгейде қарастыратын болсақ ол мемлекеттің осы саладағы саясатымен тікелей ұштасып оны толықтырып отыруы керек. Өндіріс саласы бойынша да осы саланың даму стратегисының бір бөлімі ретінде немесе регионды дамыту саясатының қосымшасы ретінде жүзеге асырылады. Ал жеке кәсіпорын деңгейінде ол компанияның дамыу стратегиясының белгілі бір негізгі бөлігі ретінде қарастырылады. Негізінде компаниялардың кең пайдаланатын, тәжербие жүзінде мынадай инновациялық стартегия түрлері бар: шабуылдаушы инновациялық стратегиясы – ол негізінде пионер компаниялардың старегиясы, оны ірі инновациялық мысалы “Microsoft”, «Nokia» сияқты немесе шағын инновациялық фирмалар пайдаланады; қорғанушы инновациялық стратегия – пиорнер компаниялардың инновациялық шабуылына мүдірмей жауап бере алатын бәсекелес рынокта негізгі позицияларға ие инновациялық емес компаниялар пайдаланады. Мысалы «Sony», «Ford» т.б.; иммитациялық инновациялық стратегия оны рыноктағы позициясы өте күшті массалық өндіріспен ерекшелінетін компаниялар пайдаланады. Олар өз беттерінше ешқандай инновациялар жасамайды бірақ пионер компаниялардың нновацияларын көшіріп модификациялап рынокқа шығарады. Мысалы «LG» «Beneton» және т.б.
Инсорсинг - өздерінің қызмет аясын кеңейту үшін компанияның жеке негізгі біліктіліктері мен ресурстарын пайдалануы, бұрынырақта басқа ұйымдар орындаған қызметтерді компанияның бизнес – процесс құрылымына енгізуі.
Интеллектуалды капитал - ұжымның, адамның танымдық шығармашылық жетістіктерінің бірегейлігі және жетілдірілуі. Тұтынушылық капитал және құрылымдық, адаммен байланысты құрылатын ұйымдар.
Интеллектуалды меншік – инновациялық жобалар нәтижесін кәсіпорындардың иелену құқы. Инновациялық кәсіпкерліктің нәтижесінде белгілі бір инновациялық өнім алынады. Ол өнім инновациялық қызметтің яғни интеллектуалды еңбектің нәтижесі болғандықтан Интеллектуалды меншік болып саналады және ол заңды түрде құқпен қорғалады. Интеллектуалды меншік объектілірін екіге бөлеміз: 1) авторлық құқықтың объектілірі: ғылым шығармашылығы ЭВМ программалары, жинақтамалар; әдеби шығармашылық әдебиет, оқулықтар, сценарилер; өнер шығармашылығы музыка, кино, бейнелеу өнері; 2) өндіріс меншігінің объектілері: өндіріс сызбалары; пайдалы модельдер; тауар белгілері, аталуы; ноу-хау.
Интеллектуалды меншіктің дүниежүзілік ұйымы (ИМДҰ) - бұл 16 арнайы ұйымдарының бірі болып табылады. ИМДҰ құрушы конвенция 1967 жылы шығарылып, 1970 жылы күшіне енген болатын. Бірақ бұл ұыймның қызметі 1883 жылғы өндірістік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының қалыптасуымен басталған болатын. ИМДҰ негізгі қызметі мыналар: 1.тіркеу қызметі; 2.интеллектуалды меншікті басқаруда халықаралық бірлестікке көмек беру; 3.бағдарламашы қызметі.
Интеллектуалдық өнім - әдеби, көркем және ғылыми шығарма, компьютерлік бағдарламалар, өнертаным, ғылыми ашылымдар, орындаушылық және актерлік қызмет, дыбыс жабу, өнеркәсіптік үлгілер, сауда белгілері, қызмет көрсету белгілері, фирмалық аттары, өнер шығармалары мен электронды деректер базасы түріндегі әдебите, ғылым мен өнер ауданындағы адамның шығармашылық, рухани қызметтерінің нәтижесі. Интеллектуалды өнім кітаптарда, брошюраларда және бақа да жазба шығармашылықтарында; драмалық және ән-драмалық шығармашылықтарда; пантомимолар мен хореографиялық шығармашылықтарда; сөзбен және сөзсіз жазылған әндерде; кинематографиялық шығармашылықтарда, соныменен қатар теле- және бейнешығармашылықтарда; суреттерде, қолөнері шығармашылқтарында және басқаларында материализацияланады. Интеллектуалдық өнім ұлттың байлығын құрады.
Интервью - мақсаты бағдарламада қарастырылған сұрақтарға жауаптар алу болып табылатын мақсатты сұхбат. Интервьюдің сауалнамадан артықшылығы: сұхбатқа қатысушының мәдениеті мен дайындығының деңгейін, сұрау тақырыбына қатынасын ескеру мүмкіндігі, қатысушының жеке тұлғасы мен алдыңғы сұрақтарға жауаптарының мазмұнына сай сұрақтарды өзгерту, қосымша сұрақтар қою.
Интрапренер- ұйымдағы ішкі ортаның инновациялық климатын жақсартушы, инновациялық ынталандыруды жоғарылатушы басқарушы тұлға. Бұл әдетте ғылыми техникалық зеріттеу бөлімінің немесе инновациялық идеяларды жинақтау бөлімінің басшысы.
Инфляциялық тәуекел - инфляция деңгейінің жоғары болуынан инвестордың бағалы қағаздан алған табысының тез арада құнсызданып кету салдарынан инвестор шығындарға ұшырайды дүниежүзілік тәжірбеден көргеніміздей, инфляцияның жоғарғы деңгейі бағалы қағаз нарығының қызметін бұзады.
Инфрақұрылым - бұл өндірістің қызмет етуін (өндірістік инфрақұрылым) және адамдардың өмір-сүру шарттарын (әлеуметтік инфрақұрылым) қамтамасыз ететін объектілердің жиынтығы. Инфрақұрылымға өндірістік емес үйлер мен ғимараттарды, байланыс жүйесін, хабарландыру құралдарын, тұрғын үй кешендерін, мәдениет, білім, денсаулық сақтау объектілетін жатқызады. Шамаланған өлшемде олар бөлшектеп өндіріс құрал-жабдықтарының қызметін атқарады және атқара алады.
К
Кадастр - (франц. Cadastre) сәйкестендірілген салықтарды (жер, үй, кәсіптік) алу үшін, сонымен қатар оларды жалға берген, кепілдікке қойған, сатқан кезде объектілердің құнын бағалау үшін қолданылатын объектілердің (жер, үй, кәсіптің) орташа табыстылығы мен бағасы туралы мәліметтерді жинақтаған жинақ, реестр. Тиісті объектілерді ұдайы бақылау жолымен кезеңділікпен құрылатын жүйеленген мәліметтер жинағы (жер, парцелярлы, нақты).
Кадрлар - мемлекеттік мекеме, кәсіпкерлік, қоғамдық және басқа да ұйымдардың білікті қызметкерлерінің негізгі (штатты) құрамы. Кадрлар сипаттамасы: олардың саны, құрамы, құрылымы (кәсіби, лауазымы және жынысы мен жасы бойынша).
Кадрлар жайлы мәлімет - кадрлық қызметтің ұйымдық, экономикалық мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін мәліметтер жиынтығы.
Кадрларды орналастыру- құрылымдық бөлімшелер, учаскелер, жұмыс орындары және тағы басқалар бойынша ұйым кадрларының құрамын рационалды түрде бөлу. Кадрларды орналастыру өндіріс ерекшелігін, адамның психофизиологиялық қасиеттерінің орындалатын жұмыс мазмұнына сай келуін ескере отырып жүзеге асуы қажет.
Кадрлық инновациялар - кадрлардың деңгейі мен тиімді жұмыс істеу міндеттерін шешу қабілеттерін жоғарылату және тауарлар, жұмыс күші мен білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестік жағдайында әлеуметтік-экономикалық құрылымдарды дамытуға бағытталған кадрлық жаңашылдықтарды енгізу бойынша мақсатты қызмет.
Кадрлық резерв - басқарушылық қызметке қабілетті, белгілі бір лауазым талаптарына жауап беретін, іріктеу мен мақсатты жүйелі біліктілік дайындығынан өткен қызметкерлер тобы. Басшылар резервтерін құру процесі үш кезеңнен тұрады: үміткерлерді іздеу мен бағалау, оларды оқыту мерзімі, әдістері мен нысанын анықтау, дайындық.
Кадрлық реформа - әлеуметтік-экономикалық жүйелер мен құрылымдардың сапалы түрде жаңа мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес кадрлық әлеуетті жаңартуға бағытталған ірі масштабты кадрлық жаңашылдық енгізу.
Кадрлық саясат - адам ресурстарын фирманың стратегиясына сәйкестендіретін қағидалар мен нормалардың жүйесі. Тар мағынасында әкімшіліктің адам ресурстарына байланысты, кадрлік қызметті ұйымдастыруға байланысты және жұмыскерлермен субординациялық қатынастарды реттейтін нақты ережелер, тілектер мен шектеулердің жиынтығы.
"Канбан" жүйесі - фирма зауыттарының да, жеткізуші фирма зауыттарының да өндірісінің әр кезеңінде қажетті мөлшерде және қажетті уақытта қажетті өнім өндірісін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. "Канбан" - тікбұрышты пластикалық конверттегі жолдама карточка. Көбіне карточканың екі түрі қолданылады: іріктеу және өндірістік тапсырыс карточкалары. Іріктеу карточкаларында алдыңғы учаскеден түсуі тиіс бұйым түрі мен саны көрсетіледі. Өндірістік тапсырыс карточкаларында алдыңғы технологиялық кезеңде дайындалуы тиіс өнім түрі мен саны көрсетіледі. «Канбан» жүйесінің элементтері: карточка, технологиялық карталар, тасымалдау, өндірістік графиктері, өнім сапасының жалпы және таңдаулы бақылау жүйесі және т.б.
Капитал – мағынасы өте кең термин, жалпылама түрде оны «табыс алып келетін нәрселердің барлығы» немесе «тауарлар өндіру және қызметтер көрсету үшін адамдар жасаған ресурстар» деп түсінген жөн. Неғұрлым тар мағынада іске жұмсалған, жұмыс істеп тұрған табыс көзі.
Капитал айналымдылығының коэффициенті – жылдық сату көлемінің қаржыландырылған капиталға қатынасы. Бұл қатынасты бағалау кезінде қаржыландырылған капитал көлемі - акционерлік капитал және ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасы ретінде есептелінеді.
Капитал құны - өздерін ақтау үшін салынған жаңа капиталды салымдар алып келетін табыс. Капитал құны – капитал сомасынан пайыздық ставка түрінде анықталады. Инвестор болып несие беруші, кәсіпорын акционері немесе кәсіпорынның өзі бола алады. Капиталды пайдаланғаны үшін төлеу қажет және сол төлемнің өлшемі болып капиталдың құны болып табылады.
Капитал сыйымдылығы - негізгі капиталдың, өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің көлеміне қатынасы.
Капиталдарды біріктіру әдісі – компанияны бақылауға қол жеткізу әдісі, оның акцияларын холдингтік компания акцияларына айырбастау арқылы туынды компания ретінде корпоративтік топқа енгізу.
Достарыңызбен бөлісу: |