«Менеджмент» курсы микродеңгейде басқарудың әдістемелік, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілерін қисынды тізбекте қарастырады.
Басқару процесінде қатысатын негізгі элементтер болып коммуникация,басқарушылық шешімдер, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау функциялары табылады.
5.2 Оқу пәнін меңгеру мақсаты - менеджментті басқару ғылымы, тәжірбиесі мен өнер ретінде кешенді тұрғыда қалыптастыру және де оның заманауи тұжырымдамаларын түсіну, сонымен қатар бұл тұжырымдамаларға жаңа экономикалық жағдайларда отандық кәсіпорындарды басқарудағы міндеттер мен қажеттіліктерге бейімдеу.
Пәнді оқып игергеннен кейін студент:
БІЛУІ ТИІС:
менеджмент теорияларының құрамдас бөліктерін және оның даму болашағын, заманауи менеджменттің негізгі үлгілерін және құралдарын, персоналды басқару қағидаларын, мотивация жүйелерін,ұйымдастыру стратегиялық және тактикалық басқарудың ерекшеліктерін;
БІЛУІ КЕРЕК:
ұйымдағы мәселелерді шешу үшін теориялар мен тұжырымдамаларды қолдануды; кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын жобалау мен талдауды; мәселені белгілерінен жағдайлы ажырата алуды; туындаған жағдайдың негізіндегі себептерді анықтау;атын менеджменттің функцияларын орындау және әдістерін қолдану; ақпараттық технологияларды және экономикалық әдістерді пайдалану арқылы басқарушылық шешімдерді қабылдау, ұйымдағы қайшылықтарды және өзгерістерді басқару тауарлардың (қызметтердің) бәсекеге қабілеттілігін және басқару тиімділігін бағалау,персоналы ынталандыру әдістерін қолдану және басқару этикасының ережелерін сақтау;жеке,топтық және ұйымдық шығармашылықты анықтау үшін басқарушылық технологиялар мен үлгілерді қолдану; ұйымды басқаруда жүйелік көзқарасқа ие болады; ұйымдағы қайшылықтар мен өзгерістерді басқаруды; басқарудың тиімділігі мен тауар (қызмет) бәсекеге қабілеттілігін бағалауды; персонал мотивациясының әдістемесін қолдауды; басқару этикасының ережелерін сақтауды;
Достарыңызбен бөлісу: |