«менеджмент» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



бет4/118
Дата01.01.2022
өлшемі460,01 Kb.
#107578
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118
Байланысты:
6.1 menedzhment

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

«Менеджмент» курсы микродеңгейде басқарудың әдістемелік, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілерін қисынды тізбекте қарастырады.

Басқару процесінде қатысатын негізгі элементтер болып коммуникация,басқарушылық шешімдер, жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, бақылау функциялары табылады.



«Менеджмент» пәнінің мақсаты – менеджментті басқару ғылымы, тәжірбиесі мен өнер ретінде кешенді тұрғыда қалыптастыру және де оның заманауи тұжырымдамаларын түсіну, сонымен қатар бұл тұжырымдамаларға жаңа экономикалық жағдайларда отандық кәсіпорындарды басқарудағы міндеттер мен қажеттіліктерге бейімдеу.

Белгіленген мақсат негізінде келесідей міндеттер қойылады:



  • Студенттерге менеджмент теориясы мен тәжірбиесі жөнінде біртұтас білім жүйесін қалыптастыру;

  • Қазақстандық басқару тәжірбиесіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді жүзеге асырудағы міндеттер мен қажеттіліктерге менеджменттің басты мәселелерін меңгеру мен бейімдеу;

  • студенттерге ұйымды шаруашылық басқарудың ерекшеліктері мен болашақтағы даму мүмкіндіктерін экономикалық тұрғыдан дұрыс бағалауды оқыту.

Пәнді меңгеру үрдісінде студенттерде келесідей құзіреттіліктер күшейеді:

  • алынған басқарущылық дағдыларды тәжірбиеде қолдану;

  • персоналды басқарудың оңтайлы әдістерін таңдау, сауатты

басқарушылық шешімдер қабылдау;

  • ұйымдастырушылық құрылымды жобалау қабілеттігі, делегирлеу

негізінде жауапкершілік пен өкілеттілікті бөлуді жүргізу;

  • бақылау іс-шаралары мен әдістерін әзірлеуге дайындық;

  • басқарушылық міндеттерді шешу үшін мотивацияның, көшбасшылық

пен биліктің негізгі теорияларын қолдану қабілеттілігі;

  • топтық серпін үдерістері мен топтың қалыптасу қағидалары негізінде

топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру қабілеттілігі.

Осы пән бойынша студенттерді оқытудың белсенді әдістері:имитациялық (жағдайды талдау,жаттығулар),ойындық (іскерлік ойындар,рольдерде ойнау, ойындық жобалау),имитациялық емес (практикалық сабақ,күрделі мәселені қамтитын дәріс,тақырыптық пікірталас,ғылыми конференция,дипломдық жоба).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет