«менеджмент» ПӘні бойынша оқУ-Әдістемелік кешен



бет49/118
Дата01.01.2022
өлшемі460,01 Kb.
#107578
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   118
Байланысты:
6.1 menedzhment

Дәрістің мақсаты: Ұйым менеджер қызметінің өрісі ретінде, менеджмент жүйесіндегі ұйымдастырушылық қатынастар, ұйым түсінігі. «Ұйым» мен «ұжым» түсініктерінің ара қатынасы ерекшелігіне ерекше көңіл бөлу, сонымен қатар, пәннің негізгі зерттеу мәселелері туралы жалпы түсінік алу және осы пәнді не үшін оқу керектігін түсіну. Осы мақсатқа жету үшін мынадай талдау сұрақтары қарастырылады.
Түйін сөздер: ұйым, машиналық бюрократия, кәсіптік ұйым, миссионерлік ұйым, т.б.
Дәрістің жоспары:

1.Ұйым менеджер қызметінің өрісі ретінде. Менеджмент жүйесінднгі ұйымдастырушылық қатынастар.

2.Ұйым түсінігі. «Ұйым» мен «ұжым» түсініктерінің ара қатынасы.

Ұйымның жалпы сипаттамалары. Ресми және бейресми ұйымдар.

3.Ұйым қызметінің түрлері. Көлденең және тік еңбек бөлінісі.

4.Ұйымдағы басқару үдерісі.

5.Менеджменттің инфрақұрылымы. Ұйымның ішкі және сыртқы орталары.

6.Халықаралық орта. Халықаралық ортаның негізгі элементтері (өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, инвестициялық ахуал, экспорт-импорт сальдосы, экспорт құрылымы).


1. Ұйымдастыру және басқару теориясы бойынша ғылыми әдебиеттерде «ұйымдастыру» жүйенің негізгі қасиеті, сипаты ретінде қарастырылады, яғни жүйенің бөліктерінің үйлесімдігі, тәртібі. Сонымен қатар бұл менеджменттің қызметі. Ұймдастыру әлеуметтік жүйемен ұқсастырылады. Әлеуметтік ұйымның көп түрлері белгілі: саяси, әскери, шығармашылық.

Ұйымның мәнін ашатын белгілер:

- ұйым – адамдардың бірлестігі;

- ұйым жалпы мақсатқа жету үшін құрылып, қызмет етеді;

- жалпы мақсатқа жету шарты – бірлескен іс- әрекет, ол өзара қатынасу нысандарында іске асады;

- ұйымның белгілі шеқаралары бар. Олар: іс-әрекет түрі, жұмысшылар саны, капитал, өңдірістік көлем, территория.

Ұйым –жалпы мақсатқа немесе мақсаттар жүйесіне жету үшін іс- әрекеттері саналы түрде үйлестірілетін, адам топтарынан тұратын әлеуметтік бірлестік. Ұйымға қойылатын талаптар:

- топ бөлігі ретінде 2 адамнан кем болмауы;

- топ мүшелері ортақ деп қабылдайтын кем дегенде бір мақсаттың болуы;

- барлығына манызды мақсатқа жету үшін саналы түрде бірге жұмыс істейтін топ мүшелерінің болуы.

Бұл талаптар ресми ұйымға тән. Сонымен қатар бейресми топтар да болады.

Ұйымның өмірлік цикл тұжырымдамасына сай оның іс-әрекеті келесі 5 негізгі кезендерден өтеді:

1. ұйымның өмірге келуі, басты мақсат - өмірін сақтап қалу;

2. балалық шақ және жастық шақ, басты мақсат- пайда табу және тез өсу;

3. толығу, орта жас, басты мақсат –жүйелі үйлесімді өсу, жеке имиджді қалыптастыру;

4. ұйымның қартаюы, басты мақсат – қол жеткізген нәтижелерді сақтап қалу;

5. қайта қалпына келу, басты мақсат-барлық қызметтер бойынша жандандыруды қамту, персоналдың ұжымшылдығы арқасында ұйымның өсуі қамтылады.

Ұйымның жалпы сипаттамалары: ресурстар, сыртқы ортаға тәуекелділігі, еңбектің көлденең және тік бөлінісі, басқару қажеттілігі.

Ұйымдастыру ұжымға синергия әсерін тигізеді. Өзара әрекет ету адамдардың істерін біріктіреді, ұйымның жаңа сапалы қасиеттерге ие, бөліктер қасиеттерінің сомасына тең емес бір тұтас ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді. Басқарушы жүйеге қарағанда ұйым басқару объектісі болады. Оны құрған кезде мақсаттар, іс-әрекет түрлері, көлемі, ұйым түрі мен көлемі белгіленеді, қажетті ресурстармен қамту атқарылады.

19-20 ғасырдың басында ұйымды құруда механистикалық ықпал пайда болды (Тейлор, Файоль, Вебер). Олар ұйымды машина ретінде қабылдады, ол белгілі тәртіппен жұмыс істейді. Адамдар автомат секілді, қарапайым қимылдар, операциялар қайталанады, бұл бюрократиялық ұйым. Оның қызмет ету тиімділігі уақытты үнемдеу және жұмыстардың жоғары сапасына қол жеткізуде ғылыми ықпалдарды пайдалану, қызметтермен өкілеттіліктерді таратуда.

Органикалық ықпал – ұйымдастыру мен басқару теориясын дамытуда қазіргі тенденциялардың көрінісі. Адамгершілік қарым- қатынас мектебі, мотивация теориялары ұйымға жаңадан қарау; оның маңызды қасиеттерінде адам және оның тілектері белгілеген.

Канада профессоры Г.Минцберг ұйымдық құрылымның типіне байланысты, орталықтандыру мен мамандануға байланысты келесі ұйым тізімін ұсынды:

Кәсіпкерлік ұйым – қарапайым құрылым, менеджмент иерархиясы дамымаған, тез жаңаруға бейім, шағын;

Машиналық бюрократия – рационалдаудың, өңеркәсіп іс- әрекетті стандардарттаудың жоғары дәрежесі, жоғары кәсіптілікті қажет етпейді, иерархия, орталықтан; жаппай өңдірісте дамыған;

Кәсіптік ұйым – аурухана, университет, мектеп... Мамандардың жоғары кәсіптілігімен сипатталатын бюрократиялық ұйым;

Диверсификациялық ұйым – қатынасты түрде тәуелсіз бөліктерден тұрады;

Инновациялық ұйым – формализациялаудың төмен дәрежесі, көлбеу маманданудың жоғары дәрежесі;

Миссионерлік ұйым – идеология, мүшелердің арасында жоғары сенімділік;

Саяси ұйым – құрамдас бөліктердің арасында келіспеушіліктің жоғары дәрежесі, бөліктер арасындағы іс- әрекеттің қарама қайшылығы.

Интегративтік ұйымдар әлеуметтік келіспеушіліктерді шешеді, қоғамның түрлі бөліктерінің өзара әрекетін қамтиды. Үлгілерді сақтайтын ұйымдар білім, мәдениет саласында дәстүрлерді қайта өңдеп дамытады.

Сонымен қатар, ұйымдар ресми және бейресми, қоғамдық, бюджеттік, бюджеттік емес, үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді.

Ұйым миссиясының кең және тар ұғымы бар. Кең мағынада миссия ұйым болмысының мәні, оның философиясы. Ұйым философиясы қызмет етуде басшылыққа алынатын құндылықтар, принциптер. Ал тар мағынада миссия басқалардан ерекшелігін көрсететін, ұйымның қызмет етуін ашып беретін қағида. Ұйымның қызмет етуіне ықпал етіп және оның болмысын анықтауда қызығушылықтарын есепке алуды қажет ететін адам топтары:

- ұйымның иелері;

- ұйым қызметшілері;

- сатыпалушылар;

- іскерлік серіктестер;

- жергілікті қауымдастық;

- жалпы қоғам.

Ұйым миссиясы аталған адам топтарының қызыгушылықтарын ескеру керек. Ең қатты, өзгеше әсер беретін адам топтары – иелері, қызметшілері мен сатып алушылар.

Ф.Котлер бойынша миссия келесі 5 факторға байланысты жасау керек:

- фирма тарихы;

- мінез-құлық стилі және қызметшілермен басқару персоналдың іс- әрекетету әдісі;

- ұйым ортасының жағдайы;

- ұйым мақсатына жетуге арналған ресурстар;

- ұйымның ерекшеліктері.

Миссия сыртқы орта субъектілеріне ұйым туралы, оның философиясы туралы, неге ұмтылатыны туралы түсінік береді. Сыртқы орта субъектілерінде ұйым туралы атақ қалыптасады немесе күшейеді.

Миссия ұйым ішінде бірлік және корпоративтік рухтын қалыптасуына көмектеседі. Бұл келесілерде көрінеді:
-миссия қызметшілер үшін жалпы мақсатты айқындайды, ұйым болмысының мәнін көрсетеді. Сонын нәтижесінде қызметшілер өз іс- әрекеттерін бір бағытта жүргізеді;

-миссия қызметшілер өздерін ұйыммен идентификациялауға (ұқсастыру) ықпал етеді;

-миссия ұйымда белгілі ахуалды қалыптастырады. Ол арқылы адамдарға ұйым философиясы, құндылықтары, принциптері жеткізіледі.

Ұйымды нәтижелі басқаруға миссия мүмкіндік береді. Себебі ол ұйым мақсаттарын қалыптастыруда негіз болып, ұйым стратегияларын өңдеуде көмектеседі. Миссия ұйым ресурстарын таратуда стандарттар белгілеп, оларды пайдалануын бағалауға тірек болады. Қызметшілер үшін іс- әрекетінің мәнін, мазмұнын нығайтады. Миссия ұйымға қалай, қашан, не істеу керектігі туралы нақты нұсқаулар бермейді, ол ұйымның қозғалысына негізгі бағыттарды белгілейді. Миссия нақты, сонымен қатар, баршаға түсінікті болу керек.

Егер миссия жалпы бағытты белгілесе мақсаттар – ұйым жетуге тырысатын кейбір сипаттамалардың нақты жағдайы. Олар жоспарлаудын бастапқы нүктесі, ұйымдық қатынастарды құруда негіз, ынталандыру жүйесінің тірегі, бақылау еңбек нәтижелерін бағалауда бастапқы кезең болып табылады. Уақыт белгісі бойынша мақсаттар қысқа мерзімдік (1 жыл) және ұзақ мерзімдік (2-3 жыл) болып бөлінеді.

Ұйым келесі бағыт бойынша мақсаттарды анықтайды: табыс, клиенттермен жұмыс жасау, қызметкерлердің қажеттіліктері және жағдайы, әлеуметтік жауапкершілік. Әрбір ірі компанияда (бір неше бөлім, бірнеше денгей) мақсаттар бәйтерегі құрылады. Ен жоғарыда көлемді, ұзақ мақсаттар, ал одан төмен сол мақсаттарға жету құралдары болады. Стратегиялық басқарудың манызды мақсаттарының бірі, ұйымның өсу мақсаттары. Олар сату көлемінің өсуі, пайда, сату көлемінің қарқыны, пайданың қарқыны сияқты қатынастықты сипаттайды.

Өсу тез, тұрақты болу мүмкін. Дұрыс қалыптасқан мақсаттар келесі талаптарға сай болу керек:

- мақсат қол жеткізерлік болу керек;

- мақсат икемді болу керек;

- мақсат өлшеулі болу керек;

- нақты және сәйкесті болу керек. Ұзақ мақсат миссияға, ал қысқа мақсат ұзақ мақсаттарға сай болу керек.

Дұрыс ұйымдасқан мақсатты қою процессі келесі 4 фазаны қамту керек:

1.ортадағы өзгерістерді білу және талдау

2. Ұйымға қатынасты мақсаттарды белгілеу. Миссияны, ресурстарды, ортаны талдау нәтижелері, өткен тәжірибе ескерілу тиіс.

3. Мақсат бәйтерегін құру

4. Жеке мақсаттарды қою.

Басқарудың бастапқы пункты – мақсатты таңдау болып саналады. Басқару шешімдерін ойластыруда қолда бар ресурстар мен қоғамдық қажеттілікке негізделу керек. Мақсат неғұрлым биік болса, ол мақсатқа неғұрлым тезірек жетуге ықпал етеді. Ұйымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін, мұның әсіресе әр түрлі типтегі ұйымдарға қатысы бар. Мысалы, кәсіпорынның басты мақсаты- белгілі бір мөлшерде тауар шығару немесе қызмет көрсету. Басты мақсат оның орындалуын қамтамасыз ететін бірнеше мақсатқа бөлінеді.

Мақсаттарды олардың бәйтерегі түрінде де бейнелеуге болады.

Басқару мақсаттарына қойылатын талаптар:

1.Анық, нақтылы болуы керек

2.Қол жететіндей болуы керек (яғни шаруашылық мүмкіндігін ескере отырып жасалу керек)

3.Бағыттаушы көрсеткіштерден тұруы қажет

4.Мақсаттар қарапайым және күрделі болады. Жеңіл қол жеткізілетін мақсаттар күрделі мақсаттардың орындалуына ынта беруі керек

5.Қалыптасқан жағдайға байланысты өзгертуге, қайта қарауға мүмкіндік беретіндей бейімделгіш болуы қажет

6.Барлық мақсаттарды орындау мүмкін емес, сол себепті ең негізгісін таңдай білу керек.

Мақсаттар жүйесі белгілеріне қарай бірнеше түрлерге бөлінеді:

1.Қажетті деңгейіне қарай: стратегиялық, тактикалық;

2.Мазмұнына қарай: технологиялық, экономикалық, өндірістік, әкімшілік, маркетингтік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік;

3.Уақыт аралықтарына қарай: ұзақ мерзімді (5 және одан да көп жылға арналған), орта мерзімді (1-5 жыл), қысқа мерзімді (1 жылға дейін).

4.Деңгейіне қарай: жалпы, ерекше, операциялық, шұғыл.

Ұйымның тиімділігін арттыру үшін мақсат айқын болуы тиіс. Ресурстардың жеткіліксіздігінен немесе сыртқы факторлардың әсерінен мақсат орындалмауы мүмкін. Қол жетпеген мақсат жұмыскерлердің ынта – ықыласын кемітеді.

Синтетикалық ыңғайларға басқаруды кешенді, ұйымның ішкі және сыртқы ортасымен байланысқан өзгермелі құбылыс ретінде қарастыруы тән.

Осы ілімдердің көпшілігінің негізі болып жүйелік ықпал саналады. Ол ұйымдағы мақсаттарды, ресурстарды және ішкі, сыртқы процестерді бір тұтас етіп байланыстаратын жанжақты кұбылыс деп қарастырады. Тағы да бір ерекшелік - жүйелік тиімділіктің болуы, яғни сапа жағынан алғанда бір тұтас оны құраушы бөліктерінің қарапайым сомасынан артық деп санайды.

Грек тілінен аударғанда жүйе сөзі көптеген элементтерден құрылатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.

Жүйелік тәсілдеме ХХ ғ. пайда болды деуге болады. Әлбетте астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау жүйелерін зерттеген.

Жүйелік тәсілдеме әскери мақсаттарға атом бомбасын жасау үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелік тәсілдеме одан әрі азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.

Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелік тәсілдеме әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылы «Жүйенің жалпы теориясы» атты еңбегін шығарды.

Кез-келген жүйенің ерекшеліктері:

• тұтастық

• құрылымдылық (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі)

• иерархиялық ( жүйенің әр бір бөлігі белгілі бір дәрежеде өзіндік сапасы бар қосалқы жүйе ретінде көрінеді).

• Өзаратәуелділік

Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ объектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара ықпалдасу үстінде болатын сыртқы әсерге жауап беретін тұтас организм сияқты.

Өңдірісті басқарудың өз объектісі мен субъектісі болады. Басқару процесінде объективті және субъективті арақатынас «анықтаушы» және «шешуші» ұғымдары арқылы анықталуы мүмкін.

Басқарудың субъектілеріне мемлекет, қоғамдық ұйымдар және елдің әр азаматы кіреді.

Өңдірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары мен аймақтарын құрайтын халық шаруашылығы, өңдірістің негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер, қызметкерлердің ұжымы кіреді.

Оларды бір-бірінен ажыратып көрсету қажет: өкілетті органдар, атқарушы және билік органдары, әділ сот органдары, өңдірістің басқару функцияларын орындаушы және тікелей мемлекеттік басқару органдары.

Өңдірістің басқару мәселерін мына органдар шешеді:

Ø билік органдары - өкілетті органдар

Ø мемлекеттік басқару органдары – мемлекеттік комитет, министрліктер.

Өңдірісті басқару объектісінің жалпы түріне оның салалары мен аймақтарын құрайтын барлық халық шаруашылығы, өңдірістің негізгі буындары – кәсіпорындар мен бірлестіктер кіреді.

Өңдірістің басқару объектісі бұл ел территориясында өңдірістік күштерді ұтымды орналастыру, әлдеқайда тиімді территориялық кешендерді құру. Өңдірісті басқару объектісі ретінде маңызды орынды бейөндірістік салалар алады: білім беру, деңсаулық сақтау, мәдениет. Түпкі негізінде кез келген басқару объектісінің орталық буынына қызметкерлердің ұжымы жатады.

Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы зор. Адам осы жүйенің белсеңді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар мен қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді, әрі дамытады.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі – оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады.Мұндай жүйе дербестікке ие элементерден тұрады.Мәселен, кәсіпорын бір жағынан дербес жүйені білдіретін болса, екінші жағынан оны салалардың жүйе тармағы ретінде қарастыруға болады.

Ø Бұл жағдай экономикалық жүйелерге де қатысты:Жүйелер арасында ең алдымен басқарушы және басқарылушы жүйелер арасында себеп-салдар байланысы болуы керек. Бұл мынаны білдіреді: басқару ісінде жүйе мен басқарылатын объекті өзгерістерге бірдей жауап қайтарған жағдайда ғана мүмкін болады, яғни кері байланыс орнайды.

Ø Жүйенің басқару ықпалын күшейте алатындай қабілеті, яғни осы ықпалға жауап беріп қана қоймай, оны тереңдететін қабілетке ие болуы керек

Ø Жүйелердің динамикалығы. Жүйе бір сапалы жағдайдан, екіншісіне өте алатындай қабілетке ие болуы керек.

Ø Жүйеде процесс ағымына әсер ете отырып, оны өзгерте алатындай параметрдің бар болуы.

Ø Басқару ақпаратын іздеу, жинақтау, жаңғырту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету.

Ø Жүйелердің тұтастай сипаты. Онсыз бақылау мен басқару мүмкін емес.

Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізінде басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:

Ø бірінші кезенде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақтыланады. Қызметтің ақпараттық қажетттілігінің баламалы салалары мен ауқымдары белгіленеді;

Ø екінші кезеңде қажетті зерттеулер жүзеге асырылады

Ø үшінші кезеңде белгілі мәселерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әр бір міндет бойынша оңтайлы нұсқа тандап алынады.

Жүйелік ықпалдың дамуы ұйымға тірі организм ретінде қарап, ол ашық жүйе екенін көрсетті.

Жағдайлық ықпал ұйым ашық жүйе болған соң, икемді басқаруды қажет ететінің түсінуге мүмкіндік берді. Ұйым қызмет етуі үшін үнемі өзгеретін сыртқы ортаға бейімделуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет