Күтілетін нәтиже Білім алушылар көркем әдебиет туындыларымен танысып, нақышына келтіріп оқитын болады. Шығармаларды оқи отырып, өзін-өзі тәрбиелейді, қоғамдық ортада білім алушының құзіреттілігі артады, өмір сүріп үйренеді. Мәнерлеп оқудың құндылығы білім алушының әрбір көркем әдеби туындыларды оқып, одан ләззат ала білуі.
3 Таңдау курсының құрылымы 1-бөлім. Мәнерлеп оқудың теориялық білімі. Мәнерлеп оқу туралы ұғым. Дауыс. Дауыс ырғағы. Дауыс ырғағының кідірістері. Логикалық, психологиялық, грамматикалық кідірістер. Сөйлеу техникасы Дикция. Дыбыстау мүшелері. Дыбыстардың айтылуы. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы. Дауысты дыбыстардың айтылуы. Екпін. Мағыналық екпін. Тембр. Үзіліс(пауза). Сөйлеу қарқыны.
2-бөлім. Білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұсақ жанрлармен таныстыру. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар. Жаңылтпаштар. Санамақтар. Диалог түріндегі қысқа мәтіндер. Өлең шумақтарының үзінділері. Ұйқасын тауып өлеңді аяқтау тапсырмалары.
3-бөлім. Теориялық білімді практикамен ұштастыруда қарастырылған балалар жазушыларының шығармалары. «Торғай» (р дыбысының оқылуына арналған). ТорайғыровС. «Қараңғы қазақ көгіне...»(екпінге байланысты). « Қияр мен капуста», дауыс ырғағына байланысты. «Қасқыр мен кірпі», «Мақта қыз бен мысық», (Үзіліс). «Бал араның жыры» . Мысал өлеңдер, «Шегіртке мен құмырсқа»(екпін мен тембрге байланысты).
4-бөлім. Мәнерлеп оқу курсының практикалық, бөлімінде үйренгенін көрсету, қолдану. Бейнефильм көру, өзінің көзқарасы, сипаттауы. Өлең ұйқасын шығару. Өздерінің шығармашылықтарының жинақтары. (көрме). Мәнерлеп оқу: «Менің сүйікті өлеңім, сүйікті ертегім». Презентация. Қойылым көрсету.
Курстың ерекшелігі, әр берілген теориялық білім практикамен ұштасып отырады. Мысалы, балаларды бір күнгі сабақта, белгілі бір теориялық ұғыммен таныстырылса, оған практика жүзінде әдеби жанрлармен жұмыс жасалады.
4