Түсінік хат Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне айрықша назар аударылып отырғаны баршамызға белгілі. Мектептегі білім алушыларды туған халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиетіміздің туындыларымен сусындата алсақ қана жасөспірімінің жан дүниесін жадыратуға болады.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибелерінде өзін атаған білім беру түрлері дамуда.
«Мәнерлеп оқу» бағдарламаны құруда Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген бастауыш мектептің оқу бағдарламаларын басшылыққа алынды.
4-сыныптағы «Мәнерлеп оқу» курсының ерекшелігі балалардың коммуникативтік немесе тілдік дағдылардың алғашқы нышандарын қалыптастыра отырып, сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Көркем шығармалар түрін мәнеріне келтіре оқи отырып, ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл бағдарлама адамның ішкі рухани жан дүниесінің байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалары Қоғам дамуы қарыштап алға басқан сайын ғылым-білімнің де керегесі кеңейіп, жаңалық молая түсуде. Ғылым мен техниканың жаңалықтары көз ілеспей дамып келеді. Ал, мектеп сол жаңалықтың барлығын оқушыларға меңгерту үшін бейімделе бастады. Кітаппен жұмыс істеу – мектепішілік мәселеге айналып барады. Мектептен тыс жерде, үйде балалар көбіне теледидар көріп, интернетке шығып, компьютермен ойын ойнайды. Кітап оқу екінші орынға ауыса бастады. Мектептегі оқушылардың кітапқұмарлығының ақсап бара жатқаны көруге болады. Алайда, білімнің негізгі бұлағы кітап оқу екені – басы ашық ақиқат. Ауызекі сөйлеу барысындағы ахуалдар, балалардың дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуі, ой-өрісінің даму барысындағы кездесетін кедергілерді жою.
2
Өзектілігі Мектептің алғашқы басқышы, негізгі тірегі бастауыш сыныптан бастап, жас жеткіншектерді әсемдікке, әдемілікке, ойлай білуге, өзіндік ой түйіндей білуге, көркем шығармаларды мәнерлеп оқи отырып, білімді болып тәрбиеленуі. Балалардың қоғамдағы өмірге бейімделуі тілдік қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылуы.
Мақсаты: «Мәнерлеп оқу» курсы– түсініп, дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде өздерін тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру. Ауыз әдебиетінің түрлі жанрларымен танысып, өз бетімен оларды оқуға қызықтырып, кітапқұмарлыққа баулу.
Үнтаспаға жазылған бірнеше әдеби үлгілерді оқуға жаттықтыру барысында оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын көру;