ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
6B01513-Биология білім беру бағдарламасындағы
ZDB 4331«Жеке даму биологиясы» пәні бойынша
лабораториялық сабақтарды өткізуге
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Түркістан
Лабораториялық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларының/мамандықтардың білім алушыларына арналған.
Әдістемелік нұсқауды дайындаған: аға оқытушы Н.Калиева
Әдістемелік нұсқау кафедраның «__.__.20__ж. мәжілісінде талқыланды. (№1 хаттама)
Кафедра меңгерушісі __________ техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.И.Исаев
Факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды № ___ «____» _____20___ж.
Факультеттің академиялық
комитет кеңес төрайымы: __________ техн.ғ.к., доцент м.а. Қ.Ибрагимова
Лабораториялық жұмыс № 11
Тақырыбы: Экто- және мезодерма бастамаларының бір-біріне әсері. Ас қорыту және тыныс алу жүйелерінің дамуы
Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:
Ұрық жапырақшаларының қызметі жайлы анықтама алады.
Ұрық жапырақшаларының айырмашылығын айқындай алады.
Жұмыстың мазмұны:
Ұрық жапырақшаларынан мүшелер мен жүйелердің түзілуі
Эктодерма
|
Мезодерма
|
Энтодерма
|
Жануарларда жабындары. Адамда және өзге сүт-қоректілерде терінің үстіңгі кабаты Тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және жұлын, т.б.)
|
Өзге жүйе мүшелері: бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан.Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері
|
Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш, т. б. Барлық бездер (тері безінен өзгесі), асқорыту бездері де: бауыр, ұйқыбез, калқанша без, гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б. Тынысалу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т. б.
|
Бұл бір қарағанда ешқандай маңызсыз сөздер тізбегі тәрізді болып көрінеді. Әрине жүйке жүйесінің сүт бездері және эктодермадағы терімен бірге берілуі мүмкін емес тәрізді. Тынысалу жүйесінің энтодермадағы асқорытумен бүйректің сүйектермен және мезодермадағы жүрекпен бірге берілуі де түсініксіз. Алайда өкінудін, және осылардың барлығын сөзбесөз жаттап алуға талпынудың қажеті жоқ. Ұрық жапырақшаларының теориясында қарапайым эволюциялық қисын көрсетілген. Тірі ағзалардың тарихи қалыптасуы қалай болғанын түсініп, еске түсірсе ғана болғаны, сонда барлығы бірден өз орнына келеді.
Ұрықтың дамуына сыртқы да, ішкі де көптеген факторлар әсер етеді. Радиация, иондағыш сәулелену, уландырғыш заттардың әсері өте қауіпті. Алкоголь, никотин, кептеген дәрі-дәрмектер қабылдаудан адам мен жануарларда туа пайда болатын дерттерді дамытуы мүмкін. Бұдан басқа дамып келе жатқан ұрық бөлігі өзара химиялык әсерлесіп, біріне-бірі өзара ықпал ететіні дәлелденді. Қосмекенділердің бөлшектену кезіндегі жұмыртқажасушаларына өте көп сынақтәжірибелер жасалды. Өйткені бұл жануарлардың уылдырықтары аналық ағзасынан тысқары дамиды және әкқабығы (скорлупа) жоқ. Бөлшектенуге сперматозоид және ұрықтану болмаса да жағдай жасауға болады. Ол үшін жұмыртқа жасушасын жіңішке инемен тесуге немесе химиялық әрекет жасаса, жеткілікті. Екі бластомерден тұратын ерте бластула сатысындағы бластомерлерді белуге болады. Олардан толық жарамды ағзалар жарып шығады. Алайда бластомердің біреуін өлтірсе, бірақ екіншісінен бөліп алмаса, онда тұтастай тірі қалған бластомерден тіршілік ете алмайтын итшабактың жарты денесі ғана пайда болады. Осы және көптеген басқа сынақтәжірибелер ғалымдардың ұрықтық даму заңдылығын анықтап, адамға арналған екіқабаттық гигиенасының негізіне жататын кағида жасауға мүмкіндік берді
Микроскоп арқылы зерттелетін препараттар
Нейруланың алғашқы кезеңі. Бақа ұрығының дене жағынан көлденең кесінді. Суретін салып, белілерін қойыңыздар.:
1) нерв пластинкасы;
2) нерв қатпарлары;
3) эктодерма;
4) энтодерма;
5) хорда
2. Нейруланың ортаңғы акезеңі.Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) нерв науасы; 2) нерв қатпарлары; 3) хорда; 4) эктодерма; 5) энтодерма; 6) екінші ішектің қуысы
3. Нейруланың соңғы кезеңі. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |