Менің Қазақстаным – менің болашағым. Тәрбие сағаты. Мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі143,16 Kb.
#4616
Менің Қазақстаным – менің болашағым.

Тәрбие сағаты.

Мақсаты:

  1. Отанды сүюге, ата заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

  2. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Мультимедиада дайындалған слайдтар: ата заң туралы мәліметтер,


Видиофильм «Қазақстанның гүлденуі»
Тақтада сынып сағатының тақырыбы, мақал-мәтелдер мен дана адамдардың сөздері жазылған слайдттар.

Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, жұппен, топпен жұмыс, әдеби монтаж.
Сабақтың барысы:
Экранда слайдпен сабақтың тақырыбы көрсетіледі. ( Слайд)

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».

Әнұран (мультимедиялық көрініс – Менің Қазақстаным!)

Мұғалім: Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.

Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)

Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды әрқайсысың  қағазға жазыңдар.(2мин.). Енді көрші отырған балалар бір-біріңмен ойларыңмен алмасыңдар.(1мин.). Ойларыңды топқа салыңдар. Әр топтан бір оқушы сөйлейді. (Оқушылар өз ойларын айтады).

Мұғалім «Отан деген не» екенін түсінік ағашының көмегімен оқушылардың ойын қорытындылайды.



Экранда Қазақстанның картасы көрсетіледі.(Слайд)

Мұғалім: Ендеше балалар мына сұрақтарға жауап берейікші.

  • Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев қай жылы сайланды?

  • Еліміз тәуелсіздігін қашан жариялады?

  • Қашан Қ.Р. Туы, елтаңбасы, әнұраны туралы Қ.Р.заңына қол қойылды.

  • Қ.Р. Ата заңы қашан қабылданды?

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы кім әңгімелеп береді?

  • Экранда мультимедиялық бейнефильм «Қазақ елі туралы» көрсетіліп тұрады. Оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат беріп өтеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚРК-ның кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: “Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”. Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демокр., зайырлы, құқықтық және әлеум. мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады. Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемл. бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демокр. негiздерiнiң мызғымастығын бекiту. Осыған орай республика қызметiнiң түбегейлi қағидалары айқындалады, олар: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экон. даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демокр. әдiстермен, оның iшiнде респ. референдумда немесе Парламенттiк дауыс беру арқылы шешу (1-бап, 2-тармақ).

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемл. нысандар жөнiнде, мемл. буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемл. басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған. Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде ҚРК-ның жоғары тұрғандығын арнайы мемл. орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚРК-ның 74-бабына сәйкес, КРК-на кереғар деп танылған заңдар мен халықар. шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес. Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.



Мұғалім: Енді әр топ оқушыларына «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбында дайындаған жобаларын қорғау ұсынылады.

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды




«Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз» (қазақша топ тәрбиесі)


Мақсаты:
а) оқушыларға бірлік, достық, беріктік туралы түсіндіру.
б) көршілес мемлекеттер туралы түсініктерін дамыту, кеңейту.
в) оқушыларды достыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.


Түрі: әдеби монтаж.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, көгершіннің суреті, кітап көрмесі т.б.
Барысы: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Бауырласпыз, дос-туыспыз, біргеміз»- деп аталады.
Бүгін ТМД елдерінен Қазақстан Республикасына қонақтар келіп отыр.
(Алдын-ала отырғыштар қойылып, қонақтарды бір-бірлеп шақырамыз.)

1. Россия таң шығынан жаралған,


Россия таң нұрынан нәр алған.
Россия аралықтар, өлшемдер,
Биік заңғар тұлғасының бәрі арман - деп ортаға Ресей елінен келген қонақта шақырамыз.

2. Кім сүймейді ет жақынын туысын,


Украина –туысымның бірісің.
Тұрды биік туысымдай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын - енді ортаға Украина елінен келген қонақты шақырамыз.

3. Белоруссия, сен көрмеген сын бар ма?


Сен басыңнан кешірмеген мұң бар ма?
Ең бірінші саған тиді жау оғы,
Сен бірінші соққы бердің мұндарға!- деп Белоруссия елінен келген қонақты шақырамыз.

4. Қадірменді бір досымыз - өзбегім,


Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің,- деп Өзбекістаннан келген қонақты шақырамыз.

5. Онша үлкен болмаса да көлемі,


Азербайжан, Грузия таудың елі, көл елі.
Азербайжан, грузин, армян ағайын.
Тағы сені құшып сүйгім келеді - деп ортаға Азербайжан, Грузия мен армян елінен келген қонақтарды шақырамыз.

6. Жырласа қырғыз, түркімен,


Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен.
Мерейлері жарасқан,- деп ортаға Қырғызстан, Түрікменстан, Молдавия, Тәжікстан елдерінен келген қонақтарды шақырамыз.
Қандай ғажап ажарлы, аса көркем,
Қазақстан арайлы туған өлкем.
Одақтың ортан қолдай ұлысың сен,
Достығымен жарасып жайған өркен.
Міне, Қазақстан Республикасына қош келдіңіздер. (Осы арада сәлемдеседі).

Сәлемдесу.


Енді еліміздің әнұранын орындайық.
(Бәрі орындарынан тұрып,қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұран айтады).
Бұрын КСРО құрамында болған, кейін өздерінің тәуелсіздіктерін жариялаған республикалар –Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина басшылары 20 желтоқсан күні Алматыда бас қосты. 21 желтоқсан күні аталған тәуелсіз мемлекеттердің жетекшілері жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де Қазақстан Президентінің резиденциясына жиналды. Сағат 15.00-де бұрын дайындалған құжаттарды талқылау аяқталып, 11 тәуелсіз мемлекеттердің басшылары жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де тәуелсіз мемлекеттердің жаңа ұйымын құрғандары туралы хаттамаға қол қойды.

Алматыдағы кездесудің нәтижесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді. Бұрынғы Кеңес Одағын ойға түсірмеу үшін жаңа шартта «одақ» деген сөз «достастық» сөзімен алмастырылды. Алматы кездесуінен кейін Кеңес Одағы іс жүзінде өмір сүруін тоқтатып, ресми құжатта айтылғандай, «Армения Республикасы, Әзірбайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы (РФ), Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы, және Украина тең құқықты негізде және жоғары дәрежеде Келісуші Жақтар ретінде Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығын құрды». Хаттамаға жоғарыда аталған Республикалардың басшылары, тиісінше Л. Тер-Петросян, А. Муталибов, С.Шушкиевич, Н.Назарбаев, А. Ақаев, М.Снегур, И. Каримов, Б.Ельцин, Р.Нәбиев, С.Ниязов және Л.Кравчук қол қойды.

Алматы кездесуінде қол жеткізген уағдаластықтың маңыздыларының бірі- ядролық қаруға байланысты біріккен шаралар туралы келісім болды. Оған сол кезде аумағында ядролық қаруы болған Беларусь, Қазақстан, Ресей Федерациясы және Украина басшылары қол қойды. Келісім бойынша оған мүше мемлекеттер ядролық қару жөнінде біріккен саясат қалыптастырып, ТМД мүшелерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс болды.

Енді әр ұлт өкілі өз елін таныстырып өтеді.(елдің аты, астанасы, жер көлемі, халқының саны, шаруашылығы, ұлттық валютасы, ақын композиторлары т.с.с қысқаша айту керек).


Қазақстан-Еуразия құрлығында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 2,7 млн км. Халқы 14,9 млн адам. Оның 65,7% қазақтарды құрайды. Астанасы - Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ұлттық валютасы –теңге. Діні - ислам діні болып табылады.
Ендігі кезекті келген қонақтарға арнап ауылдың алты ауызын орындап берейін. (Қазақстан елшісі өз өнерін көрсетеді)

Қазақша (Казакша) би немесе ән.


Ал енді келген қонақтардан қонақ кәде сұраймыз. (келген қонақтар өз өнерлерін көрсетеді).
Барлығы бірігіп ребус шешеді.

Балалар мынау ненің суреті? Одан бір әріп алып тастаймыз, әрі қарай шешеміз.


Шешуі: «Достық».
Тәуелсіздік туы бекем тұр Елім,
Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.
Жаңа ғасыр,
Жаңа өмір
Жаңа жыл
Азаматтың арқала осы тілегін - деп тәрбие сағатымызды «Достық» әнімен аяқтаймыз.
(Бір-бірінің қолынан ұстап, қолдарын жоғары көтеріп айту).
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

Тәрбие сағаттың тақырыбы: “Жерді аялайық”

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.


Сайыс-сабақ түрінде өткізілгендіктен, экологиялық карта, экологиялық газеттер, киіз үй, қамшы, жалбыз, түрлі тастар көрнекілікке пайдаланылды.
Жер – Ана. /домбырамен сүйемелдеп, күй тартылып тұрды/. О, менің перзенттерім! Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
1 – бастаушы.
Кең далам менің, кеңдігіммен керілген,
Тау тасымен табанды етіп өсірген.
Шөптері мен гүлдері, жұпар иісі аңқыған,
Өзендері мен көлдері анау, Сарыарқаның сазынан жаратылған.

(”Сарыарқа” әні хормен орындалды).


2 – бастаушы. Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. “Жерді аялайық” тақырыбындағы білім сайысы осы міндетті шешуге бағытталады.
Сайыстың тәртібі бойынша қатысушыларды алты адамнан 2 топқа бөлдім: ұлдар және қыздар тобы. Сұрақ қатысушылардың барлығына жалпы берілді. Қойылған сұрақтарға қай топ дайын болса, сол топ жауап беруге келісілді. Бірінші сұраққа ұлдар тобы жауап берді.
1 сұрақ. Халқымыздың тұнғыш ғалымы кім және ол кісі табиғат туралы не айтқан?
Ұлдар тобы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ол кезінде былай деген екен: “Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі.”
2 сұрақ. Бұл айтылғандарды пысықтау үшін қандай жыр жолдарын тілге тиек етуге болады?
Қыздар тобы.

Қасиетті сөз береді “Кие” деген,


Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.

3 сұрақ. Халық табиғаттағы өздері қастерлейтін жерлерді қалай атаған?


Ұлдар тобы. Халық табиғаттағы қастерлейтін жерлерді “Әулие бұлақ”, “Әулие ағаш” деп, қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстар мен жануарларды жақсылықтын жаршысы, бақыттың басшысы, тіршіліктің иесі деп олардың ұясын бұзбауға, балапандарын жәбірлеп, өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген, балапандайтын, төлдейтін кездерінде құстар мен жабайы андарды аулауға тыйым салған.

4 сұрақ. Қорқыт атаның артында қалған қандай өсиет сөздерді білесіздер?


Қыздар тобы. Қорқыт атаның өсиет сөздерінде айтылатын “Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын” деген ұғымдар – айналадағыңды аялай біл деген аталы сөз. “Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым” деген өлең жолдарында үлкен мән бар.
5 сұрақ. Қашаған ақын адам өмірінде орманның қаншалықты маңызды екенін қалай толғаған?
Ұлдар тобы:
Жаның сая табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Кәріп пенен қастерге
Қуат болған бұл – ағаш.
6 сұрақ. Халық табиғаттың ғажап көркі саналатын орман – тоғайды қай өлеңмен қастерлеген және орманды неге теңеген?
Қыздар тобы. “Қараорманым” деген өлең жолдарын арнап, былай жырлаған:
Киінген келіншектей оқалы орман
Секілді жанға сая, малға қорған
Бабамыз бауырында малын бағып
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар ақылы
Көркейген келбетінен дала сыны.
Ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,
Секілді көзіміздің қарашығы.
7 сұрақ. Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
Қыздар тобы.
“Ұя бұзба! Балапанға тиме” деп,
Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек
“Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын,
Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп,
“Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

8 сұрақ. Заманымыздың мақтанышы, тау – кен зерттеуші геолог, тұнғыш ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев туралы не деген?


Ұлдар тобы. “ Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес”. Оның тағы да табиғатқа арнаған мынадай мақалдары бар. “Жер – байлық көзі”, “Жер – ырыс кеңдігі”, “Жері байдың – елі бай”.
9 сұрақ. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел туған жерінен босып, көше жөнелгенде кім үйін жықпай, жұртта отырған? Оның себебін қалай түсіндіруге болады?
Қыздар тобы. Қарлығаштың ұясында балапаны болғандықтан, үйін жықпай, жұртта отырған Төле би еді. Сондықтан оны “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деп атап, ерекше құрметтеген.
10 сұрақ. Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыздың бірі, асқан ақыл иесі Төле би атамыздың қандай жыр жолдарын білесіздер?
Ұлдар тобы.
Жалбарынар жайым жоқ жан алдында.
Балапандар бар қанша қарауымда.
Сол жетімдер ұшуға жарағанша,
Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда.
“Қарлығаш би” атандым сол ұшін де,
Осылармен бір менің өресім де,
Батыр болсаң, жайратып жүре бер, сен,
Жалғыз шалды кездескен жол үстінде.

11 сұрақ. Жезқазған қаласында экологиялық мәселені басты орынға қоюға мүмкіндіктер бар ма?


Қыздар тобы. Экологиялық мәселені басты орынға қоюға себептер жеткілікті десе болады. Мәселен, жаз айларында жиі болатын қапырық ыстық пен қыстың қытымыр аязы тіршілігіңізге қолайсыздық әкелетіні белгілі. Жезқазған қаласы республикадағы ірі қалалардың бірі екенін мойындайтын болсақ, келешекте ұлттық өнер – нақышы бар әдемі биік тұрғын үйлер салынып, жасыл желекке оранған көшелері бой түзеу керектігі мәлім, ал қала орталығына жасыл желек қатарын көбейту орнына бұранғы егілген ағаштарды қорғаудың өзі ойдағыдай емес екенен қалай түсінуге болады? Сондықтан қала басшылары экологиялық мәселені жандандыру шараларын жасап, оны жүзеге асыруы тиіс.
12 сұрақ. Жер – ана толғауынан қандай өлең шумақтарын білесіздер?
Қыздар тобы.
Қайран далам. Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Алаңсыз ата – бабам сайраңдаған,
Көсіліп жатырсын –ау, қайран далам.
Толассыз қапылыстың, жарылыстың
Уытын өн бойына жайған далам.
Аң – құсың безіп кетті пана таппай,
Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Жазылмайтын мәңгіге жарақаттай,
Армансыз ата – бабам сайраңдаған,
Қоңырсып жатырсын – ау, қайран далам.
Өрт шалып өзегіңді тұрған кезде,
Тыныштық бола қойсын, қайдан маған?
Ұлдар тобы. Нулы жерінің нуын, сулы жерінің суын, аққулы көлімнің сәнін алатындай не жазды, қасиетті Абай жері?
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде 2000 – жылға дейін арнаулы жоспар жасалғаны белгілі. Бұрын табиғаттың мұқтажына кім назар аударып еді. Табиғат байлықтарын пайдалану мәселелеріне министрліктердің жауапсыз қарауы салдарынан еліміздің бірқатар аймақтары экологиялық дертке душар болды. Басқарудың тиімді экономикалық әдістерін енгізу арқылы, Арал мен Балқаш аралығындағы адам мен табиғаттың өзара
Тыңайтқыштарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаға лас заттарды бөліп шығаруға жол беріліп, Балқаш көлінің суында мыс, мырыш, бор және азот қоспалары шамадан тыс артып кетті. Аралдан алынған 1000000 текше метр су текке рәсуа болып жатыр. Бұл суды ұтымды пайдаланса, Арал теңізін аман сақтап қалуға болады демекпіз.
14 сұрақ. Табиғат туралы қандай жұмбақтар білесіздер?
Қыздар тобы.
Құрғак жерде сақтайсын,
Онсыз тамақ татпайсын.
/тұз/
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
/күн/

Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,


Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
/глобус/
“Айт” десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.
/шөп/
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң – жаның рахат табады .
/ағаш/
Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім, өзең көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
/карта/
Үлкен – улкен түйені
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
/тау/
Әдемі түнде мен жүрсем жүреді бірге.
/ай/.

15 сұрақ. Табиғат туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?


Ұлдар тобы. Тұған жер - алтын бесік. Жер – ырыстың кіндігі. Жер – ана, ел – бала. Тозған жерде тоқшылық болмайды. Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ. Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз. Орман көп болса, олжаң көп. Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
1 – бастаушы.Жас достар, табиғатты сүйіңдер!
Табиғат – Отан байлығы.
«Заман – ай» әні хормен орындалады.
2 – бастаушы. Табиғатты тарылтпайық.
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.
Қорытынды: Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау-саламат болыңыздар!!!

  • Уақыты: 12-02-2012, 23:47

  • Категориясы: Тәрбие сағаты



Тәрбие, сағаты, жерді, аялайық


  • Жер ортақ үйіміз

  • Табиғат - тіршілік көзі

  • «Туған жерім – Қазақстан»

  • "Біз - табиғат қорғаны" (топ-серуен сабақ)

Ақпарат

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет