“Отбасы –шағын мемлекет Мен-президент, сен-премьер...” Қ.Аманжолов
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.
Жанұяда жақсы қасиеттер
балаға сөзбен, үлкендердің
үлгісімен сіңеді, дамиды:
адамгершілік
бауырмалдық
татулық
қайырымдылық
әдептілік
инабаттылық
Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.
Еңбекпен тәрбиелеу
Өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу
оның үйренуіне көмектесу
берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындалуын төзімділікпен бақылау
істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру
жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру
Спорт арқылы балаларды тәрбиелеу
Бала тәрбиесіндегі басты тұлға-әке
Баланың жан дүниесіне үңілу сенген сырын жарияламай, сақтай білу мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білу әңгімелескенде олардың пікірімен санасу ашық сөйлесе алу ӘКЕ
Әке мейірімі- адалдық сағаты
Өмірде ұрпақтар тәжірибесі…
Дүниедегі ешбір оқу- әке мен ананың берген тәлімін бере алмайды. Оқудан білім қонар, ал тағылымды тәрбие- тек әке мен анадан ғана берілетін қасиет. Әке мен ананың бергеніндей білім, ақыл, тәрбие еш жерде болмайды. Оны кітаптан табу қиын. Олардың тәрбиесі, Абай айтпақшы, бар тамырды қуалайды. Жүректен шығып, жүрекке жетеді. Әкенің балаға айтқан әңгімесі, баласымен бірге ойнап-күлгені, серуендеткені, ел аралатып қыдыртқаны, жаңа адамдармен таныстырғаны, “балам” деп мақтанғаны, ата- бабасының, руының, елі мен жері кім екенін ұқтырғаны- тәрбиелік мәні терең дүниелер. Әке- өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстырып тұрған алтын көпір. Сол көпір арқылы әрбір ұрпақ өзінің болашағымен қауышады. Үй шаруасына ана жауапты болса, отбасының жалпы жағдайына әке жауапты.
Үш байланыс
Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін.» В.А.Сухомлинский
Өз тәжірибем бойынша үш байланыс
Ата-аналарға арналған тест тақырыптары
“Сіз қандай тәрбиешісіз?”
“Сіз қандай ата-анасыз?”
“Сіз және сіздің балаларыңыз?”
Сауалнама “Ата-ана, бала, мектеп”
Әкелерге ұсыныс:
-Оқушыда сапалы білім мен тәрбие болу үшін мектеп және ата-ана тығыз байланыста болуы қажет.
-Бала үшін әке тек асыраушының рөлін атқармай, оның білім мен тәрбие алу жолындағы нағыз серіктесі болуы қажет, баламен көзбе-көз сөйлесіп оған әр түрлі жағдайда ақыл-кеңес беру.
-Әке баласына көбірек уақыт бөліп қадағалау, бағыттау, бағалау, білім олқылықтарын анықтап дер кезінде көмектесіп отыру.
-Әке баласына педагогикалық көмек көрсететіндей дәрежеде болуы керек.
-Ата–ана өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеу (газет, журнал, теледидар)
Қорытынды
Ежелден қалыптасқан түсініктің бірі- “әке- үйдің асыраушысы”. Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын- әке. “Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, жарым ештеңеден қысылмасын, дастарханымыз мол болсын” деген ой әкенің көкейінен ешқашан кетпейді. Бұл табиғаттың заңдылығы да шығар. Өткен дәуірлерде де әке үйдің басты асыраушысы болды. Бүгінде де сол дәрежесінде де келе жатыр. Әкесі бар үйдің шаңырағы ешқашан шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз- әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді. Себебі, баланың барлық арманы әкенің арманымен ұштасады. Әке өзінің баласын қандай күйде көргісі келетінін күні бұрын ойластырады. Әрине, ешбір әке өз баласына жамандық тілемейді. Ең асылын, ең жақсысын баласына беріп, “Мен көрген қиындықты балам көрмесінші” деп тілейді. Мұны сезіп, сол ойды ақылына қондырып, санасындағы терең түйсікпен біліп жатқан бала болса, құба-құп.