«Менің елім- менің Елбасым» Қазақ халқы



Дата20.06.2018
өлшемі40,5 Kb.
#44045
«Менің елім- менің Елбасым»

Қазақ халқы тәуелсіздік алып, жаңа өмір жолын бастағалы қуаныш­тар қатары жаңаша мерекелермен толыға түсті. Тәуелсіздік кү­ні, Рәміздер күні, Теңге күні, Астана күні, Құрбан айт мерекесі, Наурыз той-мейрамдарының қа­та­рына Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы­ның Тұңғыш Президенті күні қосылды. Дәстүрлі түрде аталып өтіліп келе жатқан Тұңғыш Президент күнінің қазақстан­дық­тарды және жас ұрпақты бір мақсат, бір мүдде жолына біріктіруге, ел ішінде ынтымақ пен өзара ауызбіршілікті сақтауға, өт­кенді ардақтап, бүгінді баға­лап, ертең үшін біріге еңбек етуге ұйыстыруда мәні зор.

Жалпы, Президент күнін өткізу дәстүрі – әлемде бар тәжірибе. Ол өзге елдерді айтпағанда, тіпті АҚШ-та да аталып өтеді. Қазақ елі – жас мемлекет. 24 жыл уақыт ішінде экономика, саясат, әлеуметтік салаларда орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік, осылардың барлығы Н.Назарбаевтың тұлғасымен және есімімен байланысты. Бүкіл әлем кезінде Кеңес Одағында артта қалған мемлекеттің бірі саналған Қазақстанның қазір осыншама орасан табыстарға жеткеніне қайран қалады.

Осы орайда мектебімізде, 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы күніне орай «Менің елім- менің Елбасым» атты апталық өткізілді. Апталық барысында, 1-11 сыныптарда тәрбие сағаттарын өткізумен қатар, оқушылар арасында тақырыптық суреттер мен мәнерлеп оқу сайыстары, сондай-ақ 5-8 сыныптарда эссе мен 9-11 сыныптарда шығармалар байқауы және кітап көрмесі мен пікірталастар өткізілді. Сондай-ақ апталық аясында, мектебіміздің тәлімгері Гулшат Жусупова, «Елбасы – еліміздің бірлігі мен гүлденуінің кепілі» атты Елбасы саясатын қолдауға арналған акция өткізіп, оқушыларды «Жас қыран», «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсімін өткізді.

Тәрбие сағаттарында оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып-өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат берілді. Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу мақсатында бейнефильмдер көрсетілді. Апталықтың жабылу рәсімі үлкен концерттік кешке ұласып, барлық жасалған жұмыстар қорытылып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Жалпы мұндай мектебімізде өткізіліп жатқан іс-шаралардың мақсаты - Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатын қолдау, жастардың бойында Елбасы түсінігінің мәнінің зор екендігін дәріптеу, Елбасы жүргізіп отырған шара, бағдарлама, реформалардың Байқоңыр жастарының да қолдайтындықтарын көрсету болып табылады.

Қазақ халқы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен ежелгі қазақ халқы жаңа дәуірге қадам басты, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құрды. Кеңес Одағы тарқаған тұстағы Қазақстан жағдайы қараша-желтоқсанда жыртығынан жел үрлеген қараша үйге ұқсас еді. Бүгін сол үй сәулетті сарай іспеттес. Еліміз әлемдік мемлекеттер ұжымында өзіндік ойып алған орны бар мемлекет. Әлем мойындаған мемлекеттің ұрпағы болғанымызды ерекше мақтан тұтамыз. «Жыл адамы» атағы 1993 жылдан беріліп келеді екен. Бұл атақпен жеке тұлғалар, ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнес, қайырымдылық, ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктері үшін адамдар марапатталған. Ал 2011 жылы Қазақстан ғалымдары Н.Ә. Назарбаевты «Ғасыр ғұламасы» деген атақпен марапаттады. Осы берілген атақтардың бәрі Тұңғыш Президентіміздің жасаған орасан зор еңбегі үшін деп білеміз.

Ауыр күнді артымызға тастауы –


Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

Алғашқы еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1969 жылдан бастап комсомол және партия жұмысына ауысты. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н.Ә.Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті.

«Басқарушы болмаса, ел қадірі кетеді, елінде айтыс болса, ер қадірі кетеді», – демекші, қазіргі таңда Елбасымыздың көрегендігінің арқасында тату-тәтті бірлікте өмір кешіп жатырмыз.

Тұңғыш Президент күнін тойлау – қазақ халқы үшін үлкен мәртебе, ұлағатты іс. 20-дан астам жылдың ішінде, түрлі белестер шыңына жеткен, халықты дұрыс бағыттай біліп, демеу көрсеткен адам – Нұрсұлтан Әбішұлының сіңірген еңбегі мен төккен терін қарапайым сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Билік басында ондаған жылдар отырып, Қазақстанның болашағын шешу оңай іс емес және ондай іс адамнан жан-жақтылықты талап етеді. Ұлт көшбасшысының ел үшін жасаған істері шетсіз-шексіз.





Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы

272 орта мектептің ғылыми-әдістемелік



жұмыстар жөніндегі орынбасары

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет