«Менің елім» интеллектуалды ойын



бет4/5
Дата04.07.2018
өлшемі1,51 Mb.
#46322
1   2   3   4   5
4.тур: Шырқау. «Суреттер сөйлейді?» деп аталады 

Әр топқа кезекпен ұлы тұлғалардың суреттері көрсетіледі, топ осы тұлға туралы мағлұмат беруі керек. Дұрыс жауап 10 ұпай. 
Көрсетілген тұлғалар: 
1. Төле би Әлібекұлы (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. 
Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. 
2. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі –Жошы хан. Шын есімі Әбілмансұр. 13 жасында Төле бидің жылқысын бағып Сабалақ атанды. Аңырақай шайқасы болған жылдары жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, Абылай атанды. 1771-1781 жылдары үш жүздің ханы болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет