«Менің елім» интеллектуалды ойын



бет5/5
Дата04.07.2018
өлшемі1,51 Mb.
#46322
1   2   3   4   5


3. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. 

4. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. 
1917 жылы желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. 
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә.Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. 
1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі. 
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды. 



5. тур: «Жер ұйық »- сұрақ жауап. «Сырға толы карта» 
Әр топқа кезекпен Қазақстан қалалары бойынша сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақ бойынша әр топ сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар қаланы картадан көрсетуі қажет. Толық дұрыс жауап 2 ұпай, егер картадан көрсете алмаса, 1 ұпай. 
Сұрақтары: 
1. Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз) 
2. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа қай жерден аттанды? (Байқоңыр) 
3. Алаш автоаномиясының астанасы болған қала? (Семей)т 
4. Қазақтар қай қаланы Қызылжар деп атайтын? (Петропавл) 
5. Негізі 1640 жылы қаланған Гурев қаласының қазіргі аты? (Атырау) 
6. Ғалымдар бұл қаланың атауын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала" деп түсіндіреді? (Шымкент) 
7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала? (Көкшетау) 
8. Мұғалжар тауының оңтүстік батысында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас қала? (Ақтөбе) 
9. Үшінші алтын киімді адам табылған аудан? (Зайсан) 
10. 1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы) 
11. Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған) 
12. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталған қала? (Ақтау) 
13. 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Қызылорда) 
14. 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды) 
15. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин дүниеге келген өңір? (Қостанай) 
16. 16-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан) 
17. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен) 
18. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз) 
19. Жасыбай көлі, Баянауыл тауы орналасқан өңір? (Павлодар) 
20. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана) 
Осымен «Менің елім» атты интеллектуалды ойын аяқталды, енді сөз кезегін әділ-қазыларға береміз. Тәрбие ісінің меңгерушісі Аманов Т.К. екі топтың ұпай сандарымен таныстырып, «болашақ» тобы жеңіске жеткенін айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет