Қосымша көмек: Ол 1858-59ж Қашқарияға барып, әлемге аты әйгілі елдің тарихын ашады.
(Шоқан Уалиханов)
3) Қазақ хандығының өркендеген және тыныштық орынаған кезі. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» деп еске алады. .Көрнекті орыс тарихшысы В.И. Левшин даналығы, ол билеудегі шеберлігі үшін грек жеріндегі Спарта мемлекетінің ақылгөйі, заңгер Ликургке теңеген. Осы тарихи тұлғаны атаңыз (Тәуке хан)
4) Осы тұста қазақ еліне Орыс мемлекеті. Жоңғария, Орта Азия хандықтары көз тігіп қауып төндірді.
1711-1781 жылы кім өмір сүрді?
5) Б.з.б.484-425 ж.ж.шамасында өмір сүрген грек тарихшысы. Цицерон оны «тарихтың атасы»деп атаған.Ол алғаш «тарих»атты еңбек жазған.
Білгірлер тобына
1) 1890ж Қызылорда қаласында дүнеге келген. Ташкент гимназиясын, Петербург университетінің заң факултетін бітірген. Ол ағылшын, орыс, француз, поляк тілдерін меңгерген. 1917ж Құрылған Түркістан автаномиясының М. Тынышбаевтан кейінгі призиденті болған тарихи тұлғаны атаңыз. (Мұстафа Шоқай)
Қосымша көмек.
1935ж «Түркістан Кеңестер билігінде» атты кітабы жарық көрді.1940 ж неміс фашистерінің қолына түсіп, Берлинде қайтыс болды.
2) Педагог, тарихшы, қоғам қайраткері 1900ж Верный гимназиясын бітірген. 1906ж Петербург транспорт инженерлер институтын темір жол инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Түркістан автономиясының призиденті қызметін атқарған 1937ж стлиндік репрессияның құрбаны.
Бұл тарихи тұлғаны атаңыз. (М. Тынышбаев)
Қосымша көмек. 1907 ж Жетісу губерниясына ІІ мемлекеттік Думаға депутат болып сайланған.
3) Паташа үкіметі бұл көтерілісті ығыстыру үшін Ырғыз бен Торғай бойынша қамалдар тұрғызды. Ол көтеріліс басында хандық билікті қолына алып, хандық сат жүиесін енгізді. Бұл тарихи тұлға кім?
Қосымша көмек. Бұл көтеріліс Бішкекке жақын жердегі Майтөбе деген жерде жеңіліс тапты.
(Кенесары Қасымұлы)
4. Қазақта өлең атасы –Абай, күй атасы-Құрманғазы десе ән атасы деп кімді айтамыз?
(Әміре)
5) «Географияның»авторы.Оның кітабында Кавказ бен Орта Азиядағы ежелгі халықтар мен тайпалар туралы көптеген құнды мағлұматтар келтірген. Ежелгі грек тарихшысы және географы. Б.з.б. 64 жыл-б.з-дың 24 жылдар шамасында өмір сүрген.
Келесі ІІІ турымызға көшейік «Шарықтау» - жанкүйерлермен сайыс.
1. «Ресейдің отарлау саясатына шек қою, патша үкіметінің құрамына кірмеген, өңірлердің дербестігін сақтау, қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату. Қазақтарды Қоқан бектері мен хиуа хандығының езгісінен азат ету. Бұл көтерілістің қозғаушы күші қарапайым шаруалар болды. Көтеріліске 80 старшын мен сұлтан қатысқан. (Бұл көтеріліс қай жылы болды және оны кім басқарған.) (Кенесары)
2. Көтерілістің мақсаты қазақтардың бұрынғы жерлерін қайтарып алу, Жайық қазақтарының Нұралы ханның озбырлығына шек қоюы.Кіші жүзге қатысқан Кіші жүз рулары: Жағалбайлы, беріш, алаш, байбақты Көтерілісті байбақты руынан шыққан адам басқарады. Ол 1802ж Хиуада қайтыс болды.
Бұл кім және көтерілістің болған уақыты.(1783-1897)
4. Қабанбайдың жарының есімі (Гауһар)
5. Қабанбайдың азан шақырып қойған аты Ерасыл
Достарыңызбен бөлісу: |