Сабақ Бекіту сабағы отбасы мәселелері тыңдалым. Иә Жоқ Ата-анасы асыл жандар



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі415,81 Kb.
#96950
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
5-сабақ


5-сабақ
Бекіту сабағы
ОТБАСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ТЫҢДАЛЫМ.


Иә

Жоқ

Ата-анасы асыл жандар.

Әкесінің есімі – Әлімгерей.

Әкесінің жеке кәсібі жоқ.

Әкесі іссапарда жүреді.

Анасы – мұғалім.

Анасы – парасатты жан.

Анасы ақыл айтпайды.

ТЫҢДАЛЫМ.


№1 аудиофайлды тыңдаңыз. “Иә” немесе “Жоқ” деп жауап беріңіз.
№1

ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА.

ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКА.


1. Адамның өзіне қатысты істейтін әрекетін көрсетіңіз.
A) бояу, тазалау
B) бояну, тазалану
C) бояту, тазалату
D) боясу, тазаласу
2. “Едәуір” сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.
A) кейбір
B) қыруар
C) салып
D) жеңіл-желпі
3. “Өте суық” сөзімен алмастыруға болатын сөзді көрсетіңіз.
A) Анам бізге ең жылы бөлмені дайындапты.
B) Анам менің жылы киімдерімді дайындады.
C) Анасы салқын бөлмеде демалуды ұнатады.
D) Ауырып жатқан анасының қолы сұп-суық екен.
4. Басқа бір адам арқылы істелген әрекетті көрсетіңіз.
A) Самат құрылысшыларға баяндама жасады.
B) Владимир зауыт туралы баяндама дайындасты.
C) Владимир баяндамасын қазақ тіліне аудартқызды.
D) Самат қаланың жоспары туралы баяндама жасады.
5. Сөйлемді толықтырыңыз.
Ата-анасы тілектес ..., Жұлдыз журналист мамандығын таңдайды.
A) бітсе
B) салса
C) болса
D) келсе
6. Мақсатты білдіру үшін айтылған сөйлемді табыңыз.
A) Мен оларға осы кесене туралы айтып бердім.
B) Осы кесене туралы ол маған көп нәрсе айтты.
C) Маған осы кесене туралы әңгімелеп беріңізші.
D) Мен сізден осы кесене туралы сұрайын деп едім.
7. “Жұп-жұбымен” сөзіне қарсы мағыналас сөзді көрсетіңіз.
A) бір-бірлеп
B) қос-қостап
C) бас-басына
D) рет-ретімен
8. Іс – әрекеттің бірнеше рет қайталанғандығын білдіретін сөзді табыңыз.
A) Ол зауыттың ауласына келіп кірді.
B) Арман зауыттың директормен кездесті.
C) Аслан директордың кабинетіне кіріп келді.
D) Ол зауыттың директорына келгіштеп жүрді.
9. Екі түстің кезектесуін көрсетіп тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Алакөлдің суы өте пайдалы екенін халық біледі.
B) Алакөл толқындары әртүрлі болып өзгертіп жатады.
C) Алакөлде туризмді дамыту қажеттігін ұсынып отырмыз.
D) Алакөл толқындары біресе ақ, біресе көк болып жатады.
10. Қажетті сөзді қойыңыз.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл екен, ..., оны еліміздің әр азаматы білуге міндетті.
A) егер
B) демек
C) себебі
D) әйтпесе
11. “Жедел” сөзіне мағыналас сөзді көрсетіңіз.
A) үнемі
B) түгел
C) ақырын
D) шапшаң
12. “Әдейі” сөзіне мағыналас сөзді табыңыз.
A) баяу
B) біраз
C) жорта
D) соншама


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет