3. Үстеу – қай сөйлем мүшесі, белгіле. Қайтатын күнім ертең.
А) Толықтауыш. В) Анықтауыш.С) Пысықтауыш.D) Баяндауыш.Е) Бастауыш.
4. Үстеудің қандай сөйлем мүшесі екенін белгіле. Ол биыл елуге келді. А) Толықтауыш.В) Анықтауыш.С) Пысықтауыш.D) Бастауыш.Е)
Баяндауыш.
5. Үстеудің қызметін анықта Ала жаздай не бітірдің, қарағым?
А) Толықтауыш. В) Мезгіл пысықтауыш. С) Пысықтауыш. D) Қимыл-сын пысықтауыш.
6. Үстеу болатын сөз – сөйлемнің қай мүшесі, анықта. Ала жаздай үй салумен болды. А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш.
D) Толықтауыш. Е) Пысықтауыш.
7. Дефис арқылы жазылатын үстеуді тап.
А) Күні бойы. В) Таң сәріде. С) Күні бүгін. D) Құр босқа. Е) Келе сала.
8. Мөлшер үстеуді тап.
А) Едәуір өсіпті. В) Әрі – бері жүрді. С) Күні – түні оқиды. D) Әдейі барады.
Е) Бекерге айтқансың.
9. Себеп-салдар үстеуді тап.
А) Онша жараспайды. В) Таңертең барады. С) Төмен түсті. D) Босқа әуре болма.
10. Күшейткіш үстеуді көрсет.
А) Әдейлеп шақырды. В) Амалсыздан келіп отыр. С) Мүлдем білмейді.
D) Шалқасынан құлады. Е) Балаша мәз болды.
11. Мекен үстеуді тап. А) Бүгін кетеді. В) Жоғары тартты. С) Тез келді. D) Тым биік. Е) Жорта айтты.
12. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді тап.
А) Ілгері. В) Осыншалық.. С) Шалқасынан. D) Бұрын. Е) Бұлбұлша.
1 - жаттығу. Көркем әдебиеттерден алынған мысалдардан үстеулерді тауып,қай түріне жататынын анықтаңдар.
1. Ерте ояндым, жете алмадым. (Абай).
2. Әлібек амалсыздан тоқтады. (Ғ.Мұстафин).
3. Оның еміс- еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана. (Ғ.Сланов).
4. Әубәкір оны жүр - жүрлеп сүйрей бастады. (Ғ.Мұстафин).
5. Сен бүгін сонда барып қон да, ертең осында қайтып кел. (С.Мұқанов).
6. Амантай алда, Асқар кейінірек келе жатыр. (С.Мұқанов).
7. Мынау тіпті ұнамсыз екен. (Ғ.Мұстафин).
8. Сенің басыңа күн туып қалғанын біз бірден – ақ сездік. (Ғ.Сланов).
9. Ботагөз көрпесін кеудесіне шейін ғана жамылып , беті ашық, шалқасынан ұйықтап жатыр екен. (С.Мұқанов).
10. Бұрышта шоқшиып жүресінен отырған бір адам көзіне елестей кетті. (С.Мұқанов).
2 – жаттығу. Мақал – мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңдер және құрамындағы үстеудің түрін ажыратыңдар
1. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
2. Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.
3. Ілгері басқан жасты кері қайтқан кейін тартады.
4. Темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай;
Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай.
5. Бұрынғының кісісі – бүгінгінің кішісі.
6. Жылы – жылы сөйлесе, жылан іннен шығады.
7. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
8. Арық айтып, семіз шық..
9. Асығы алшысынан түсу.
№
|
Мысалдар
|
Хабарлы сөйлем
|
Сұраулы сөйлем
|
Лепті сөйлем
|
Бұйрықты сөйлем
|
А
|
Ә
|
Б
|
В
|
1
|
Жиналыс басталды ма
|
|
|
|
|
2
|
Аспан шайдай ашық
|
|
|
|
|
3
|
Бұл – Байжанның талай келген үйі
|
|
|
|
|
4
|
Сізде де арман бар ма екен
|
|
|
|
|
5
|
Кәне, жігіттер, аттарынды қамдандар
|
|
|
|
|
6
|
Сонша малға жерді қайдан таппақсың
|
|
|
|
|
7
|
Жоғал, көзіме көрінбей
|
|
|
|
|
8
|
Баяндамашыға сұрақ бар ма
|
|
|
|
|
9
|
Түн жым – жырт
|
|
|
|
|
10
|
Халық ұстазынан айырылса, не таппақ
|
|
|
|
|
11
|
Ойбай – ау, кеше мен осылай деп пе едім
|
|
|
|
|
12
|
Өзініз қандай ақыл бересіз
|
|
|
|
|
13
|
Ол поэмадан менің есімде қалғаны – осылар
|
|
|
|
|
14
|
Тыңда, дала, Жамбылды
|
|
|
|
|
15
|
Мүмкін, маған, Бәтес қосылар
|
|
|
|
|
16
|
Сен осы ауылдың баласы шығарсың
|
|
|
|
|
17
|
Келші, қалқам, менің қасыма отыршы
|
|
|
|
|
18
|
Оның өзін тындап көрсек қайтеді
|
|
|
|
|
19
|
Күн жылы
|
|
|
|
|
20
|
Бірақ сәл ғана білінген салқын бар
|
|
|
|
|
21
|
Қандай тамаша көл
|
|
|
|
|
22
|
Жарыс туын жоғары ұстайық
|
|
|
|
|
23
|
Балаңды кеше жібермеген екенсің
|
|
|
|
|
24
|
Сен енді жас бала емессің
|
|
|
|
|
Жаттығу.Мәтінді оқып, нүктенің орнына тыныс белгілерін қойыңдар.
Қайырлы таң....Менің атым Берік....Жасым жиырмада.....Менің жолдасым Әлия он сегізде....Сен нешедесің.......Әке-шешең қаншада.....Олар құрдас.....
Мен «Алатау » шағын ауданында тұрамын.....ал сен.....
Жаттығу.Төмендегі сөздер арқылы шағын әңгіме құрастырыңдар.
Орман, күз, ғажап,жапырактар, серуендеу,мен, көрініс, табиғат,кілем.
Жаттығу. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызыңыз.
Үтік
Үтік жайындағы мәлімет XVII ғасырдағы әдебиетте кездеседі. Өткен ғасырдың аяғында үтіктің неше түрі ойлап шығарылды:газбен, көмірмен, спиртпен, бумен, керосинмен тағы басқалармен қыздырылатын үтіктер. Бірақ нағыз прогрестік нәтижесі электр үтігінің шығуы болды.
Жаттығу. Толықтауыш, анықтауыш пен пысықтауыштардың астын сызыңыз.
Ине
Ине бұдан он мың жыл бұрын пайда болған. Ине ағаштан, сүйектен, қоладан, содан соң темірден жасалған. Ал бай адамдар күмістен жасатқан. Болаттан істелген тұңғыш инені Еуропаға арабтар әкелген.
XVI ғасырда Францияда сым созатын машина ойлап табу ине,
түйреуіш жасау ісіне үлкен жаңалық енгізді. Қазір ине химиялық
құрамы күрделі, сапалы болаттан жасалады.
Жаттығу.Асты сызылған сөйлемге синтаксистық талдау жасаңыз.
Қайшы
Қайшы алғашқыда біздің заманымызға дейінгі бір жарым мыңыншы жылдары ойлап шығарылды. Тігіншілер пайдаларатын қайшы біздің замарымыздың 300-ші жылдары Ежелгі Римде пайда болған.
Ал VIII ғасырда бір қолөнерші екі кескіш темірді білікпен қосу әдісін тапқан, содан барып қазіргі бәріміз білетін қайшы пайда болған.
Төмендегі суреттің сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар.
ж п н д б р н р -
с б р у з ж б қ,
ш л р м з г л н д
б у р н ж з п,
ш н д т л п ж т -
қ н қ з н с б р,
қ р к қ п п й д -
л н р т м м х л қ,
|
а а а і ә
е а а ы а ы
а ы а е і і е
а ы а ы
і і е о ы а
а а ы а ы а
о е ы а а
а а а а а ы
|
Сөйлем мүшелері.
Сөйлем мүшелері мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 3 в) 4 с) 5 д) 6 е) 7
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
а) Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсетін мағыналы сөздер және сөз тізбегі. в) Сөйлем ішінде тиянақты ойды білдіреді. с) Сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш. д) Қимыл-әрекеттің жай-күйін білдіреді. е) Баяндауыштағы іс-әрекеттің иесін білдіреді.
Күрделі бастауышы бар сөйлемді тап.
а) Жалқаудың ертеңі бітпейді. в) Олар тыным таппайды. с) Ертең құрылыс жұмысы басталады. д) Менің ауылым алыста. е) Біздің ауылдың табиғаты жақсы.
Толықтауыштың сұрақтарын көрсет.
а) кім? не? в) қайда? қашан? с) қалай? қайдан? д) кімге? неге? е) не істеді? не істемек?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет.
а) бастауыш, толықтауыш; в) анықтауыш, баяндауыш; с) бастауыш, баяндауыш; д) анықтауыш, пысықтауыш; е) анықтаыш, баяндауыш.
Анықтауышы бар сөйлемді тап.
а) Бұл өңірде мұнайдың сарқылмас қоры бар. в) Сынып – тап-таза. с) Гүлнар кітапты ұқыпты ұстайды. д) Ол көңілді. е) Саша мектепке келді.
Пысықтауыштың мағыналық түрлері нешеу?
а) 7 в) 6 с) 5 д) 4 е) 3
Тура толықтауышы бар сөйлемді тап.
а) Ол бізбен кездесті. в) Досым қызық кітап сатып алды. с) Мен гүлге су құйдым. д) Адал бала анасына көмектеседі. е) Сусыз өмір жоқ.
Баяндауыш нені білдіреді?
а) қимыл-әрекетті, оқиғаның болған шағын; в) қимыл-әрекеттің иесін; с) заттық мағынаны; д) заттың сынын, сапасын; е) қимыл-әрекеттің мезгілін, мекенін.
Асты сызылған сөз қай сөйлем мүшесіне жатады? Олар 1991 жылы ғарышқа ұшты.
а) толықтауыш в) пысықтауыш с) бастауыш д) баяндауыш е) анықтауыш
Мына сөйлемнің баяндауышы қай сөз табына жатады?
Оқушылардың саны - отыз бес.
а) зат есім; в) етістік; с) сын есім; д) сан есім; е) үстеу.
Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді тап.
а) Ата-аналардың жиналысы болды. в) Біз қызық кино көрдік. с) Жаңа жыл келді. д) Ертеңгі күнді ойла! е) Қар қалың түсті.
Сөйлемнің бастауышы қай сөз табына жатады? Үлкен бастар, кіші қостар.
а) есімдік в) зат есім с) сан есім д) сын есім е) етістік.
Сөйлемдерден мекен пысықтауышты тап.
а) Біз Астанаға бардық. в) Кітап оқуды жақсы көремін. с) Биыл қыс жылы болады. д) Қазақстан – егеменді мемлекет. е) Қараша айы өте суық.
Қандай? Қанша? деген сұрақтар қай сөйлем мүшесіне жатады?а) бастауыш в) анықтауыш с) пысықтауыш д) толықтауыш е) күрделі баяндауыш.
Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан да көп мүшелер... деп аталады.
а) тұрлаулы мүшелері в) сөйлем мүшелері с) тұрлаусыз мүшелері
д) сөйлемнің бірыңғай мүшелері е) сөйлемнің айқындауыш мүшелері.
Мына сөйлемнің баяндауышы қай сұраққа жауап береді? Жақсы – ісімен жақсы.
а) не істеді? в) қандай? с) кім? д) нешеу? е) қалай?
Анықтауыш дегеніміз не?
а) Сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын мүше. в) Іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін, оқиғаның болған шағын білдіретін мүше. с) Сөйлемде затты, нәрсені сын-сапалық, сан-мөлшерлік, меншіктілік жағынан анықтап тұратын тұрлаусыз мүше. д) Қимыл-әрекеттің иесін білдіретін мүше. е) Бір сұраққа жауап беріп, бір ғана қызмет атқарып, бір ғана мүшемен байланысатын екі я одан да көп мүше.
Бірыңғай мүшелері бар сөйлемді тап.
а) Оның суы тұщы. в) Мұнда қоңыр аю, елік, ақ қоян, борсық, арқар қорғауға алынған. с) Ұялмас бетке талмас жақ береді. д) Күлтай есіктен кіріп келгенде, қуанғаным сондай. е) Желтоқсан айы жақындады, бірақ әлі суық түспеді.
Мына сөйлемдерден күрделі баяндауышы бар сөйлемді тап.
а) Мектепте ата-аналар болды. в) Ата-аналар жиналысқа кешігіп келді. с) Мектеп жиналысында күрделі мәселелер қозғалды. д) Бұл жиналысқа ата-аналардың көбі келмеді. е) Жиналыстың соңында ата-аналар мен меткеп әкімшілігі бір-бірімен келісті.
Қытайдың жібегі жоғары бағаланады. Мына сөйлемде пысықтауыштың қай мағыналық түрі берілген.
а) мекен; в) мезгіл; с) қимыл-сын; д) мақсат; е) себеп.
Сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын мүше не деп аталады?
а) анықтауыш в) пысықтауыш с) бастауыш д) баяндауыш е) толықтауыш
23. Айту – біздің парызымыз. Мына сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылып тұр?
а) зат есім мен жіктік жалғауынсыз зат есім; в) сан есім мен сан есім; с) сын есім мен сын есім; д) тұйық етістік пен зат есім; е) сілтеу есімдігі мен зат есім.
24. Кімнің? Ненің? сұрақтарына қай сөйлем мүшесі жауап береді?
а) пысықтауыш в) анықтауыш с) бастауыш д) е) толықтауыш
25. Сөйлем мүшелері қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
а) 5 в) 4 с) 3 д) 2 е) бөлінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |