«Менің керемет күнім» тренинг Мақсаты



Дата09.10.2024
өлшемі18,03 Kb.
#206025
Байланысты:
тренинг


«Менің керемет күнім» тренинг
Мақсаты: психологиялық тұрғыда ұжымды бірлікке, ынтымаққа, сыйластыққа, жан-жақтылыққа жалпы педагог бойына тән мінез-құлықтарды көрсете білуге жетелеу.
Міндеттері:
- ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру;
- сергек қимыл, ширақ ой, сезімтал жүрекпен өз кәсіптеріне, өзіне деген қызығушылықтарын одан әрі жандандыру;
- жеке тұлғалық қасиеттерін ашу.
Жоспары:

  1. Шаттық шеңбері.

  2. «Өзіме және көршіме» жаттығуы

3. «Өз керегінді тап» жаттығуы.
4. Шар жаттығуы
5. Зейінді дамыту ойыны.
6. «Лентамен » жаттығуы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Ұлағатты ұстаз ең алдымен, шәкіртіне өнерді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін ұшқырлап, білімін дамытады. Балалық өмірдің ең бір қызықты кезеңдері балабақшада өтеді. Сол балабақшаның тұлғасы – тәрбиеші, педагог ұстаз.
Тренингімізді шаттық шеңберімен бастаймыз. Ортаға педагогтарды шақырамын.
· Қазақ, орыс, ағылшын, америкалықтар кездескенде бір-бірінің қолын алып амандасады.
· Италияда – бір-бірімен құшақтасады.
· Бразилияда – бір-бірінің иығынан қағады.
· Македонияда – адамдар шынтақтарымен амандасады.
· Никарагуада – иықтарымен.
· Қытайлықтар бұрын кездескенде өздерінің қолын қысатын.
· Қазіргі гректер бір-бірін «Аман бол!» деген сөзбен қарсы алады.
· Австралиядағы аборигендер үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, бір-бірін жамбасымен итереді.


«Өзіме және көршіме» жаттығуы
Ортаға шеңбер құрылып тұрады.Қолдарына сұрақ жазылған қағаз беріледі.Соны өзіме және көршіме деп беру арқылы қолына келген сұраққа жауап береді.


«Өз керегінді тап» жаттығуы. Ортаға екі мұғалім шығарылып қолдарына үлкен, бос сөмке ұстатылып, көздері орамалмен байланады. Осыдан кейін ортаға үстел қойылып, үстіне сөмкеге сиятын әр түрлі заттар қойылады.
Қажетті құралдар: кітап, қалам, қарындаш, тарақ, кілт,қол айна, папкалар, журналдар, орамал, қайшы, доп, әмиян, кесе, қасық, көзілдірік, газет, майлық, телефон, пакет, кәмпиттер, қуаттандырғыш, ойыншық, опа-далап, крем, туфли, қағаз, шұлық т.б.
Нұсқау: жұмысқа асығып бара жатқан мұғалім осы заттардың ішінен жұмысына қажетті заттарды тез арада тауып, жинақтап алуы керек.
Берілетін уақыт: 3 минут.
Жаттығуды қорытындылау: берілген уақыт аяқталған соң ойынға қатысушылардың сөмкесіндегі жинаған заттарды ортаға қайта шығарылып саналады, кім қажетті заттарын дұрыс таңдап, көп жинаса сол адам жеңімпаз болады.


Шар жаттығуы
Ортаға екі педагог шығады.Шарды лақтыра отырып, оны түсірмей мына жерде тұрған карточкалардағы суреттердің жұбын тез табады.Кім көп тапса, сол жеңімпаз болады.


Зейінді дамыту
Ортаға екі тәрбиеші шығады.Қолдарына екі стакан беріледі.Столда түрлі түсті заттар жатады, айтылған түстерді тауып басу қажет.


Лентамен жаттығу
Шеңберге тұрып,қолдарына лента беріледі.Бірінші барлығы лентаны лақтырып бір рет шапалақтап ұстап алады.Одан кейін лақтырып екі рет шапалақтап ұстап алады.Және үшінші лентаны лақтырып айналып келіп ұстап алады.


Қорытынды.Бүгінгі тренингке келіп қатысып атсалысқандарыңызға рақмет.Әрқашан жұмыстарыңызға сәттілік, абырой тілеймін.Шәкірттеріңіз сіздерді қуантып биік белестерден көрінсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет