Менің мектептегі алғашқы күнім



Дата30.08.2022
өлшемі21,22 Kb.
#148362

Күні

1.09.2019

Тақырыбы

Менің мектептегі алғашқы күнім

Мақсаты

Мектеп, білім, алғашқы қоңырау ұғымдарының мағынасын түсіндіру. Білім алудың қажеттілігін ұғынуларына жағдай туғызу. Бір - бірімен, сыныппен, мұғаліммен таныстыру.
Көрнекілігі: Әріптер жазылған гүлдер, тақтаға ілінген сөздер:«Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір - шырағы», «Мектеп - кеме, білім - теңіз», «Мектебің мынау - класың, Осында он жыл тұрасың, Тарыдай боп кіресің, Таудай болып шығасың!». Сынып іші шарлармен, гүлдермен безендірілген.

Қолданылатын ресурстар

Интернет ресурстары, топ ережесі

Көрнекі құрал- жабдықтар

Стикерлер, түрлі- түсті маркерлер, қаламдар, суреттер,

Сабақтың өту барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Тыңдаушының іс-әрекеті




- Мектеп табалдырығын аттаған кішкентай ғана бүлдіршіндерім. Қадамдарыңа гүл бітсін.
Білім әлеміне қош келдіңіздер.
Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың.
Міне осы сыныпта сендер 4 жыл бойы білім мен тәрбие аласыңдар.
Ал енді Білім күніне арналған алғашқы сабағымызды бастайық.




Психолгиялық жағымды ахуал қалыптастыру

« Көршіге – комплимент» айту

  • Әрбір оқушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді .

Сыныпта жағымды психолгиялық ахуал қалыптастыру




Тақтада әріптер жазылған гүлдер ілінген және үстелде ақылды,
ажарлы,
арманшыл,
адал,
білімді,
көңілді,
намысшыл,
жайдары,
тәртіпті,
рақымшыл,
дарынды ,
лалагүл
інжу маржан
нұрланып тұр
салауатты
дана
жұлдыздар
перизат ханшайымы
бұлбұл орман құсы
деп жазылған қағаздар дайындалған.
- Кімнің аты А әрпінен басталады?

Тақтаға Айару шығып өзінің әрпі жазылған гүлді және осы әріптен басталған сөзді таңдап алады да тақта алдында осы әріп пен сөзді алдына ұстап тұрады. Сонда
А яғни Айару - ақылды
Осылайша барлық балалар тақтаға шығып тұрғанша жалғасады. Мұғалім тағы бір рет дауыстап әрқайсысы жайлы оқып береді.
Айару - ақылды,
Аружан - ажарлы,
Асылгерей - арманшыл,
Абылай - адал,
Бекзада - білімді,
Кәусар - көңілді, -
Нұрбол - намысшыл,
Жақсылық - жайдары,
Темірлан - тәртіпті,
Расулла - рақымшыл,
Дидар - дарынды.
Лаззат- лалагулдей
Нұрайым- нұрланып тұр
Інжу- інжу маржан
Сауран-салауатты
Бұлбұл- бұлбұл орман құсы
Дияс- дана
Перизат- перизат ханшайымы
Жұлдыз – жұлдыздар




- Аленді сабағымызға көшелік.
- Балалар біздің еліміз қалай аталады?
- Қазақстан.
- Мына суреттер бойынша кім әңгімелеп бере алады?
( елтаңба, ту, Елорда туралы балалар білетіндерін айтады, мұғалім толықтырады.)
- Өте жақсы.

Әр топқа сұрақ - жауап береді ?

  • Не үшін Конституция қажет ?

  • Не үшін оқу қажет ?

  • Не үшін Отанды қорғап, құрметтеу керек ?

  • Не үшін табиғатты қорғау керек?





 Осындай тәуелсіз еліміздің сендер сияқты талай бүлдіршіндері бүгін мектеп партасына отырып оқушы атанды.
- Ал сендер мектепке не үшін келдіңдер?

- білім алу үшін, жазу үшін, оқып үйренуге, сурет салуды үйренуге т. б.

Миға шабуылы

Ал енді біз жұмбақ шешейік

Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)

Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (Дәптер)

Кiшкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су iшiп құныққан. (Сиясауыт)

Қысқа таяқ дiңi бар,
Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар. (Қарындаш)

Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде. (Қаламсап)

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

« Қаздар сабағы» немесе
« Арманға мақсатқа жету» Әркім өз арманын жазады .
Болашақта өздеріңізді қалай елестетесіздер ?

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

Қорытындылау

  • Балалар біз сіздермен ойлана отырып ойлауды және топ бойынша топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтаса жұмыс жасадық.

Кері байланыс .

  1. Сабақ бойынша қандай сұрақтар бар ?

  2. Сабақ сен үшін қызық өтті ме ?

  3. Жаңа тақырып бойынша өзіңе керекті мәлімет алдың ба ?

  4. Бүгінгі алғашқы сабақтан үйренгендеріңіз болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба ?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет