«Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалауӘдебиеттік оқу
Сынып 4 « »
Күні
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Орындау уақыты 20 минут
І нұсқа 1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Кестедегі сұрақтарға жауап бер. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол жер көлемі жағынан дүниежүзінде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орын алады. Қазақстан жері батысындағы Каспий маңы ойпатынан шығысындағы Алтай тауларына дейін, солтүстігі Батыс Сібірг, оңтүстігі Тянь- Шань тауларына дейін созылып жатыр. Жерінің кеңдігі соншалық оңтүстігі мен солтүстігінің табиғаты да бір-біріне ұқсамайды. Оңтүстігінде жемістер гүлдеп жатқанда, солтүстігінде әлі қар жатады.
Қазақстанның табиғаты өте әдемі. Жері пайдалы қазбаларға бай.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздігін 1991 жылы алды. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі тойланады. Қазақстанның өз рәміздері бар. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Мұнда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Олар тату-тәтті ғұмыр кешуде. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Біз отанымызды мақтан етеміз.