«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау Әдебиеттік оқу
Сынып 4 « »
Күні
Оқушының аты-жөні ___________________________________________
Орындау уақыты 20 минут
ІІ нұсқа 1-тапсырма a) Мәтінді мұқият тыңда. Кестедегі сұрақтарға жауап бер. Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар тіршілік етеді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс
Сұрақтар
Жауаптар
Қазақстанның табиғаты қандай?
Ата-бабаларымыз дың ерлігі қандай?
(2)
Мәтін бойынша бір сұрақ құрастырып жаз. Жауабын жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ (1)