«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар»


Оқылым 3- тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында



бет10/47
Дата01.12.2023
өлшемі2,77 Mb.
#194378
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
ББЖ,ТЖБ Әдебиет 4 сынып

Оқылым 3- тапсырма Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Біреудің ерке ұлы болыпты, өзі жалқау екен. Әкесі оны бағып-қағып, асырапты. Ақыры кәрілік жеңіп, сырқаты күшейген әке әйеліне айтыпты:
-Ұлыма ештеңе қалдырмаймын. Ол – жалқау. Барды ұқсату, табыс табу бұның қолынан келмейді.
Жаны ашыған анасы ұлына он сомдық алтын береді: «Мынаны еңбегіме алған едім», - деп, әкеңе алтынды сыйлағайсың.
Кешке алтынды әкесіне ұсынады. Алтынды шал лаулап жанып жатқан пешке лақтырып жіберіп:
-Бұл сенің еңбекпен тапқан ақшаң емес, - депті.
Қулықтан ештеңе шықпайтынын білген анасы:
-Біз әкеңді алдай алмайтын көрінеміз, балам. Онан да ақшаны жұмыс істеп тап, - деп ақыл айтыпты.
Бала үйінен кетіп, апта бойы жұмыс істейді. Тапқан тиынын әкесіне әкеп береді. Қария алтынды тағы да отқа лақтырып жібереді. Бұған ұлы шыдай алмай, жалаңаш қолымен ақшаны суырып алады да:
-Әке! Мен бұл тиынды апта бойы шаршап-шалдығып жүріп таптым. Мұныңыз қалай? – деп айқай салыпты.
Әкесі тұрып:
-Бұл ақшаны өз еңбегіңмен тапқан екенсің, балам. Көзім енді жетті, - депті ұлына


1) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мақал -мәтелді анықтап, белгіле (+).

2) Мәтінге тақырып қой


_____________________________________________________________________________
3) Анасы ұлына не деп тапсырады? _____________________________________________________________________________
4) Төртінші абзацтағы «жалаңаш қолымен» деген сөз тіркесі қандай мағынаны білдіреді? Жаз
__________________________________________________________________
5) Мәтін бойынша кейіпкердің мінез-құлқын немесе іс-әрекетін бағалайтын сұрақ құрастыр және жауап бер.
Сұрақ: _____________________________________________________________________________ Жауап:_______________________________________________________________________
[6]
Жазылым 4-тапсырма Оқылымға берілген мәтінге жаңа кейіпкер немесе оқиға қосып, мәтінді аяқтап жаз. __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Сөйлеу әрекеті

Сөйлеу әрекеті

Сөйлеу әрекеті

Сөйлеу әрекеті

Тыңдалы және айтыл ым



Білім алушының ықтимал жауабы: Мәтіннің кейіпкері сұхбаттасына өз елінің атақты тұлғалары, халқының ерекшелігі, мемлекеті туралы мақтанышпен әңгімелеп береді. Себебі мәтіннің бастапқы бөлімінде кейіпкердің өз елінің табиғатын сипаттаған тұстары берілген, оның сөзінен еліне деген мақтаныш сезімі байқалады.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауап қабылданады. Тақырыпқа сәйкес болжам жасайды.

1


Өз болжамына дәлелді пікір айтады.

Білім алушының ықтимал жауабы: Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Жерінің үлкендігі жағынан дүниежүзінде 9-орында. Жері шежірелі, кеңбайтақ. Жан-жануарлар мен өсімдіктерге өте бай. Елімізде дүние жүзіне танымал адамдар өте көп. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Елімізде әр ұлт өкілдеріне өмір сүру үшін жан-жақты жағдай жасалған. Барлық ұлт өкілдері өздерінің салтдәстүрін, ұлттық тілін, дінін, киімдерін сақтап қалған.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады.

1

Оқиғаның бірізділігін сақтай отырып, тыңдалған мәтінмен жүйелі байланыстырады.

1

Ойын жүйелі, еркін жеткізеді.

1



Суреттерге/ иллюстрация ларға сәйкес мәліметтерді қамтиды.

Барлығы

6




[6]
Балл қою кестесі


Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Оқылым

Жақсылық еккен алғыс орады

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.



Қолғабыс/Көрші әжейге көмектесу/Бата алу/...

1

Көрші әжейдің айтқан жылы сөздері көңілін өсірді/ Өзінің әжейге көмекші бола алғанына қуанды/...

1

Қуанды/қуанышқа бөленді

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады

Сен кейіпкер туралы қандай ойдасың?/ Нұргүл қандай бала?/ Кейіпкердің іс-әрекеті саған қандай сезім туғызды?/...

1

Мәтіннің кейіпкері өте адал, еңбекқор, үлкенді сыйлайтын бала/ Нұргүл өзінің шаршағанына, жасының кішілігіне қарамастан әжейге көмектесіп, оның айтқан жылы сөздеріне қуанып жүрді.

1

Барлығы

6




Балл қою кестесі

Балл қою кестесі



Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Жазылым


Білім алушының ықтимал жауабы: Үйіне қуаныштан жүзі бал- бұл жанып жеткен Нұргүлді анасы мен кішкентай бауырлары қарсы алды. Нұргүл қолындағы тостақ толы жидені анасына ұсынды. Бауырлары піскен жидені таласа жеп, мәз -мейрам. Нұргүл болса көрші әжейге жиде теруге көмектескенін, ол кісінің бата бергенін айтып тауыса алмай жатыр. Анасы қызына мейірлене қарап, басынан сипады.

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы мәтін қабылданады. Мәтінге жаңа оқиғалар/ кейіпкерлер қосып, жетілдіріп жазады.

1

Оқиғаның бірізділігін сақтай отырып, берілген мәтінмен жүйелі
байланыстырады.
Ойын еркін, әсерлі етіп толық жеткізеді.

1

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Орфографиялық және пунктуациялық қателер жібермейді

Грамматикалық нормаларды сақтайды.



1

Барлығы

6







«Мәдени Мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау


Пәні Әдебиеттік оқу Сыныбы 4 « »
Күні ________________
Оқушының аты –жөні___________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет