«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар»


Оқылым 2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында



бет28/47
Дата11.01.2023
өлшемі1,98 Mb.
#165297
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47
Байланысты:
«Ìåí³? Îòàíûì – ?àçà?ñòàí» îðòà? òà?ûðûáû áîéûíøà æèûíòû? áà?àëà

Оқылым
2-тапсырма Өлеңді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.


Табиғат, таң қаламын тамашаңа,
Өзіңсің жасыл қорған барша адамға.
Саяңда ләззат алып демаламын,
Қамқор боп жүрем саған әрқашанда.
Таза ауа, жасыл шалғын көмкерілген,
Айдын көл – күміс табақ төңкерілген.
Кең дала, жасыл жайлау – мақтанышым,
Көкжиектен күлімдеп күн көрінген.
Сұлу Сыр сылаңдайды сылдыр қағып,
Жарқырап ақ күмістей сулары ағып.

Тұнған бір айналасы жеміс-жидек,
Көргендер сүйсінеді таңдай қағып.
Бой түзеп жайқалады қара ағашың,
Алқызыл алма таққан алма ағашың.
Жүзімнің шәрбат дәмі бал шырындай,
Аралаймын тоймай бір бақ арасын.
Адамзат, аялайық табиғатты,
Болмайық табиғатқа аса қатты.
Адамның адамдығы біле білсек,
Табиғат тазалығы, міне, нақты!



  1. Өлеңнен негізгі ойды білдіретін жолдарды тауып, көшіріп жаз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2) Өлеңге ат қой ___________________________________________________________________
3) Өлеңдегі қарамен берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз.


Теңеу сөздер

Эпитеттер







Жазылым
3-тапсырма Оқылымға берілген өлеңдегі көркем сөздерді қолданып, «Табиғат және адам» тақырыбына шағын мәтін құрап жаз. Берілген жоспарды қолдан.
Жоспар:
1) Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі
2) Табиғат тіршілік көзі
3) Табиғатты қорғау - әр адамның парызы

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Балл қою кестесі



Сөйлеу әрекеті

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым және айтылым.

Білім алушының ықтимал жауабы: Себебі олар жаңа жауған қармен ойнағысы келді/ Ата аналарынан рұқсат алып, сыртқа шығу үшін/

1

Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сұрақтар мен жауаптар қабылданады

Ықтимал сұрақтар: Балалар неге терезенің алдында отыр?/ Жәмила қар ұлпасын неге теңеді? /Олар атааналарын қанша уақыт күтті? Балалар неліктен далаға шығуға асықты?/...

1

Ықтимал жауаптар: Олар сыртта жауып тұрған қарды бақылап отыр./ Қаздың ақ мамығына ұқсатты/ Жарты сағаттай уақыт күтті/ Жаңа жауған қармен ойнау үшін/...

1

Білім алушының ықтимал жауабы:
Алғашқы қар жауды. Айнала ақ мамыққа оранды. Інім екеуіміз есік алдында ойнап жүргенбіз. Күн суыта бастаған соң үйге кірдік. Терезеден жауып тұрған қарды бақылап отырдық. – Әпке, қарашы, аспанда қар қандай көп! Тоқтамай жерге түсіп жатыр, – деді інім. –Иә, қар ұлпалары қаздың мамығына ұқсайды екен, – дедім мен.

1

Мәтіннің жоспарға сәйкес бөлігін баяндайды

1

І жақта баяндау тәсілін сақтайды.

1

Сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

Оқылым

Адамзат, аялайық табиғатты,
Болмайық табиғатқа аса қатты.

1




Табиғатты аялайық/Табиғатқа қорған бол/ Табиғатым –мақтанышым

1

Баламалы тақырыптар қабылданады

Теңеу сөздер:
ақ күмістей
бал шырындай

1
1




Эпитеттер:
Айдын көл
Күміс табақ

1
1




Жазылым

Білім алушының ықтимал жауабы:
Табиғат пен адам – егіз ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат – сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік. Табиғат тіршіліктің құт-берекесі. Өйткені адамның бар өмірі табиғатпен байланысты. Сондықтан да табиғатты қорғау әр адамның міндеті. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек"деп бекер айтылмаған.

1

Баламалы мәтін қабылданады. Тақырыпқа сәйкес мәтін құрап жазады.

1

Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

1

Көркем сөздерді орынды қолданады.

1

Ойын еркін, жүйелі жеткізеді

1

Сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды.

1

Орфографиялық және пунктуациялық қателер жібермейді.

Барлығы




18






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет