«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау «Құндылықтар»


«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау



бет34/47
Дата11.01.2023
өлшемі1,98 Mb.
#165297
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Байланысты:
«Ìåí³? Îòàíûì – ?àçà?ñòàí» îðòà? òà?ûðûáû áîéûíøà æèûíòû? áà?àëà

«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Пәні Әдебиеттік оқу
Сыныбы 4 «»
Күні ____________
Оқушының аты – жөні ________________________________________________________
ІІ нұсқа
1 – тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ғарышты бағындырған қа­зақтың үш алыбы
Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды.
Олар – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Адамзат ғарыш кеңістігін бағындырғаннан соң 30 жылдан кейін, яғни, 1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді. Бұл – халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров еді. Бұдан кейін де қазақтың қайсар ұлдарына ғарышты бағындыру бұйырды. Ашық ғарышқа 8 рет шыққан келесі қазақ баласы – Талғат Мұсабаев. Ол – ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында ғарышқа ұшуға тағы бір қазақ баласының жолы түсті. Адамзат ғарышты бағындырған 1961 жылдан 11 жыл кейін дүниеге келген Айдын Айымбетов – Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.
Осылайша, қазақ даласында бой көтерген дүниежүзіндегі ең көлемді ғарыш айлағы – Байқоңырдан бүгінге дейін қазақтың үш азаматы ғарыш кеңістігіне сәтті сапар жасап қайтты. Бұл – біздің елдің, халықтың, ұлттың жетістігі.
а) Сұрақтарға жауап жаз.
1) Ғарышқа сегіз рет ұшқан қазақ ғарышкері кім? Талғат Мұсабаев
2)Қайғарышкер Халық қаһарманы атағын алды ? Тоқтар Әубәкіров, Айдын Айымбетов
b) Тыңдалған мәтінді І жақта жағдаяттар және оқиғалар қосып, өрбітіп, әңгімеле.(Ауызша)
2 – тапсырма Мәтін мазмұнынан қазақ ғарышкерлері туралы сәйкес ақпараттарды жаз.

1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді. Бұл – халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров еді.



Ашық ғарышқа 8 рет шыққан келесі қазақ баласы – Талғат Мұсабаев. Ол – ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты





Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында ғарышқа ұшуға тағы бір қазақ баласының жолы түсті. Адамзат ғарышты бағындырған 1961 жылдан 11 жыл кейін дүниеге келген Айдын Айымбетов – Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет