Менің Отаным- Қазақстан



Дата30.03.2018
өлшемі30,03 Kb.
#39846
«Қатынас» білім беру саласы

Қазақ тілі ұйымдастырылған мектепалды тобына арналған оқу іс- әрекеттерінің технологиялық картасы

Күні :

Тақырыбы-Тема: Менің Отаным- Қазақстан.

Мақсаты-Цель: 1. Балалардың танымдық тағылымын кеңейту.

2. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру.

Сөздік қорларын молайту.

3. Отанына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Биллингвалды компонент : Отан, елтаңба, ту, әнұран, көбайрақ, рәміздер, елбасшымыз, егеменді, тәуелсіз мемлекет.


Әрекеттердің кезеңдері

Қазақ тілі мұғалімінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Ұйымдасты-рушылық –

оятушылық

Ұйымдастырушылық кезең

«Бала,бала , балапан» атты шеңбер ұйымдастыру.

Балалар келіңдер біраз ойнап алайық.

Д/о: «Сұрақ- жауап»

1. Сенің атың кім?

2. Сен неше жастасың?

3. Сенің тегің қалай?

4.Сен қай балалар орталығына барасың?

5. Сенің ойыншықтарың бар ма?



Балалар шеңберге тұрады.

Таңғы шеңберге арналған тақпақты қимыл –қозғалыспен орындайды.

Қойылған сұрақтарға қазақ тілінде дұрыс, нақты жауап береді.




Ұйымдасты-рушылық –

ізденушілік

Отан туралы слайд шоу көрсету.
Дыбыстық жаттығулар

-нің-нің-нің –менің

-ым-ым-ым - Отаным

-қа-қа-қа-қалам

-ым-ым-ым-ауылым

өте бай

«Ө» дыбысының айтылуын жаттықтыру.


Отан, елтаңба, ту, әнұран, көбайрақ, Рәміздер, елбасшымыз, егеменді, тәуелсіз мемлекет.
4. Әңгіме жүргізу « Менің алғашқы кітабым» бойынша.

Әрбір адамның өз Отаны болады.Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан өте бай, кең байтақ.Мен Отанымды сүйемін.

Суреттер жинағымен жұмыс. Отанымыздың мақтан тұтарлық жерлерін көрсету.


Балалар суреттерге қызыға қарайды.
Балалар жаңа сөздерді қайталайды.

1)жеке-жеке

2)ұжыммен

3) жұппен

4)Ақырын

Жаңа сөздерді суреттерімен атап көрсету.


Балалар әңгімені ұйып тыңдайды.

Рефлекстік- түзету

Дыбыстық жаттығулар:

жаңа сөздермен, ы, қ дыбыстарына.

-қа-қа-қа

Бақылдайды бақа.

-ыз-ыз-ыз

Анар сүйкімді қыз.



Тіл дамыту.

Менің Отаным-Қазақстан

Мен Отанымды сүйемін.
Ойын ойнайық

«Кімнің үйі?»


Сергіту сәті:

Жаңбыр жауды

Жаңбыр қатты жауды

Найзағай жарқ етті

Күн ашылды
6.. Дид. Ойын: «Ғажайып қапшық»

Балалар біз тақпақ жаттайық:

Отан оттан да ыстық.

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер,

Отан –ана, Отан пана,

Қазақстан туған ел.





Дыбыстық

жаттығуларды

тыңдап, мұғаліммен

дұрыс айтуды үйренеді

Балалар ойынға белсене араласады.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыспен жасап айтады.


Тақпақты қайталап, менің көмегіммен жаттайды, қимыл –қозғалыспен айтады..






Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Отан жайлы білу керек. білу керек. Тақпақты жатқа айту керек. Қазақша қойылған сұрақтарға жауап беру керек.
Біледі: Рәміздерді біледі. Сергіту сәтін біледі. Өздеріне таныс сұрақтарға жауап бере алады.
Үйрету керек: Қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға, сұрақтарға жауап бере алуға үйрету керек.
Технологиялық картаны толтырған қазақ тілі мұғалімі: Абильтаева В.С

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет