ІІ. Жерін самал, ескен майда,
Толқындаған егін жайда.
Далам менің, анам менің,
Туған елім – Қазақстан! 2рет.
ІІІ. Күн елісің, гүлімдеген,
Гүл елісің, гүлі берен,
Мейірманды ізгі жанды,
Туған жерім – Қазақстан! 2рет.
Осы кезде ортаға саяхатшы кіріп келеді. Саяхатшы:- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Жүргізуші: - Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Саяхатшы: - Мен ел аралап жүрген саяхатшымын . Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Жүргізуші: - Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика ұлттық мекреке күніне арналған ертеңгілік өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Саяхатшы:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар: - Қазақстан Республикасы.
Саяхатшы: - Президенттерің кім?
Балалар: - Қасым-Жомарт Тоқаев.
Саяхатшы: -Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: - Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,
Мағыналы ән ұранымыз бар,
Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.
Саяхатшы: - Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Жүргізуші: -Біздің балалар тақпақтар арқылы айтып дәлелдиді.