Ораз бен Асқар есік алдында ойнап жүр. Екеуі допты әрі-бері тепті. Біраздан кейін ашық тұрған қораның есігін қақпа етіп алды. Енді допты соған дәлдеп ұрды.
Қатты тебілген доп қораның ішіне кіріп кетті. Ораз добын іздей бастады. Қараңғыда допты әрең тауып алды. Сыртқа шыға бергенде бұрышта тұрған шелекті қағып кетті. Ішіндегі сүт төгіліп қалды.
Ораз не істерін білмей тұрып қалды.
- Қорықпа, сүтті
мысық төгіп кетіпті дейміз, - деді Асқар.
- Жоқ. Мен өтірік айтпаймын.
Байқаусызда төгіп алдым деймін, - деді Ораз.
А) Ойыннан өрт шығады.