1 . Менің отбасым
Менің отбасымда .... адам бар. Олар: әкем, анам, атам ,сіңлім,інім және мен.
Сіңлім екінші сыныпта оқиды,інімнің жасы төртте ,ол балабақшаға барады.Ал ағам - студент ,болашақта заңгер болады, жасы он сегізде. Әке-шешем - мұғалімдер. Мен оқушымын. Біздің отбасымыз өте тату тұрады. Атам мен әжем - зейнеткерлер.
Қазақ отбасының әрбір мүшесінің орны бөлек. Біздің отбсымызда ата-ананың орны ерекше: ақ жүрек әке-күншуақ, ақ жүрек ана-ақбұлақ. Әкем-асқар тауым. Ананың алдында асқар тау да аласа. Әже – ақ жаулықты ,мейірімді жан. Ол-жанұя бірлігін сақтаушы, балалардың тәрбиешісі.
Мен өз отбасымды жақсы көремін.
Сөздік:
Сіңлі-сестренка
Балабақша-детский сад
Жасы он сегізде-ему 18 лет
Зейнеткер-пенсионер
Асқар тау –высокая гора
Тәрбиеші-воспитатель
Аласа-низко
Орын -место
Есте сақта!
Ата-әкенің әкесі
Арғы ата-атаның әкесі.
Жеті ата-сегізінші атаға дейінгі аталар.
Нағашы ата-шешенің әкесі.
Әже-әкенің шешесі, үлкен әже.
Нағашы әже-шешенің шешесі.
Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке,шеше,аға,апа,әпке,тәте,іні,қарындас,сіңлі,баба,ата,әже,немере,шөбере,немене, жекжат, туажат.
Мәтін бойынша тапсырмалар:
1.Жаңа сөздерді мәтіннен тауып оқыңдар.
2.Мына сөздерге синоним тап. Мұғалім,әке-шешем,отбасы,үнемі.
3.Жағдаят құрастыр. «Біздің әулет»тақырыбындағы баласы мен әкесі арасындағы сұхбат.
Баласы:-Әке, бүгін бізге қазақ тілі пәнінен үй жұмысына «Өз отбасыларың»жайлы жазып келуге тапсырма берілді.
Әкесі:Өте қызықты тапсырма екен.Менің қандай көмегім керек?
Баласы:Мен біздің әулеттің шын тегін білмеймін ғой.
Әкесі:....
4 .Отбасы тақырыбында бірнеше мақал-мәтел жаз.
5.Өз әулетің туралы шағын әңгіме жаз.
6.Мына мәліметтерді суреттермен сәйкестендір:
1. Менің атым-Мирас. Мен М. Жұмабаев
атындағы гуманитарлық колледж
жанындағы мектеп-лицейінің 6- сыны-
бында оқимын. Мен өскенде әнші болуды
армандаймын. .
2.
Менің атым-Гаухар. Мен Петропавл қа-
ласының №9 мектебінде жұмыс істеймін.
Мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінен
сабақ беремін.
3. Менің атым –Алима. Мен М. Қозыбаев
атындағы СҚМУ-дың экономика фа-
культетінің 3 курс студентімін. Менің
мамандығым банк ісі және аудит.
4.
Менің атым –Жаслан. Мен гуманитар-
лық колледжде “ақпараттық жүйелер”
мамандығында оқимын. Бітіргеннен
кейін өз мамандығым бойынша жоға-
ры оқу орнына түспекшімін.
Достарыңызбен бөлісу: |