«Менің педагогикалық ұстанымым» Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған


Ал, мен – заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін



бет2/2
Дата21.07.2020
өлшемі50,5 Kb.
#63471
1   2
Ал, мен – заман ағысысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып, қалыптасып келе жатқан қатардағы мұғаліммін.

Оқушыларға сапалы білім беру жолында оқыту әдісін жетілдіру – әр мұғалімнің басты міндетінің бірі. Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мен ақыл-ойының дамуы өтілген сабақтың сапасына байланысты.

Қазақ тілі пәні оқушыларға білім берумен қатар олардың алған білімін есте сақтау, ойлау қабілетін, тіл байлықтарын, сөздік қорын арттырып, ой-өрістерін кеңейтіп, зеректік, іскерлік және бақылағыштық қасиеттерін жетілдіреді.

Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын жасау құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасау үшін, алдымен сөзді, онан соң сөйлем құрай алу шарт, тілді үйренудің негізгі мақсаты – өзара сөйлесе, пікірлесе білуге үйрену.

Қазақ тілін оқытудағы жалпы мақсат - оқушыларға ана тіліміздің ғасырлар бойы сұрыпталып келген көркемдігі мен әсем өрнегін, лексикалық байлығын таныту, қазақ тілінің қуатын, құдіретін, шешендігін жас ұрпақ бойына дарыту, ана тілімізді қуатты әдеби тіл қатарынан түсірмей, мемлекетгік тіл мәртебесіне көтеру.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім болып істеп келе жатқаныма 9 жылдан асып барады. Пән бойынша өзекті тақырыбым «Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану». Сабақта оқытудың әр түрлі әдіс – тәсілдерін пайдаланамын. М.М.Жанпейісованың модульдік технологиясын және ақпараттық – компьютерлік технологияларды, сын тұрғысынан ойлау технологиясын, қолданудамын. Сабақта оқушы білімін жекелей, топпен тексеру әдістерін пайдаланамын. Нашар оқитын оқушылармен жеке дидактикалық тапсырмалармен жұмыс істеймін.

Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек? Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет. Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.

Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс.

Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.

Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.

Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжірибемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзентілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.

Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор.Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту;
Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру;

Деңгеймен оқытудың ерекшелігі:


1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Орыс сыныптарында қазақ тілін үйретуде іскерлік, рөлдік ойын түрлерін қолдану, диалог, монолог, сұхбат, сұрақ – жауап, көрініс қою, тақпақ оқу, ән айту, мәнерлеп оқу, жұмбақ , сөзжұмбақ шешу, пікір айту, пікірсайыс, тірек схемасын пайдаланып, жүйелі түрде әңгімелеу, т.б. әдіс-тәсілдерді сабақта пайдалану, оқушының басқа тілді үйрене алмаймын деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттыратынын өз іс–тәжірибемнен күнделікті жұмыс барысында байқаймын. Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:

Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;

Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;

Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;

Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.

Мұғалім болудағы басты мақсатым да өскелең ұрпақты өз тілін еркін меңгерген, өткен күннің тарихын тереңінен түсініп, бағалай білетін, тілін қадірлеп, сүйіп, қастерлеп қана қоймай, қазақ тілі арқылы әлемдік өркениетке өзіндік үлесін қосатын азамат тәрбиелеп шығару болды. Р.Эмерсон өз сөзінде: «Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімінде жатыр»,- деген болатын. Алдыңда отырған әр баланың ішкі жан-дүниесіне үңіле қарап, өз мақсатыңды жүзеге асыруға сенің тарапыңнан, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама, ойшыл Әл-Фараби айтқандай, «барынша ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».

Мұғалімдер қауымы бар мамандықтың анасы болып табылады. Жақсы ұстаздың да ең жақсы оқытушысы болады. Жер-жаһанның түгін қалдырмай зерттейтін ғалым да, өмір сақшысы дәрігер де, ел қорғайтын жауынгер де, ән шырқайтын әнші де, мың бұралған биші де, ел бастайтын басшы да сол ұстаздың алдынан шығады. Ұстаздық – әмбебап мамандық. Оқушы алдында жүріс-тұрысың, сөйлеу мәдениетің, киім киісің, қимыл-қозғалысың алақандағыдай анық өлшенеді. Сабағыңды түсіндіру үшін қарапайым адамдық болмысыңды ұмытып, күнделікті дәріскер формаңа әртістік өнерің мен ашық мінезіңді ұштастыруың керек. Ұстаздар құдды сахнасы жоқ әртістердей, өмір сахнасында ғана шебер ойнай білуі керек. Себебі, әр мұғалімге ортақ мақсат – жақсы шәкірт тәрбиелеу. Иә, расында да, «Жалғыз екенсің, артыңнан ерген ізбасарың жоқ екен, онда құның шамалы, шәкіртсіз ұстаз да бұтақсыз ағаш сияқты»,- деп Ы.Жақаев текке айтпаған. Біз кейінгі ұрпақты еңбектен қуаныш табуға үйретіп, ізгіліктің дәнін себуге қызмет етеміз.



Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келгенде, өз пәнім арқылы бала бойына ұлтжандылық пен патриоттық сезімді ұялатып, өміріне рухани азық болатын халық мәдениетімен сусындатуым керек. Тіл арқылы баланың адамдық тұлғасын қалыптастырып, санасына сәуле қондырып, жүрегіне жол табу – менің азаматтық парызым.

Халқымызда «Жас келсе-іске» деген керемет сөзі бар. Демек мен бойымдағы жастық жігерімді, күш қуатымды,жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет