Менің Сараға айтар ұсынысым сабаққа уақытылы кіріп,сабағын уақытында өткізсе жәнеде сабақ өткізу кезінде оқушылармен жұмыс жүргізу барысында өзіне сенімді болса



Дата23.01.2022
өлшемі14,96 Kb.
#113628
түріДиплом
Байланысты:
Мінездеме Демеу.С


№1 Алматы қазақ мемлектеттік гуманитарлық педагогтік колледжі-нің 42 “Б”топ білім алушысы Демеу Сараға

Мінездеме

Демеу Сара 18.01.2021 – 27.02.2021жж аралығында “Диплом алды практика” атты практикадан өтті. Практикадан өту барсында өзіне берілген тапсырмаларды уақытынан кешіктіріп орындады. Практика басталған күннен Сараға 2 сынып бойынша қысқа мерзімді жоспар құру тапсырмасы берілді. Сара 2 сыныпқа арналған әр пән бойынша қысқа мерзімді жоспар құрастырып әр аптаның соңында жинақтап өткізді барлық пәннен.

13.02.2021 күні Жаратылыстану пәні бойынша “Уақытты қалай өлшейміз” тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы сабақ өткізді. Сабақ өткізу барысын да сабақ мақсатын толық таныстырып өтті.Сабақты қызықты өткізе білді.Сабақты бастамасы бұрын оқушыларға тақырыпқа байланысты қызықты видеоролик көрсетті,уақытты немен және де қалай өлшейтіні жайлы айтып түсіндіре білді, сабақ ортасында оқушыларме сергіту сәтін өткізді, сабақ соңында оқушылармен өтілген тақырып бойынша “Бүгінгі сабақ бойынша өзіңді бағала” атты кері байланыс жасалды. Оқушылармен ара-қатынасы жақсы деңгейде болды,оқушыларға тапсырма беріліп отырды сабақ үстінде берілді.Сабағы жақсы өтті

14.02.2021 күні Қазақ тілі пәні бойынша “Синоним дегеніміз не” тақырыбында ZOOM бағдарламасы арқылы сабақ өткізді. Сабақ өткізу бары-сында сабақ мақсатын түсіндірді.Сабақты жұмбақ шешумен бастады.Тақырыпты түсіндірмес бұрын сабақты видеоролик көрсету арқылы сабақтың басын ашып, түсіндірме жүргізілді.Сабақ барысында қызықты тапсырмалар болды,бірақ сабақ өткізу барысында оқушылармен тапсырма орындау кезінде өзіне сенімсіз болды. Тапсырмалар орындау кезінде арнайы әдіс – тәсілдер қолданылды. Сабақ ортасында сергіту сәті жүргізілді және сабақ соңында кері байланыс орнытылды. Оқушылармен бірге жұмыс істеуі жақсы деңгейде болды.

Менің Сараға айтар ұсынысым сабаққа уақытылы кіріп ,сабағын уақытында өткізсе жәнеде сабақ өткізу кезінде оқушылармен жұмыс жүргізу барысында өзіне сенімді болса. Сабақ өткізу барысын да өзін ұстаз ретінде тағы біраз дамыту қажет. Сара жауапкершілікті кішкене сезіну керек.Сарада кішкене жалқаулық басымырақ және сол жалқаулықты жеңсе өте мықты педагог болатынына сенемін.



Колледж директоры: Мендгазиевна М.Т.

Практика жетекшісі: Кенжеева Г.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет